Бейсенбі, 19 Қыркүйек 2019
Жаңалықтар 2368 0 пікір 31 Қазан, 2011 сағат 09:14

Шаба Әденқұлқызы: «Ұлттық өнерді ұлықтауға ұмтылып жүрмін»

- Құрметті  Шаба Әденқұлқызы, шығармашылық кешіңізді өткізейін деп жатыр екенсіз, бәрі сәтті болсын!  Кеш туралы аз-кем оқырмандарға айта отырсаңыз.

- Шығармашылық кеш 16 қарашада Алматыдағы Мұхтар Әуезов атындағы Академиялық драма театрында кешкі сағат 19.00-де өтетін болып белгіленді. Кеште айтылатын әндердің мазмұны жағынан ұлтымызға мақтаныш болып келген халық әндері, елімізге белгілі композиторлардың әйгілі әндері орындалады. Сонымен қатар, өзім жазған әндерді де орындаймын.  Құрманғазы атындағы оркестрдің сүйемелдеуімен бірнеше ән болады. Халқымыздың қасиетті қара домбырасымен және гитарамен де әндер айтамын. Кештің ең басты ерекшелігі - табиғи тірі дауыста өтетіндігінде. Кешке келетін арнайы қонақтар мемлекетттік сыйлықтың иегері Қайрат Байбосынов, көптің көңілінен шығып жүрген әншілер Тоқтар мен Бейбіт, Нұрлан Албан, Ақбота Керімбекова, Ғасыр тобы, қазақ биінің үздік шебері Шұғыла Сапарғалиқызы және өзге де жұлдыздар өз өнерін жұртқа ұсынады. Кеш тәуелсіздігіміздің 20 жылына арналып  "Маржан қыз"  деген атпен ұйымдастырылып отыр.

- Әншілігіңізбен бірге композиторлық ерекшелігіңіздің бар екенін жақсы білеміз. Қанша ән жаздыңыз, қалай орындалып жатыр?

- Негізінде ән айту ата-бабаларымыздан жалғасып келе жатқан ерекшелігім болу керек. Әкемнің де, шешемнің де өнерге деген сүйіспеншілігі аса жоғары еді. Ауыл, елдің ішінде әжептәуір өлең айтып жүретін. Екі әпкем жап-жақсы ән айтады. Солардың арасынан арнайы өнер қуып, білім жолына түсіп, кәсіптік деңгейге көтерілген мен болдым. Қытайда колледждің музыка мамандығы бойынша білім алып шыққан соң, қызмет жолымды шәкірт тәрбиелеу бағытында бастап едім. Алла берген өнер шығар, әдемі әндерді орындай жүріп өзгеше бір күйге еніп, жаңа әуендер шығара бастадым. Арнайы композиторлық мамандықты оқымасам да, баяғыдан бізге белгілі болған халық композиторларының жолын қуып, толыққанды әндерді өмірге алып келдім. Әрі олардың алғашқы орындаушысы өзім болдым. Ауыздан ауызға таралған әндер ел ішін кезіп кетті. Бірнеше ән кассеталарым жазылып, тыңдармандарым жағынан ықыласқа бөленді. Бұл менің өнерге деген қызығушылығымды тіпті де тереңдете түсті.  Осылайша 2002 жылы Құрманғазы атынағы Қазақ Ұлттық консерваториясының дайындық курсына қабылданып, осы оқу орнының арнайы бөлімінде 2004-2008 жылдары аралығында халық әні кафедрасында дәстүрлі ән классын бітірдім. Айрықша айта кететін жайт, Қазақстанның халық әртісі, дүлдүл әнші Қайрат Байбосынов ағамыздың шеберханасында шыңдалғаным - менің ең үлкен олжам болды. 2008-2010 жылдары осы оқу орнының магистратурасын бітірдім. Дипломдық жұмысымды ойдағыдай қорғап, үздік нәтижемен оқуымды тамамдадым. Орындаушылық және ән шығару жағынан кәсіптік деңгейде құлшыныстар танытқандығымнан болар, нәтиже жаман емес. Қазірге дейін 30-ға тарта ән жаздым. Соның жетеуі орындалып жүр. Өнердегі өзім сыйлайтын жұлдыздар Рамазан Стамғазиев, Ұлту Қабаева, Меруерт Түсіпбаева секілді әншілер сахнаға алып шықты. Жалпы өзім орындаған жиырмадан аса ән радиода жиі беріліп жүр. Дәл қазір Т.Жүргенов атындағы өнер Академиясында дәстүрлі ән бөлімінде ұстазбын.

