Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 8167 0 пікір 2 Қараша, 2011 сағат 08:20

Өміржан Әбдіхалықұлы. Алаштың әнұраны

Алаш туралы айтар көп. Біз білсек, Алаш жолы Абайдан басталып, Мұхтар Омарханұлымен аяқталады. Мұхаң Алаштың мәдени-рухани, әдеби миссиясын орындап кеткен адам. Әуезовтен кейін Алаштың өлмес идеясы жасампаздығымен қайта түлеп, ұлттың күретамырында бүлкілдеп жатыр.

Алаш идеясы аспан астында еш өлмес. Оған бек сенімдіміз.

Алаш тарихы зерттеліп, Алаш жолы жалғасып жатыр.

Алаш десе, рухың сілкініп, ұлттық «менің» оянып, мақтаныш сезім билейді. Осы сезімді аспан астын Алаш атымен тұндырып, ән салғың келеді. Ал, Алаштан қалған ән бар ма? Бар. Бар болғанда қандай!

Ел ішінде айтылып жүрген Жақаңның - Міржақыптың «Мұң», Жүсекеңнің - Жүсіпбектің «Кәмила», Ахаңның - Ахметтің «Аққұм», «Қарагөз» әндері бар. Қазақтың әні мен күйін жинақтаған Затаевичтің жұмысын ұйымдастырып, оған ұлт музыкасын жинастырып берген де Алаш зиялылары. Бұл сөзімізге Әлекең, Әлихан мен Ахметтің өзара жазысқан хаттары дәлел.

«Қадірлі (құрметті) Әли!

Егерде сенің профессорың Торғай мен Ырғыз уезіне баратын болса, онда менің де сонымен бірге жүріп кетуім керек шығар. Ән-күйлерді жиыстырып, фотографияға түсіру менің де көптен ойымда жүрген іс еді. Егерде мен оны профессордан үйреніп алсам, маған да пайдалы болар еді».

Ахмет Байтұрсынұлының бұл хатына жауап ретінде Әлихан Бөкейхан:

«Бауырым Ахмет!

Сенің 11 маусымда жазған хатыңды алдым. Профессор тамыз бен қыркүйек айларында Ырғыз бен Торғайға барып, сол жақтан Қызылордаға соғатын боп уәде беріп, Берлин қаласына қайтып кетті. Мен одан (сапарды) Қостанайдан бастауды өтіндім. Ол бұған келісті. Мен оған: «Егер осы өңірге барсаңыз, Ахмет Байтұрсынұлын жолықтыруға тиіссіз. Бұл кісі сізге серік болады», - дедім. Енді сенің келісіміңді білген соң, оған хат жазып, хабарласып, ақпарымды Мәскеудегі неміс өкілдігіне тастап кетпекшімін. Қалғанын оның өзі біздің қазақ өкілеттігіне соғып, анықтап біліп алатын шығар» (Тұрсын Жұртбай, «Ұраным - Алаш!..»).

Ал, Алаштың әнұраны болған ба? Әлбетте, болған. Семей - Алаш қаласы атанып, астана болып, Алаш ұлттық территориялық автономиясы жарияланған кезде Алаш милициясы құрылғаны мәлім. Сол тұста Алаштың әнұраны да жазылған. Бұл ұран әннің авторы я Жүсіпбек, я Міржақып деп түрліше айтылады. Ал, Алаштың ұран әні жөнінде Сәбит Мұқанов өзінің «Өмір мектебі» романында былай дейді:

«Жиналыс биіктеу дөңнің қырқа жотасында ашылды. Жотаға Алашорда адамдары және оларға тілектестердің біразы, - барлығы екі жүзге тарта адам, - салт атқа мініп, әскерше он-оннан сапқа тұрып командирше олардың алдында Дулатов оғаш отырып, «Арғы атам ер түрік» аталатын, Алашорданың гимнін әндете қосылып айтып барды...».

Сәбең осылай десе, Гүлнәр апай (Гүлнәр Дулатова) «Өмір өткелдері» атты естелік кітабында сөз болып отырған Алаштың әнұраны жайлы құлағымен естіп, көзімен көрген жайларды жазады:

«Торғайда төңкеріс қызу жүріп жатқан. Әлі есімде, тәтемдер (әкесі Міржақыпты айтып отыр - ред.) елге келгенде, өлең-жыр ағылатын. Сонда Ғаббас Нұрымов бастап, қалғандары шырқай қостап, мына өлеңді айтып бара жатты:

Арғы атам - ер Түрік,

Біз - қазақ еліміз...»

Осы әнұранға ұқсас әнді әнші Жоламан Құжиманов «Алаш маршы» деген атпен орындап жүр.

Күні кеше Алаштың әнұранын толық тапқандай болдық. Фейсбук әлеуметтік желісіндегі әлдебір түрік ұйымының парақшасынан Түркияда тұратын 86 жастағы Тайғанақұлы Мәдәлім ақсақал Алаштың әнұранын айтып отырған бейнежазбасын таптық. Мәдәлім қарияның айтуындағы әнұранның сөзі толық көрінеді. Әрі біз білетін ұран әннен әуені де басқаша екен.

Енді, міне, соны Алаш жұртына ұсынып отырмыз. Бір айта кетерлігі, Алаш әнінің жөнді зерттелмей жатқандығы. Бұл -  алаштанушы ғалымдар мен музыкатанушылардың қаперінде жүрсе деген өтініш.

«Абай-ақпарат»

Алаштың әнұраны

Арғы атам - ер түрік,

Біз - қазақ еліміз,

Қаймығып еш жаудан

Қайтпаған бетіміз.

Сай-сайлап, мал айдап,

Сайрандап, кең жайлап

Арқада ерке өскен

Сарыарқа жеріміз.

Бұғаудан босанған,

Біз - долы арыстан,

Егессек ел бермес,

Түседі-ау еріміз.

Бізге де сөз бе екен,

Жауының аз, көбі.

Өлсек - біз шейіт,

Өлмесек - біз қазы.

Ежелден өр түрік,

Оқ десе не етеміз?

Қаймығып еш жаудан

Қайтпаған бетіміз.

Лап десе ат болып,

Зуылдап шабамыз.

Лап десе, от болып,

Дүрілдеп жанамыз.

Алаштың ақ туын,

Ақырып қолға алып,

Алаштап шапқанда,

Жауға ойран саламыз.

Долданса болмайтын

Жаңа дәу-періміз.

Ер түрік ежелден,

Оқ тескен етіміз.

Қаймығып еш жаудан

Қайтпаған бетіміз.

Жаусын оқ, ақсын қан,

Шықсын жан, қорқу жоқ.

Алаштың жолында

Жан қимақ - ниетіміз!

;hl=ru_RU&rel=0" />;hl=ru_RU&rel=0" type="application/x-shockwave-flash" allowscriptaccess="always" allowfullscreen="true" width="420" height="315">

0 пікір