Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4837 0 пікір 30 Қараша, 2011 сағат 12:58

Алматыда адамдарды өлтіріп, арнайы жасақ жауынгерлерінің жарақаттаған ҰҚТ өкілдері жасырынған пәтерді шабуылдау Т600 мыңнан астам шығын келтірді

Алматы. 30 қараша. ҚазТАГ - 2011 жылы 4-ші сәуірде Алматыдағы ықшамаудандардың біріндегі ҰҚТ өкілдері жасырынған пәтерге ҚР ІІМ «Сұңқар» арнайы жасақ жасаған шабуылдан келген шығын Т600 мыңнан асады.

«Біз шығынды ең аз көрсеткішпен есептеп шықтық. Үлкен зал, ұйықтайтын бөлме, кіреберіс - Т603 мың. Ол асхана мен санитарлық торапты есептемегенде... Біз барлық жиһаздардың қалдықтарын шығарып тастадық», - деді сәрсенбі күні Алматы мамандандырылған ауданаралық сотта куәгер ретінде өтіп отырған пәтер иесі. Оның айтуынша, ҰҚТ өкілдерінің біріне пәтерін жалға тапсырған оны болған оқиға туралы келесі күні учаскеліп полицей хабардар еткен.

«Мен келгенде пәтер сұмдық күйде тұғын. Қабырғалары, төбесі, люстралар - барлығы қап-қара. Зал мен ұйықтайтын бөлмеде терезелері мүлдем жоқ... Кірер есік жоқ», - деді ол мемлекеттік айыптаушы Александр Кирияктың сауалдарына жауап беріп.

Сонымен қатар ол, заң бойынша құқығы бар болғанымен, шағымында көрсеткен шығын мөлшерін ұлғайту ниетінің жоқ екенін мәлім етті.

Ол пәтерді жалға алғандардың ішінде А. Ниязовпен ғана байланысқанын және жәй, әшейін, ол келген Mitsubishi Delica көлігінің номерін жазып алғанын сотта растады.

Мұның алдында хабарланғандай, дүйсенбі күні Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында (ҚІМАС) 2011 жылдың сәуірінде Алматыда пәтерді шабуылмен алу кезінде ҚР «Сұңқар» арнайы мақсаттағы бөлімшесінің жауынгерлерін жарақаттап, кісі өлтірген деп айыпталған ұйымдасқан қылмыстық топтың (ҰҚТ) мүшелеріне қатысты қылмыстық іс қарала бастады.

ҰҚТ-ның 4 мүшесінің екеуі - Қадыров пен Маметов сотқа тартылып жатыр, топтың қалған мүшелері Ишімбетов пен Ниязовқа (ұстау кезінде қаза тапқан - ҚазТАГ) қатысты іс олардың өліміне байланысты тоқтатылды.

Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, тергеу барысында қылмыстық істің фигуранттары Рузембай Ишімбетов, Қадыр Қадыров, Долкун Маметов және Абдулмансур Ниязовтардың ҰҚТ құруға, 5 кісіні өлтіруге, 2 кісіні өлтіруге қастандық жасауға, қару-жарақты заңсыз сақтауға және бопсалауға қатыстылығы дәлелденді.

Зардап шеккендердің арасында өлтіру мен бопсалау әрекеттері қолданылған 6 адам, қылмыскерлер тұрған пәтерді шабуылмен басып алу кезінде жараланған арнайы жасақтың 11 жауынгері бар, деп хабарлайды құқық қорғау органдары.

ҰҚТ мүшелері 2008 жылдың желтоқсанында Жетісу АІІБ учаскелік полиция пунктінің кабинетінде учаскелік инспектор Қасымовты өлтірген, 2009 жылдың ақпанында кәсіпкерді өлтірген, 18 ақпанда белгілі емші Александр Бодровты өлтірген, 2011 жылдың 30 наурызында «Қалқаман» ықшам ауданында екі кісіні өлтірген.

2011 жылдың 4 сәуірінде ІІМ-нің арнайы жасағы Алматының 3-ші ықшам ауданындағы пәтерді шабуылмен басып алу кезінде арнайы бөлімшенің 11 жауынгері жараланған.

ҰҚТ-ның 3 мүшесінің  ҰҚТ серкесі Р.Ишімбетов пен А.Ниязов өлтірілді. Топтың үшінші мүшесі Қ.Кадыров тірідей ұсталды.

Арнайы операциядан кейін бірнеше күн өткен соң тергеушілер ҰҚТ жасаған қылмыстарға қатысқан күдікті Долкун Маметовты ұстады.

Сот процесі судья Изольда Видің төрағалық етуімен ашық режимде өтіп жатыр.

0 пікір