Сейсенбі, 16 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2632 0 пікір 24 Қараша, 2011 сағат 09:34

Украина Қазақстанның индустрияландыру картасына қатысады

Астана. 24 қараша. ҚазТАГ - Елена Преображенская. Украина Қазақстанның индустрияландыру жобаларына қатысады, деп хабарлады Украинаның премьер-министрі Николай Азаров.

«Біз бірлескен жобалардағы ынтымақтастығымызды жандандыруға мүдделіміз. Қазақстанның индустрияландыру бағдарламасына қатысуға ниеттіміз және қазақстандық компанияларға Украина аумағындағы жобаларға қатысуды ұсынамыз», - деді ол бейсенбі күні брифингте.

Өз кезегінде К. Мәсімов Қазақстан үшін индустрияландыру бағдарламасының маңыздылығын атап көрсетіп, мемлекет басшысы оның жүзеге асырылуын ерекше бақылауда ұстап отырғанын жеткізді. Сонымен бірге, ол украиналық компанияларды Қазақстан аумағында оны жүзеге асыруға белсенді түрде қатысуға шақырды.

Сондай-ақ, келіссөздер барысында тараптар Ресей Федерациясымен үшжақты ынтымақтастық шеңберінде атом энергетикасындағы ынтымақтастықтың қажет екенін атап көрсетті.

«Украиналық кәсіпорындардың бізбен бірге Қазақстан аумағында, мүмкін Украина аумағында да бірлескен өндірістерді дамыту мүмкіндігі болғанын қатты қалаймыз. Біз сізбен мұнай өңдеуші өндірістердің мүмкіндіктері туралы әңгімелескеніміздей», - деді К.Мәсімов.

ҚР үкіметі басшысының айтуынша, Украина премьер-министрі Н. Азаровтың Қазақстанға ресми сапарының барысында қол жеткізілген барлық уағдаластықтар 2012-2013 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарында көрініс табады.

Мемлекеттер аталған уағдаластықтарды 2011 жылдың желтоқсанында Астанада бірінші вице-премьерлер деңгейіндегі үкіметаралық комиссияның отырысында жүзеге асыра бастайды.

0 пікір