Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
3588 6 пікір 1 Тамыз, 2020 сағат 13:16

Қазақстанда коронавирусқа қарсы алғашқы вакцина салынды

Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық университеті жанындағы халықаралық вакциналогия орталығында коронавирусқа қарсы вакцинаны бірінші рет адамға салып көрді. Бұл туралы 24.kz хабарлады.

Екпені алған алғашқы қазақстандық - орталық директоры Қайсар Табынов.

Қайсар Табыновқа COVAX-19 атты препарат егілген. Вакцина Австралияда жасалған. Қазіргі таңда клиникалық сынақтың алғашқы сатысынан өтуде.

Айта кетейік, Қазақстанда COVID-19 инфекциясына қарсы вакцина Жамбыл облысы Қордай ауданындағы ғылыми-зерттеу институтында дайындалып жатыр.

Abai.kz

6 пікір