Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3578 0 пікір 3 Қараша, 2011 сағат 08:52

Абай Құнанбаевқа - 166 жыл

Катонқарағай аудан кітапханаларында Абай Құнанбаевтың  туғанына 166 жыл толуына арналған апталық өтуде. Абай шығармашылығы әлем мәдениетінің тарихында теңдесі жоқ, мағнасы зор мұра. Абай - қазақтың ұлы ақыны,ағартушы, философ, композитор және көрнекті қоғам қайраткері. Ақынның асыл мұрасы  әдебиет тарихында  қазақ халқының рухани мәдениетінің шыңы болып табылады. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығы  қарсаңында  данышпан Абай  біздің оқырмандарымызға  сарқылмас ұлылықпен  қайта жарқырай түсті.

Аудандық кітапханада  1 - 10 тамыз аралығында  Абай оқулары басталды. Кітапхананың оқу залында  «Абай - Тәуелсіздік жыршысы» атты кітап көрмесі  ұйымдастырылған, оған  ақынның шығармалары және ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы кітаптар қойылған. 4 тамыз күні кітапханашылар У. Токтубаева, Н. Иванюк Қ. Дамитов атындағы мектеп алды еңбек  учаскесіндегі оқушылармен «Абай - Тәуелсіздік жыршысы» атты оқырмандар конференциясын өткізді.

Оқушылар ақынның және ақын туралы  жаңа кітаптармен танысып, өлеңдерін, әйгілі «Қара сөздерін» оқыды.
Ұлы Абайға арналған іс - шаралар жалғасуда.

http://katon-karagay.vko.gov.kz

0 пікір