Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3363 0 пікір 27 Қазан, 2011 сағат 09:23

Қазақстанда барлық министрлікті ҮЕҰ-лармен жұмыс істеуге міндеттейді

Астана. 27 қазан. ҚазТАГ - Бауыржан Мұқанов. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы заң жобасына сай Қазақстанда барлық министрліктерді үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс істеуге міндеттейді, деп ҚР мәдениет вице-министрі Ғазиз Телебаев мәлім етті. «Бүгінге мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты барлық министрлік бірдей беріп отырған жоқ. Заң бойынша олардың барлығы да ҮЕҰ-лармен байланыста болып, бірге жұмыс істеуге міндетті», - деді Ғ. Телебаев бейсенбі күні сенаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитеттің кеңейтілген отырысында.

«Қазір 7-8 министрлік ҮЕҰ-лармен жұмыс істейді», - деді ол.

«Мәселе әрбір министрліктің әлеуметтік тапсырысқа деген сомасын өзі анықтайтындығында. Егер заң қабылданатын болса, үкімет министрліктер мен ҮЕҰ ұсыныстарын ескере отырып, қандай да салаға қажет соманы (әлеуметтік бағдарламаға - ҚазТАГ) анықтайтын болады», - деді Ғ. Телебаев.

Вице-министрдің айтуынша, 2010 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс сомасы Т2 млрд болды.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасымен «әлеуметтік жоба» және «әлеуметтік бағдарлама» ұғымдары енгізіледі. Әлеуметтік жобаларды енгізу мерзімі ҮЕҰ өтініші бойынша 1 жылдан 3 жылға дейін ұзартылды.

Әлеуметтік бағдарлама бірнеше әлеуметтік жобаларды қамтуы мүмкін.

«Дәстүр бойынша мәдениет министрлігі барлық үкіметтік емес ұйымдармен айналысады, бірақ біздің салалық мамандығымыз бойынша, біздер мәдениет саласындағы, ұлтаралық қатынастар, тілдер саласындағы ҮЕҰ-лармен ынтымақтасуымыз керек. Бұл біздің салалық құзыретіміз. Бұл заң бойынша, үкімет қандай да министрлікті құзыретті орган ретінде анықтайды. Және ол ҮЕҰ-ларға көмектесуде үлкен мүмкіндіктер алады», - деді вице-министр.

Ғ. Телебаевтың айтуынша, мемлекеттік тапсырыс саласында жұмыс істейтін ҮЕҰ тізілімдері де жасалады.

«ҮЕҰ тізілімдері дегеніміз, әлеуметтік тапсырыс конкурсына қатысқан ҮЕҰ келесі жылы барлық қажет құжаттарды тапсыруға міндетті емес деген сөз. Және, айталық, мемлекеттік тапсырысты тамаша игерген ҮЕҰ келесі жылы өздерінің заңды тұлға ретіндегі тіркелуін растап, келесі әлеуметтік тапсырысқа қатыса береді», - деді вице-министр.

Бұрын хабарланғандай, ҮЕҰ-ларды мәдениет министрлігі саласынан қаржыландыру сомасы 2003-2010 жылдары 100 есеге артты. 2011 жылы мәдениет министрлігі Т1 млрд-тан астам сомаға мемлекеттік тапсырыс берді. Оларға қоса 4 министрлік тағы Т225 млн бөлді. Қазақстанда 18 мыңнан астам ҮЕҰ бар. Оларда 500 мыңнан астам адам жұмыс істейді

0 пікір