- Сіздің мақтан тұтарлық өнеріңіз болғанымен, көгілдір экраннан көп көрінбейтін себебіңіз не?

- Өзіңізге белгілі өнер жолы кім-кімге де жеңіл емес. Бүгінгідей күрделі заманда халық әнімен халқымызға танымал болу аса ауыр соғып тұр. Дәстүрлі өнер жағында жүрген әрбір адамның басындағы мұң - осы. Уақыт алып келген жаһандану үрдісі өзінің артықшылығы, абзалдығын көрсетумен бірге, ұлттық құндылықтарымызға да зиянын тигізіп жатыр. Уақыт солай болды екен деп, қасиетті өнерімізден қашқым келмейді. Қазақтың халық әндерінде, ұлттық композиторларымыздың әндерінде де әдемілік, сұлулық, көркемдік, терең философия, даналыққа бастар ой жатыр. Ерте ме, кеш пе, ұлтын сүйген ұл-қыздар ұлттық бояуы қалың халық қазынасына тоқтайды. Аз санды батыстанған ағайындарды есепке алмағанда, басым көп қарагөз қандастарым халықтық дәстүрді қорғайды және қолдайды деп нық сенем. "Алматы - менің жүрегімде" ән фестивалінің жүлдегері болғандығым ұлт өнеріне деген құрмет деп сеземін. "Үри-ай" атты альбомымның тыңдармандар жағынан жылы қабылдануы соның айғағы.

- Өнер мектебіңізден хабар таптық, өмір мектебі туралы не айтасыз?

- Жер жанаты Жетісудың тумасымын. Әйгілі Хан Тәңірі бөктеріндегі Райымбек ауданына жалғасып жатқан Өртекес өңірінің қызымын. Ақындар мен батырларға бесік болған шұрайлы өлке, ұйыған қазақы тірлік, өз ортасында есейтті. Аталардан қалған "Сүйіндіктің сүйкемесінен сақта" деп тәмсіл болған тілді-жақты өнерді өмірім деген өлкеде есейдім. Тамырдан дарыған қасиет бүгінгідей қара шаңырағымыздың қара ордасынан білім алу дәрежесіне дейін алып келді. Қайрат Байбосынов секілді ағаларымызбен өзге де апаларымыздың аялауында, алыстан келген ағайынға құшағын ашқан еліміздің еркелетуінде оң-солымызды танып келеміз. Міне, енді 10 жыл бойы өнердегі ізденісімнің жауабы ретінде халықтың өнерін өзіне қайтаруды мақсат етіп, дәстүрлі әндерді әспеттеген шығармашылық есептік кешімді ұсынып отырмын.

- Оқырмандаға айтар ой-тілегіңіз бар ма?

- Ең бастысы  - ғасырлар бойы арман болып, аңсап жеткен тәуелсіздігіміз баянды болсын!  20 жылдың жемісі мен жеңістері мәңгілікке жалғасса екен деп Жаратқанға жалынамын. Өнерін өрге сүйреген ұлтымыз бар жерде ұятқа қалтырмайтын ұл-қызы болуға даярмыз. Сіздердің ақпарат саласында көпке жасаған қызметтеріңіз жемісті болсын деп тілеймін.

Ұлттық өнерді ұлықтаужолында ұмтылып жүрмін. 16 қарашадағы  М.Әуезовтың әдемі залында кездесейік!

- Әңгімеңізге рахмет.

«Абай-ақпарат»

Shaba an by Omirzhan Abdihalyh

0 пікір