Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3160 0 пікір 1 Қараша, 2011 сағат 04:43

Нұрлыбай Қошаманұлы. Желтоқсан көтерілісінің дәуірлік маңызы (жалғасы)

Мұндай жай Оралда да орын алып, казак-орыстардың 400 жылдық мерекелік шарасын өткізуді жақтаушылардың бірі, ТЖМК-ның бұйрығына көнген қалалық кеңестің төрағасы Ғ.Молдашев қызметінен кетуге мәжбүр болды. Оның бұл кетісі туралы бірінші кітапта егжей-тегжейлі жазылды. (қар:«1991-қыркүйек, Орал оқиғасы», С.Н.Қ., 2001).

20 тамыз күні Қазақстанның азаматтық «Азат» қозғалысы мұны антиконституциялық төңкеріс деп қабылдап, республика Президентінен, оның Жоғарғы Кеңесінен еліміздің егемендігі мен территориялық тұтастығына Мәскеу тарапынан болуы мүмкін кез келген агрессияға жол бергізбеуді, қазақстандық қоғамдық-саяси партияларды тек қана Қазақстанның өз заңдарына сүйене отырып жұмыс жасауға шақырып, Қазақстан Республикасы Президентінің елімізде ешқандай төтенше жағдай енгізілмейтіндігі туралы ұстанымын қолдайтындығын білдірген өз мәлімдемесін таратты. Сол күні, 20.08.91 күні ТЖМК-ның істерін заңсыз деп танып, оны айыптаған қазақстандық демократиялық күштердің және бір бірлескен Үндеуі таратылды. Қашанда көңіл ахуалы қалай ауатынын күтуші билік партиялары Коммунистер мен жаңадан құрылған биліктің Социалистік партиясы тағы да бұл үндеуге қосылмай әліптің артын бағып бұғып қалды.

 

Отандастарға Үндеу !

 

Мұндай жай Оралда да орын алып, казак-орыстардың 400 жылдық мерекелік шарасын өткізуді жақтаушылардың бірі, ТЖМК-ның бұйрығына көнген қалалық кеңестің төрағасы Ғ.Молдашев қызметінен кетуге мәжбүр болды. Оның бұл кетісі туралы бірінші кітапта егжей-тегжейлі жазылды. (қар:«1991-қыркүйек, Орал оқиғасы», С.Н.Қ., 2001).

20 тамыз күні Қазақстанның азаматтық «Азат» қозғалысы мұны антиконституциялық төңкеріс деп қабылдап, республика Президентінен, оның Жоғарғы Кеңесінен еліміздің егемендігі мен территориялық тұтастығына Мәскеу тарапынан болуы мүмкін кез келген агрессияға жол бергізбеуді, қазақстандық қоғамдық-саяси партияларды тек қана Қазақстанның өз заңдарына сүйене отырып жұмыс жасауға шақырып, Қазақстан Республикасы Президентінің елімізде ешқандай төтенше жағдай енгізілмейтіндігі туралы ұстанымын қолдайтындығын білдірген өз мәлімдемесін таратты. Сол күні, 20.08.91 күні ТЖМК-ның істерін заңсыз деп танып, оны айыптаған қазақстандық демократиялық күштердің және бір бірлескен Үндеуі таратылды. Қашанда көңіл ахуалы қалай ауатынын күтуші билік партиялары Коммунистер мен жаңадан құрылған биліктің Социалистік партиясы тағы да бұл үндеуге қосылмай әліптің артын бағып бұғып қалды.

 

Отандастарға Үндеу !

 

Елде мемлекеттік төңкеріс жасалынды. Антиконституциялық жолмен заңды сайланған ел Президенті биліктен аласталды.

Мүмкін, М.Горбачев өзінің тағдырының осылай боларын қарама-қайшылыққа толы саясаттағы жүйесіздігімен шешіп те қойған болар, солай болғанның өзінде, мұндай жолмен оны биліктен кетіру мемлекеттік қылмысқа, ал, оны іске асырушылар мемлекеттік қылмыскерлерге жатады.

Республикалардың егемендігі аяққа тапталып, баспасөз бостандығы шектеліп, саяси партиялар мен  демократиялық қоғамдық ұйымдар таратылуда. Бұл жай елімізді азамат соғысы жағдайына әкелді.

ТЖМК-шылар елде тәртіпті орнатамыз дегенді айтады, бірақ, мұны осындай қылмысты жолмен жасауға болады ма? Біз - мұны қабылдамаймыз! Сол себепті де, олардың қылмысты бұйрығына бағынушы және бұл бағытты қолдаушы кез-келген іс-әрекет қылмыскерлермен сыбайласқындық болып табылады.

