Жұма, 19 Сәуір 2024
Ел іші... 58641 39 пікір 14 Шілде, 2020 сағат 10:43

Жаңа оқу жылындағы 5 өзгеріс

Бүгін Үкіметте өткен отырыста Қазақстанның Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жаңа оқу жылындағы өзгерістер туралы баяндады.

«Министрлік әкімдіктермен бірлесіп, білім беру ұйымдарын жаңа оқу жылына дайындау жұмыстарын белсенді түрде жүргізіп жатыр. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, жыл сайын ЖРВИ кезеңінде білім алушылардың 70 пайызға жуығы ауырады.

Сондай-ақ қазіргі уақытта білім саласы қызметкерлерінің коронавирус инфекциясын және басқа да вирустарды жұқтыру қаупі жоғары болып тұр. Бұл жағдайда біз үшін басты басымдық - балалар мен педагогтердің өмірі мен денсаулығы», - деді Аймағамбетов.

Сонымен, министр қандай шешім ұсынды? Жаңа оқу жылына қандай өзгерістер енгізілмек? Міне қараңыз:


Бірінші, шалғайда орналасқан шағын ауылдық мектептерді қоспағанда, 1 қыркүйектен бастап еліміздің барлық мектебінде 1-11 сынып оқушылары оқу жылының алғашқы тоқсанын қашықтан оқиды.

Екінші, ата-аналарының өтініші бойынша, тиісті мүмкіншілікке қарай, қатаң санитарлық шараларды сақтай отырып, бастауыш сынып оқушылары үшін кезекші сыныптардың жұмыс істеуіне мүмкіндік беріледі.

Бұл жағдайда санитарлық қауіпсіздік шаралары қамтамасыз етіледі. Яғни балалар тек қана бір кабинетте оқиды. Үзілістер әртүрлі уақытта болады. Кіреберісте дене қызуы өлшенеді. Ауаны тазарту, кварцтау және ылғалдау, ылғалды тазалау режимі күшейтіледі.

Әлеуметтік қашықты ұйымдастыру үшін оқу  10-15 баладан аспайтын топтарға бөлінеді. Мектепте оқу күндерін алмастыра оқыту қарастырылып жатыр. Сондай-ақ, бұл балалар үшін пәндердің бір бөлігі қашықтан оқытылатын болады.

Үшінші, шалғайда орналасқан шағын ауылдық мектептерде штаттық форматта оқыту ұсынылды. Бұл жалпы оқушылардың 4 пайызын құрайды. Осы критерийлерге сәйкес келетін 1 934 мектеп бар екен.

Төртінші, бірінші тоқсан аяқталғаннан кейін, эпидемиологиялық жағдай тұрақталуына байланысты мектептердің кезең-кезеңімен аралас оқыту және штаттық форматта оқыту жүргізілетін болады. Бұл мәселені де қарастырамыз. Тиісті стратегия дайын.

Бесінші, үйде оқытудың ең осал топтары - ерекше білімді қажет ететін балалар, кірісі төмен отбасылардың балалары және бастауыш сыныптың оқушылары болғандықтан, біз нақты осы осал санаттағы балаларға инклюзивті және қолжетімді білім беруді қамтамасыз етуді арнайы қолға алатын боламыз.

Асхат Аймағамбетов, министр.


Қосымша:

Мектеп формасы міндетті емес

Компенсация многодетной семье для покупки школьной формы в 2019 ...

«Біз қазір мектеп формасына қатысты білім министрінің бұйрығына өзгерістер енгіздік.  Екі нәрсе аталды: бірінші, мектеп формасы солай қалады. Оны алып тастамадық. Бірақ оған қосымша тармақ қостық. Онда былай жазылған: төтенше жағдай кезінде, форс-мажор немесе басқа да шектеу шаралары болған кезде, білім беру мекемелеріне бекітілген мектеп формасын кимей, таза, классикалық киіммен келуге болады.

Тіпті бірінші тоқсаннан кейін дәстүрлі оқу формасына ауыссақ та, мектепте ешкім ата-аналардан мектеп формасын сатып алуы керек деп талап етпейді», - деді министр.

ЖОО студенеттері қашықтан оқиды

Қашықтан оқыту: оқушылар қажет құралдармен қамтамасыз етіледі ...

«Колледждер оқу жылын қашықтан оқу форматында бастайды. Егер эпидемиологиялық жағдай қолайлы болса, онда дәстүрлі форматта оқытуды ұйымдастыруға мүмкіндік береміз.

Жоғары білім бойынша оқыту қашықтан оқыту форматында ұйымдастырылады.

Дәстүрлі формат арнайы жеке кесте бойынша, зертханалық жұмыстар, докторантура, өндірістік оқыту, кәсіби тәжірибе үшін ұйымдастырылады», - деді Аймағамбетов.

Балабақшалар жұмыс істемейді

Арыс балалары Бурабайда тегін демалатын болады - Қазақстан және ...

«Қазіргі таңдай, карантин мерзімі ұзартылды. Соған сәйкес, мектепке дейінгі мекемелер жұмысы тоқтатылды. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты кезекші топтардың жұмысына қатысты шешім қабылданады. Біз бұл мәселеге мұқият атсалысамыз. Әуелі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңызды», - деді министр.

Abai.kz

39 пікір