Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3136 0 пікір 28 Қазан, 2011 сағат 05:14

Желтоқсан -25: Үкімет пен Парламентке үндеу

Қазақстан Республикасының

Үкіметіне және Парламентіне

ҮНДЕУ

Осы жылы Тәуелсіздік жолындағы қазақ халқының көпғасырлық күресінде ерекше маңызға ие 1986 жылғы қазақ жастарының Желтоқсан көтерілісіне 25 жыл толады.

Бұл датаның ерекшелігі, бостандық пен азаттықты аңсаған қазақ ұлты мен көп ұлтты Қазақстан халқының өз жеке саяси құндылықтары мен мүдделерін саналы түрде сезінуінде.

Желтоқсан оқиғасы Алматыдан басталып,  бұрынғы Қазақ ССР-нің көптеген өңірлерінен, қалалардан, ауылдардан тіпті, көрші советтік елдерден ыстық ықылас пен қызу қолдау тапты.

Бұл оқиға КСРО-ның өз ішінде тоталитарлық коммунистік жүйеге қарсы алғаш ашық және жастардың жаппай бұқаралық наразылығына айналды, сол арқылы Бакудегі, Вильнюстегі, Тбилисидегі, Мәскеудегі т.б. қалаларда анти-тотаритарлық бас көтерулерге түрткі болды, қорытындысында коммунистік жүйе құлап, жаңа тұрпаттағы тәуелсіз мемлекеттердің құрылуына жол ашылды.

Қазақ жастарының алаңға қандай да бір халыққа қарсы тұру үшін емес, өз жеріндегі миллиондаған тұрғындардың құштарлығын менсінбеушілерге қарсы шыққанын атап өту қажет. Ұлттық ар-намысты қорғағаны үшін бойжеткендер мен бозбалалар тоталитарлық машина тарапынан саналы түрде озбырлықтың құрбанына айналды. «Желтоқсанның» жүзге жуық қатысушылары сотталып, белгілі бір мерзімге түрмеге қамалды, мыңдаған жастар техникумдардан, жоғары оқу орындарынан қуылды, жұмыстан аластатылып, ит қорлықта қуғынға ұшырады. Осының кесірінен қаншама тағдыр тәлкекке түсті, қызметтік баспалдақ тоқырады немесе білім ала алмауына байланысты олардың көпшілігі жақсы өмір сүру бақытынан қол үзді, өз қабілетін шыңдау мүмкіндігінен айырылып, үміті үзілді, ақырында отбасын әлеуметтік және материалдық тұрғыдан қамтамасыз ете алмады.

Бұл олардың Тәуелсіздік үшін жеке құрбандығы болды.

Біз Тәуелсіздікті алып берген Желтоқсанның орасан зор үлесін лайықты бағалау ғана емес, сонымен бірге оның батырларына қоғам қарызын қайтаруға міндеттіміз. Тәуелсіздік алған күннен бері Президент және Республика басшылығы Желтоқсанға қатысушыларды ақтау, жазықсыз сотталғандарды әлеуметтік қорғау және оқиғаға әділетті құқықтық баға беру туралы ауқымды шара атқаруда.

Осы күні ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында аталған жұмысты жоғары деңгейге көтеріп, Желтоқсанның шынайы мағынасына сай жалғастыру қажет деп санаймыз.

Желтоқсан факторының халықаралық деңгейде мойындалып қана қоймай, дәлелденгенін ескере келе, өткен ұрпаққа тағзым, болашаққа бағдар ала отырып ЖЕЛТОҚСАН КӨТЕРІЛІСІНІҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫ КОМИТЕТІ ҰСЫНАДЫ:

1. Желтоқсанға бұрынғы КСРО-ның тоталитарлық жүйесін талқандаудың бастамасы және Тәуелсіз Қазақстанның дүниеге келуінің алғышарты ретінде саяси-құқықтық баға беру;

2. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасын қазақ және қазақстан жастарының тоталитаризмге қарсы көтерілісі деп ресми тану;

3. Желтоқсан көтерілісіне қатысушылардың құрметіне орай Алматы қаласындағы ескерткіштің негізінде барлық облыс орталықтарына ескерткіш орнату, себебі Алматыдан басталған бас көтеру еліміздің барлық дерлік облыстары мен қалаларында жалғасын тапты, әрі оларды жаншу акциясы жүрді;

4. Еліміздің тәуелсіздігі үшін аса маңыздылығы ескеріле отырып, қазақ халқының тарихындағы бетбұрыс оқиға ретінде Қазақстан тарихы оқулықтарында Желтоқсан көтерілісіне айырықшы мән берілуі тиіс;

Қоғамдық комитет мүшелері:

Смағұл Елубай,

Жазушы, қоғам қайраткері

Азат Перуашев,

«Ақ жол» ҚДП төрағасы

Сабыр Қасымов,

Қоғам қайраткері

Мәмбет Қойгелдиев,

Қазақстан тарихшылары қауымдастығының президенті

Бейбіт Қойшыбаев,

«Әділет» тарихи-ағарту орталығының жетекшісі

Дос Көшім,

«Ұлт тағдыры» қозғалысының жетекшісі

Амангелді Айталы,

Қоғам қайраткері

Айдос Сарым,

«Ұлы дала» қозғалысының тең төрағасы

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1569
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2265
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3563