Қазақстандықтар, қылмыскерлермен сыбайластықта болудан аулақ болайық!

Осы Үндеуге қол қоюшы біздер, СССР-дің заңды билігінің сақталуын және төңкерісті ұйымдастырушылардың сотқа тартылуын талап етеміз.

Егер төтенше жағдайдың жариялануы Қазақстан аумағына жүретін болса, біз-антиконституциялық және заңсыз құрылған комитет ретінде оның шешімдеріне қарсы жергілікті жұмыс орындарында, тіршілігіміздің барлық саласында бұқараны азаматтық мойынұсынбаушылық акциясын жариялауға шақырамыз.

Біз Қазақстанның барлық саяси күштерін бұған дейінгі өз ара түсінбестікті ұмытып, бірлесуге шақырамыз. Лениндік, сталиндік, брежневтік зобалаңдарға қарсылық көрсете алмаған бүгінгі аға ұрпақтың қамсыз-мұңсыздығын Жас ұрпақ кешірмейді. Болашақ ұрпақтың сынына ұшырамас үшін де біз қолдан келгеннің бәрін жасауымыз керек!

Қол қоюшылар:

1. Қазақстанның социал-демократиялық партиясы

2. Қазақстанның «Азат» азаматтық қозғалысы

3. «Мемориал» тарихи-ағарту және құқық қорғау қоғамы

4. «Әділет» тарихи-ағарту және құқық қорғау қоғамы

5. Невада-Семей антиядролық қозғалысы

6. Арал-Балқаш-Азия қоғамдық комитеті

7. «Жасыл желек» экологиялық комитеті

8. «Алматы-Хельсинки-Париж» қоғамдық комитеті

9. Республикалық тәуелсіз кәсіподақ «Бірлесу»

10. «Единство» қозғалысы

11. «Желтоқсан» ұлттық демократиялық партиясы

12. «Алаш» ұлттық партиясы

13. Қазақстанның» Азамат» жастар ұйымы

14. «Парасат» жастар-мәдени бірлестігі

15. Қазақстанның «Демократиялық Одақ» партиясы

16. Қазақстанның радикалды ұлтшылдар партиясы

17. Қазақстанның зорлық-зомбылыққа қарсы Ассоциациясы

18. Адам құқтары жөніндегі Алматы-Хельсинки ұйымы.

Алматы қаласы 20 тамыз 1991 жыл

Үндеу ротопринт тәсілімен көбейтіліп, қоғамдық таратушылар арқылы Алматы көшелеріне ілініп, қоғамдық көлік жолаушыларына, көшедегі халыққа қолма-қол таратылды. Белсенділігі мен жедел қимылдары үшін де бірнеше қоғамдық таратушылар елдегі саяси ахуалды теңселтушілер ретінде милиция бөлімшелеріне қамалып, үнпарақтар (листовка) тәркіленді. Билік Үндеу мәтінін сол жылдары республикалық баспасөз құралдарында жариялатпады. «В эти же дни на Казахском ТВ информировнаие населения о собятиях в Москве было ограничено механическими повторами сначала заявлений ГКЧП, и уж только после 20 августа - заявлениями победителей демократов. В местных же новостях сообщалось только о заявлениях Н.Назарбаева и группы народных депутатов (но не общественников - неформалов)» - деп жазды жергілікті баспасөз. Құжат араға бірнеше жыл салып барып, 1991 жылғы 19-21 тамыз оқиғасының 10 жылдығына орай «Республика-2000 ХХІ ғасырда» газетінің №33., 30.08.2001 жылғы санында жарық көрді. Мына бір дерек елең еткізерлік. КСРО-ның бұрынғы премерь министрі Валентин Павлов батыстың «Зюддойче цайтунг» газетіне берген сұхбатында: «Осының бәрі Горбачевтың тікелей қатысуымен болған шаруалар еді. Горбачевті біз дүйсенбі күні күткен едік. Төтенше жағдай енгізу туралы жоспар да бар болатын. Оның негізгі сұлбасы наурыз-сәуір айларында Мәскеуде жасалған еді. Мен Горбачевтың «ойыннан» тамыздың 18-19-на қараған түнде шығатынын ішімнен сезген едім» - деп, оның өзінің мемлекеттік төңкеріске қатысы болғанын мәлімдеп, сондай-ақ, сұхбатында Горбачевтың елге төтенше жағдай енгізу туралы алдын ала жасалған жарлыққа қол қоюы тиіс болатындығын айтыпты. Олардың бұл төңкеріске қаншалықты қатысы болғанын уақыт әлі-ақ ашып береді.

