Сәрсенбі, 17 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3257 0 пікір 28 Қараша, 2011 сағат 05:59

Жасын ғұмырдың асыл жырлары

Аязбек Сәбденов, (1953-1972) Торғай облысы Жаргөл ауылында туған. Небәрі 19 жыл ғұмыр кешіп, қыршынынан кеткен тума талант иесі. «Ел іші өнер кеніші» болғандықтан, көз көрген замандастары өлең көгінен ағып түскен ақынды тебірене еске алады. Өкінішті жері қанша сұрастырсақ та, ақынның бала бейнесін таба алмадық.

Дарынды ақынның әлі жарық көрмеген өлеңдерінің ішінде «менде бір перзентімін жер ананың» деген өлеңі ерекше екені байқалады.

«Абай-ақпарат»

Менде бір перзентімін жер ананың,

Анық қой топырағын оранарым.

Аз ба, көппе, өткізіп өмірімді,

Құшағыңа жер-ана, ораламын.

Түнеріп тұрған жоқпа аспан әлі,

Еске алу енді мені басталады.

Төбеде шоғырланған қара бұлттан,

Қабіріме мөп-мөлдір жас тамады.

Өлеңінің өміршеңдігіне сенген қайран жеткіншектің келешекке деген ынтазарлығына сүйсінік. Сүйсініп отырып күрсіндік. Өйткені әлі қағаз бетін көрмеген өміршең жырлары өте көп екен. Қолдаушы азаматтар табылып жатса жинақ болып шығатын күнде туар. «Өлі риза болмай, тірі байымайды» дейтін қазақпыз ғой.  Аязбек Сәбденовтың тағы бір қыры, аз ғұмырында өлеңді ғана жанына серік етпей, сатираның ауылынада ат шалдырып тұрыпты. Соның бір-екеуін назарларыңызға ұсынып отырмыз. Жинақтаған Нағашыбай Қабылбек.

«Мәләдес»

Таяуда,

Тілдері сүйреңдеген,

Тыныш жүруге үйренбеген.

Екі әйел ұрсысыпты.

Бірін-бірі

Қайтседе жеңуге тырысыпты.

- Сен қызыңды шалға бергенсің,

- Сен атаңа жарма бергенсің.

- Сен енеңді бақпай жүрсің,

- Сен бала таппай жүрсің.

- Сенің жеті атаң жарымаған!

- Пішту! Сен қашан боп ең жарып адам?!

- Сен тұла бойы тұнған өсексің,

- Ал, сенбе, сен есексің!

- Сен оңбағансың,

- Сен қайбір оңды адамсың?!

-  Әдірем қал,

-  Жәдірем қал!

-  ... Бұлар өстіп қазақ тіліндегі,

-  «Сөздік қорларын» тауысты.

Біреуі кенет күйеуінен естіген,

Орысшасына ауысты.

-  Жарайды, сен мәледессің!

-  Мен сенің орысшаңды түсінбейтін бала емеспін.

-  Өзің мәледессің!

-  Жоқ, сен мәледессің,

-  Жоқ, сен мәледессің!!

Осымен бітті бар егес,

Екеуі де мәледес!

Жағымпаз

Біреуді сонша мақтайсың,

Аузыңның суы құрып кеп.

Теңеуді жігіт таппайсың,

Боларын дөкей біліп дөп.

Құсың ғой елге танылған,

Өлетін болсаң текке өлме.

Үйретіп кетсей соңыңнан,

Жүгірген жеткіншектерге.

Қақтығыс

Бәкеңнің бір баласы бар,

Өз тілімен айтқанда,

«Дымқыл мұрын» қарасы бар,

Тәңірдің өзі

Жылағанда берген,

Мойнына бұршақ сап,

Сұрағанда берген,

Жалғызын,

«Қанаттыңа қақтырмаймын,

Тұмсықтыға шоқтырмаймын»

Деп түйген екен.

Ол баланың аты Иген екен.

Сол Иген көшеде еңіреп тұр,

Еңіреп емес-ау «мөңіреп» тұр.

Сол ақ екен,

Бәкеңнің бәйбішесінің ақылы шолақ екен.

Екі қабағы түйіле кетті,

Ұрған баланың үйіне жетті.

Былапыт сөзбен балағаттады,

Ұрған баланың анасы салмақты екен,

Бар сөзіне «қанағаттанды».

Алайда ақылсыз бәйбіше,

Көрместей болып ауылдасының жүрегін жарақаттады.

Долырып алған Игеннің шешесі шаштасар еді,

Әттең, күші аз болып тұр.

Екі әйелді шаптап қойып,

«Дымқыл мұрын» мәз болып тұр.

"Абай-ақпарат"

0 пікір