Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 4952 0 пікір 31 Қазан, 2011 сағат 05:59

Байжан Дубай. Қырғыздардың таңдауы Атамбаевқа түсті

Алатаудың арғы бетіндегі бауырлар тағы бір президентін таңдады. Бұл жолы қырғыз халқының 62,95 пайызы премьер министр Алмазбек Атамбаевқа сенім артыпты.  16 үміткер таққа таласқанымен, электораттың қолдауына негізінен үш кандидат ие болды. Олар - солтүстік өңірден шыққан Алмазбек Атамбаев және бұрынғы мемлекеттік хатшы Адахан Мадумаров, сондай-ақ төтенше жағдайлар  министрлігін басқарған Қамшыбек Тәшиев. 50 пайыздан артық дауыс жинаған үміткердің ел президенті болуға құқы бар. Сайлау қорытындысы бойынша Мадумаров - 14,92, Тәшиев - 14,42 пайыз дауыс жинап, Алмазбек Атамбаевтан ат оздыра алмады. Бір қызығы, Қырғызстанда билік тұңғыш рет бір басшыдан екіншісіне бейбіт түрде ұсынылды. Осыған дейін Асқар Ақаев пен Құрманбек Бәкиевті тақтан түсіріп, елден қуып жіберген қырғыз ағайындар Атамбаевты сайларда сабырлылық танытты. Бәлкім, артында тұрған күштің мықтылығынан шығар. Қырғызстан ІІМ хабарлауынша, сайлау қандай да бір қақтығыс немесе баскөтеруден ада болды. Ешқандай да заң бұзушылық байқалмаған. Сайлаушылар тізіміне  3 миллион 34 мың  84 адам тіркеліпті. Сағат түскі үшке дейін  электораттың  29,74 пайызы дауыс беріп үлгерді деп хабарлайды "Интерфакс Қазақстан".

P.S  Құқық қорғаушылардың сайлау тыныш өтті дегеніне сену қиын еді. Айтқандай-ақ, ғаламторда Қырғызстандағы сайлау учаскелерінің бірінде оқ атылды деген мәлімет тарады. Белсенділер болса оқиғаның ақ-қарасын айтуға асығар емес.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1574
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2268
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3576