Бірақ, 18-20 тамыздағы оқиға нәтижесі төңкерісшілердің  күткеніндей болмады. Халық алдында «я демократия, я кісенделген, цензуралы режимді» таңдау еркі тұрды. Демократияның не екенін түсініп, дәмін татып қалған халық аз кем ойланудан соң төңкерісшілерге қарсы шықты. Танктер халыққа қарсы оқ шығармады. Осыған дейінгі кеңес республикаларындағы демократиялық толқуларды қан жоса етіп басқан кеңес әскері Ресейдің астанасында болған демократияны қорғаушыларға келгенде оларға қарсы оқ атпады. Себебі, олар орыстар еді. Осыдан кейін-ақ кеңестік ортақ әскердің қай ұлттың ойынын ойнап келгендігі де айқындалды. Осы үш күн ішінде біз мұны айқын түсінгендей болдық. Кеңес үкіметінде болған осы тарихи оқиға Кеңес Одағының түпкілікті ыдырауына жол ашты.  ТЖМК-дан соң Одақтық Шартты қараудың мүмкіндігі жойылды.

Кейде тарих та спираль оралымдары секілді қайталанып отырады. Мәселен, 1917 жылғы бүлік пен 1991 жылғы бүліктің өзара ұқсастығы болды. Екеуі де бұқарадан құпия даярланды, екеуін де бүкіл ел емес, «шағын топ» даярлады. Екеуінде де «бәрі халық үшін» деген ұранмен ұйымдастырылды. Екі кезең де бейбітшілік, ас-су, еркіндік (1917) және «Елдегі қатаң тәртіп» (1991) деген үндеумен халықтың әлеуметтік көңіл-күйіне орайластыра жүргізілді. Осылай, екі бүлік те бір ананың егіз ұлы секілді ұқсас шықты. Ал, өзгешелігі 1917 жылы халық демагогияға сеніп алданып қалды. Кезінде Ресейде болған 1917 жылғы революция туралы да шетел ақпараттары «бұл төңкеріс халық үшін өліммен тең және бұл болашақта қайталанбасы үшін де адамзатқа сабақ болуы керек» деп жазған  болатын. Дегенмен, 1917 жылғы революция Ресейде бірінші рет болғандықтан, осындай жағдай қалыптасты. Осындай қателіктерінен өткен 1991 жылғы Мәскеудегі төңкеріс тарихтың осындай ізгі сабақтарының нәтижесінде бұрынғы қателікке бармады. Біз сол бір бірінші бүліктен қатайып, есейіп шықтық. Сөйтіп, ХХ ғасырдың демократтары «бұл қателіктерді қайталамау керек» - деп жамырай жазған тарихтың сол ескертпесінен қорытынды шығарды.

Осы аралықта Алматыда «Жібек жолы» көшесінің маңайында, алдағы 12-19 тамыз күндерінің бірінде республикалар арасында болатын Одақтық шартқа Қазақстан жағының қол қоймауын, еліміздің тек қана конфедеративтік құрылым негізінде тәуелсіздік жолын таңдауын талап етіп, Ж.Қуанышәлин бір топ желтоқсандықтармен бірге аштық жариялап жатқан болатын. «Всю неделю с 11 по 18 августа на площадке перед «домом-трилистником» стояла «политическая юрта», в которой и вокруг нее непрерывно митинговали: «азатовцы» и «желтоксановцы» - против подписания Союзного договора и возрождения Уральского казачества, группа молодых рабочих мебельной фабрики «Мерей» - против приватизации родного предприятия, а «алашевцы» - против всего сразу. В юрте же ярый национал-патриот Жасарал Куанышалин держал голодовку против подписания Казахстаном нового Союзного договора, требуя провозглашения полной независимости еtc» - деп жазды А.Свиридов өзінің кітабында («Современный Казахстан: 20 леть общественной мысли» 2006). Жасарал ТЖМК-дан кейінгі жиналған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төтенше сессиясында (21.08.1991ж.) демократиялық ұйымдар атынан сөз сөйлеп, конфедерация мәселесін және көтерді. Ақыры, бұл идея қазақстандық билік тарапынан қолдауын тапты. Сөйтіп, Алаш ұлы, «Азат» азаматы Жасаралдың бастамасы елде қоғамдық пікір туғызып, Қазақстанның тәуелсіздік жолына түсуіне түрткі болған нақты тарихи қадамға жол ашты. Бұл Назарбаевтың Мәскеуде жасаған баяндамасында көрініс тапты.

(Жалғасы бар)

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2272
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3590