Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 2418 0 пікір 2 Қараша, 2011 сағат 11:35

Қазақстан мен АҚШ елдерінің қорғаныс ведомстволары 2013-2017 жж. ынтымақтастық жобасын талқылап жатыр

Астана. 2 қараша. ҚазТАГ - Қазақстан мен АҚШ қорғаныс ведомстволарының өкілдері 2013-2017 жылдарға ынтымақтастық жоспарының жобасын талқылауға кірісті, деп мәлім етті сәрсенбі күні ҚР қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков пен АҚШ елшісі Кеннет Дж.Фэйрфакс.

«Ағымдағыжоспардың мерзімі 2012 жылдың соңында бітеді. Қазіргі уақытта екі ел қорғаныс ведомстволарының өкілдері 2013-2017 жылдарға арналған жоспардың жобасын талқылау жұмыстарын бастап кетті», - делінген ҚР қорғаныс министрлігінің ақпаратында.

Тараптар қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы өзара іс-қимылды айта отырып, ынтымақтастықтың бес жылдық жоспарының маңызына тоқталды. «Ынтымақтастық шеңберінде бітімгерлік, кадр дайындау, техникалық жәрдем көрсету және әскери білім жүйесін дамыту саласындағы жұмыстар жемісті жүргізіліп келеді», - делінген ақпаратта.

Ақпаратта үстіміздегі жылғы қараша айында Астанда екіжақты қорғаныс кеңесі өтетіні айтылған.

Кездесу барысында қорғаныс министрі Қазақстан мен АҚШ арасында әр түрлі бағытта, оның ішінде әскери салада стратегиялық әріптестік орнағанын атап өтті.

«Қазақстан өз қауіпсіздігін мемлекет басшылығы жүргізіп отырған тату көршілік және бейбітшілік сүйгіш саясаты арқылы қамтамасыз ететін болады. Осыған байланысты біз АҚШ-тың қорғаныс қызметі және қарулы күштерді қолдану саласындағы жетекші тәжірибесіне ерекше маңыз беретін боламыз» , - деді қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков.

Қорғаныс министрі бүгінгі таңда отандық қорғаныс өнеркәсібі кешенін дамыту басты басымдық болып отырғанын атап өтті. Осы бағытта шетелдік кәсіпорындармен, оның ішінде Солтүстік Атлантикалық Альянсқа мүше-мемлекеттермен әскери-техникалық ынтымақтастықты дамытуға айрықша назар аударып отырғанын атап өтті.

«Екі елдің өкілдері аталған бағыттағы ынтымақтастықты қарқынды дамытып келеді», - деді Ә. Жақсыбеков және АҚШ әскери-өндірістік кешені кәсіпорындарын алдағы жылғы 3-6 мамыр аралығында өтетін «KADEX - 2012» көрмесіне шақырды.

Қорғаныс ведомствосының басшысы мәртебелі мейманды жоғары әрі жауапты лауазымға тағайындалуымен құттықтады. Ә. Жақсыбеков биылғы жылдың Қазақстан үшін айрықша маңызға ие екендігін, мемлекетіміздің Тәуелсіздігіне  20 жыл  толып отырғанын атап өтті.

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3525