Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3083 0 пікір 2 Қараша, 2011 сағат 05:39

Атырау: «Халифат әскерлері» және Қазақстан

The Long War Journal интернет-порталы «Халифат жауынгерлері» террорлық ұйымының Атырауда болған жарылыстарды өз  мойнына алғаны туралы мәлімдемені жариялады. Бұған дейін де Қазақстан үкіметін жарылыстар және құрбандардармен қорқытқан қорқаулардың ұйымы «бұл жарылыстар қорқыту емес, нақты іске көшкенімізді ескерту» депті.

«Біз биліктің өлген адам өзін өзі жарып жіберді» деген мәлімдемесін жоққа шығарамыз. Бомба оқыстан жарылып кеткен. Біздің бауырымыз шейіт болды» делінген мәлімдемеде.

Терроршылар Үкіметке жаңа заңға байланысты ескертулерін ескермесе мұнан да жаман болатынын айтады. «Әзірге біз адам шығынсыз жарылыстар жасадық, көп адамның жарақат алмауын, зардап шекпеуін мұқият қадағаладық. Бірақ үнемі бұлай бола бермейді» депті үрейлі сес көрсетіп.

Атырау облыстық прокуратурасы өзін-өзі жарған шейіттің аты-жөні анықталғандығын растап отыр. Ол 1987 жылдың 20 желтоқсанында туылған Сұлтанғалиев Бауыржан Қанатұлы.

- Оның мәйітін туысқандары таныды және саусақтарының ізі арқылы ажыратылды. Тұрған мекен-жайын тексеру кезінде қолдан жасалған жарылғыш зат, жарылғыш зат жасайтын компоненттер, сондай-ақ, қолдан бомба жасап, жинақтауға арналған арнайы инструкция табылды, - делінген құзырлы орган мәлімдемесінде.

Табылған жарылғыш зат дереу қауіпсіз жерге апарылып, жойылған. Тергеу амалдары жалғасуда.

Нұрлан Ерімбетов: "Билік қоғамнан ештеме жасырмауы тиіс"

- Ең бастысы билік елде террорлық жарылыстар болуға жеткізбеуі керек еді. Қоғамда болып жатқан құбылыстарға көзімізді кең ашып қарауымыз керек. Бұл қылық қазаққа тән емес. Біздің жайбарақаттығымызды пайдаланатындар көп. Ал қоғамды бұған араластырмай, қоғаммен бірлеспей құқық қорғаушылар, билік күрестен нәтиже шығара алмайды. Ол күрес тек құқық қорғау органдарының ісі емес. Мәселені күшпен шешу қиын. Мұндайға жеткізген кім? Қандай жағдай? Барлығы анықталуы керек. Билік халықпен бірігуі керек, халықты алдамауы, ештемені жасырмауы керек. Бұл жарылыстарды «біреулердің байқамай істегені екен» немесе «бәлен кенші үйіне келе жатқанда кен орнын жаруға арналған бомбасы іске қосылыпты» дегендей ертегілермен елді алдамауы тиіс. Бұл ертең құбылыс болып кетуі мүмкін. Билік мені, сізді, басқаларды террормен күреске біріктіре алуы керек. Барлық әлем осындай жағдайда тұр. Бізге бірлік керек.

Уәлихан Қалижан: "Биліктің немқұрайлылығынан шошимын"

- Атырау облысы әкімінің орынбасары ақпарат құралдарына мәлімдеме жасағанда ештеме болмағандай, жайбарақат тұрды. Әйтеуір әкімшілік аман, ғимараттардың терезелері сынғаны болмаса адам шығыны жоқ, ең бастысы адам өлген жоқ деп қарап тұр. Бұл біздің кемшілігіміз, идеологиялық жұмыстарымыздың ақсап жатқаны, елдің қауіпсіздігін дұрыс қамтамасыз ете алмай жатырмыз демейді. Сонда билік өз кемшілігін көруі үшін міндетті түрде адамдар өлуі керек пе! Мен билік өкілдерінің қара басын ғана ойлатын немқұрайлылығынан қорқамын. Мұның арты жақсылыққа апармайды.

«Абай-ақпарат»

0 пікір