Жұма, 19 Сәуір 2024
2966 3 пікір 16 Қыркүйек, 2020 сағат 11:58

Жапонияның жаңа премьер-министрі – Ёсихидэ Суга

Жапонияның жаңа премьер-министрі – Ёсихидэ Суга болды. Оның кандидатурасын қолдап, Парламент өкілдері палатасының басым көп депутаттары дауыс берген.

БАҚ таратқан ақпараттарға сүйенсек, бүгін, 16 қыркүйекте Парламент өкілдерінің палатасы жиналып, жаңа премьер-министрді таңдаған. Ол бойынша жаңа премьер-министр – Ёсихидэ Суга болған. Сугудың кандидатурасын ұзын-ырғасы 314 депутат қолдаған. Ал сайлау кезінде барлығы 462 бюлетен таратылған. Енді Ёсихидэ Суга Үкімет құрамын жасақтайды.

Билік басындағы коалиция – Либералды-демократиялық партия мен Комэйто партияларына төменгі палатадағы 465 мандаттың 313-і тиесілі болған. Сондықтан, Ёсихидэ Суганың жеңісі болжау аса қыиындық тудырмаған.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ болған. Ол тамыз айының соңына таман өзінің денсаулық жағдайына байланысты отставкаға кететінін мәлімдеген. Ал 16 қыркүйек күні Жапония Үкіметі толық құрамда отставкаға кеткен.

Abai.kz

3 пікір