Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3439 0 пікір 28 Қазан, 2011 сағат 17:04

Алматы қала көшелерін қардан тазалауға дайын, деп хабарлайды әкімдік

Алматы. 28 қазан. ҚазТАГ - Алматы әкімдігі көшелерді қардан тазалау үшін жеткілікті көлемде арнайы техника сатып алды, деп хабарлайды қала әкімдігі.

«Кәсіпорындағы арнайы техниканың жалпы саны 288 көлікті құрайды. Оның бәрі жаңа, көшелерді қысқы уақытта тазалауға арнап жарақталған. Осы себепті қалада қарды тазалауға байланысты қиындықтар туындамайды», - деп мәлім еткен «Алматы тазалық» МКК директорі Марат Кесікбаевтың сөзі баспасөз қызметінің ақпаратында келтірілген.

Қала әкімдігі биыл 152 техника, былтыр 98 техника сатып алған.

«Өткізілген тендерлердің аясында кәсіпорын («Алматы тазалық» МКК - ҚазТАГ) қаланың 6 ауданында 8,5 млн шаршы метр аумақта тазалау жұмыстарын жүргізеді, бұл қала аумағының 61%-ын құрайды.Қысқа дайындық кезінде техника аудандар бойынша үлестіріліп, қарды тазалайтын арнайы техниканың орналасуы мен қозғалысының схемалары жасалды», - делінген баспасөз қызметінің жұма күні таратқан баспасөз мәлімдемесінде.

«Алматы тазалық» МКК-сінен басқа, қысқы уақытта қаланы қардан тазалау жұмыстарымен тағы 9 ұйым айналысады. Олардың пайдалануында 37 техника болады.

0 пікір