Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
4364 6 пікір 30 Маусым, 2020 сағат 13:35

Әкім Әйтеновтің бес орынбасарының төртеуі ауырып жатыр

Кеше ғана ел президентінен сөгіс естіген Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің бес орынбасарының төртеуі ауырып жатыр екен. Бұл туралы «tengrinews.kz» сайты жазды.

«Екі орынбасары пневмониядан емделіп жатыр, ал екеуі басқа медициналық көрсеткіштер бойынша ауруханаға түскен. Басшылықта әкімнің бесінші орынбасары Бауыржан Мамыталиев қалды. Әкім Мұрат Әйтеновтің өзі екі апта қашықтан жұмыс істегеннен кейін қайтадан тест тапсырды. Өйткені бұған дейін ол коронавирус жұқтырған бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановпен байланыста болған. Тест жақсы нәтиже көрсетті.  Енді ол қызметіне оралды.  Әкімдік ғимаратында жұмыс істейді».

Бұл Шымкент әкімдігі баспасөз қызметінің ақпараты. Сонымен, қазір Шымкент қаласы басшылығында 2 адам қалған. Әкім Әйтенов пен орынбасары Мамыталиев. Қалғандары ауырып жатыр.

39 жастағы Мұрат Әйтенов (сол жақта) Шымкент қаласының әкімі болып 2020 жылдың қаңтарында тағайындалған. Оның орынбасары 45 жастағы Бауыржан Мамытбеков (оң жақта) - құрылыс, жер қатынастары және сәулет салаларына жетекшілік етеді.

Денсаулық жағдайына байланысты уақытша еңбекке жарамсыз болғандар - әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр және әкімнің орынбасары Алмасбек Мамытбеков. Олардан пневмония анықталған.

47 жастағы Ербол Садыр (сол жақта) Шымкент қаласының әкімдігінде денсаулық сақтау және кәсіпкерлік ісіне жетекшілік етеді. Ал 51 жастағы Алмасбек Мамытбеков (оң жақта) әкімнің идеология жөніндегі орынбасары.

Сонымен қатар, қала әкімінің орынбасарлары Мақсұт Исахов пен Нұрсадық Ергешбек ем алып жатыр. Осыған байланысты олар ауруханада жатыр.

46 жастағы Мақсұт Исахов (сол жақта) көлік және спорт басқармасына жетекшілік етеді. Ал 48 жастағы Нұрсадық Ергешбек (оң жақта) тұрғын үй саласында қызмет етеді.

Abai.kz

6 пікір