Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2450 0 пікір 3 Қараша, 2011 сағат 08:19

Ақтөбеде пәтерлерін иелену мақсатында 3 адамды өлтірген деген күдікпен ҰҚТ мүшелері ұсталды

Ақтөбе. 3 қараша. ҚазТАГ - Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері ұйымдасқан қылмыстық топ (ҰҚТ) мүшелерін әшкереледі. Олар 2001 жылғы ақпан мен қазан аралығында басқалардың пәтерлерін заңсыз алу мақсатында 3 адамды өлтірген, деп облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Алмат Иманғалиев мәлім етті.

«Одан басқа, күдіктілер екі адамды еркіндігінен айырып, аса ірі мөлшердегі алаяқтықтың 5 фактісін жасаған. Осы қылмыстарды жасаған деген күдікпен жастары 30 және 39 аралығындағы 5 күдікті ұсталды, олардың біреуі әйел», - деп ол бейсенбі күні журналситерге айтып берді.

Оның айтуынша қылмыскерлер әдетте әлеуметтік қорғалмағандарды, ішімдікке берілгендерді, туыстары жоқтарды тауып отырған.

«Бір эпизодта, күдіктілердің біреуі 41 жасар әйелдің сеніміне кіріп, онымен бірге тұра бастаған. Одан кейін олар алдап, оның пәтерін 32 мың долларға сатып жіберіп, ал оның өзін саяжайға орналастырған. Ол әйел кейін сонда қайтыс болған», - деді А. Иманғалиев. Қазір сол әйелдің неден өлген себебін анықтау сараптамасы жүргізіліп жатыр.

Барлық фактілер бойынша «адам өлтіру», «заңсыз еркінен айыру» және «алаяқтық» баптарымен қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер қамауға алынды.

0 пікір