Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3921 0 пікір 25 Қараша, 2011 сағат 12:17

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеу аясында «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ қолдауымен «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы «Voxpopuli.kz» интернет журналымен бірлесе отырып, 2011 жылғы 29-30 қарашада екі күндік «ТӘУЕЛСІЗДІК» атты көрме ұйымдастырады.

Сырт көзге қарағанда мінсіз, таза көзқарас. Балғын, бұрмаланбаған, жаңа және басқаша. Олар еліміздің ұлттық нақыштармен өрнектелген киіз үйлерін көруге келеді де, бөлшектелген кадрларына Астананың заманауи технологиясын алып кетеді. Біз оларды түсіне алмаймыз, олар бізді түсіне алмайды, бірақ бұл маңыздысы емес. Одан да, олардың бізден не тапқанын көрейік! Олардың объективінен өзіміз бен өзіміздің елімізді көру үшін қарап көрелік.

Екі күндік «ТӘУЕЛСІЗДІК» атты көрме бұл қойылым емес, бұл - шетелдік фотографтардың жарқын туындылары. Бұл шығармалар кәсіпқой фотосуретшілердің көзімен түсірілген, мүмкін біз байқамаған Тәуелсіз Қазақстанға саяхат. Яғни, Егемен елге деген, Тәуелсіз көзқарас! Біздің дәстүрлеріміз бен әдет-ғұрыптарымыз, қуаныштарымыз бен проблемаларымызды етене жақын көрген кез келгенді таңқалдырары, жаңа шығармашылыққа шабыттандырары сөзсіз. Былайша айтқанда кез келгенді тартып, қарата алады. Суреттердің толық қанды болуы үшін соңғы жылдары түрлі шетелдік фотографтартармен түсірілген, 50-ге жуық фотосурет іріктеп алынды. Түрлі елдерден келген, түрлі авторлардың туындылары. Түсірілімнің шеберлік жағынан бірін-бірі қайталамас өзгешеліктері көрмені көркем де, қызықты ете алады.

Қалыппен орындалатын керітартпалық көрмелер адамдарды қызықтырмайтыны жалпыға белгілі. Атақты әлемдік галереяда осылай аталатын көрмелерді - біркүндік деп атайды. Бұл шектелген уақыт аралығында адамдарды көптеп тартуға мүмкіндік береді. Астана қаласының тұрғындары үшін өз еліне басқаша көзбен қарап, көрмеден ләззат алудың тамаша мүмкіндігіне айналмақ.

Көрменің ашылуы Астана қаласында 2011 жылдың 29 қараша күні сағат 19.00-де «Көрме» орталығының галереясында өтеді.

Көрмеге АҚШ, Ресей, Франция, Бельгия, Жапония және тағы басқа елдердің фотографтары қатысады. Фотосуреттердің құқығы олардың авторларына жатады. Көрме ұйымдастырушылары көрме үшін түсірілімдерді бір рет тираждауға, кез-келген өлшемдегі бір жарияланымды  ұйымдастырушылардың «www.voxpopuli.kz» сайтына орналастыруға құқылы.

Толық ақпарат алу үшін мына телефон номерлеріне хабарласуға болады: 8/7172/555597

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1567
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2261
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3543