Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3700 0 пікір 26 Қазан, 2011 сағат 09:58

Ақтауда Алматыдан барған журналист соққыға жығылды

Жұлдыз Төлеуова, «Стан.кз» ақпараттық видеопорталы бас редакторының орынбасары:

- Біздің тілшіміз Өркен Бейсенов пен Асан Әмилов Ақтаудағы мұнайшылар ереуілін түсіріп жүрген еді. Естіген боларсыздар, өткен аптада Маңғыстау облысындағы Қытайдың мұнай компаниясында істейтін қытай азаматы  қазақ қызын зорлады деген ақпарат шыққан болатын. Осы ақпаратты жан-жақты зерттеу үшін біз Өркенді Қаламқасқа жіберген едік. Тілшіміз кеше Қаламқасқа барған. Белгілі болғандай зорлыққа тап болған қазақ қызы Қарақалпақстаннан келіп, Қытай компаниясында аспаз болып жұмыс істеген екен. Оқиғадан кейін қытайлар қызға ірі көлемде ақша беріп, Қарақалпақстанға қайтарып жіберсе, қазақ қызын зорлаған қытайлықты еліне аттандырыпты. Тілшілер Қаламқаста қыздың әке-шешесін іздеп, бір жағынан өңірдегі елдің жағдайын біліп, түнделетіп Ақтау қаласына оралған. Бүгін таңертең Ақтау қаласындағы «Маңғыстаумұнайгаз» компаниясының кеңсесіне барып, жоғарыдағы мәселенің анық-қанығын білуі керек болатын.

Сөйтіп, тілші мен оператор жалдап жатқан пәтерлерінен үйдің алдына, сыртқа шыққан кезде 708 мемлекеттік нөмірі бар ақ түсті тойота прадо маркалы машина келіп тоқтап, ішінен төрт жас жігіт түскенде әй-шәй жоқ журналист пен операторды тепкінің астына алған және резеңке оғы бар, денеге жарақат салатын тапаншамен тілшінің арқасынан екі рет және оператордың аяғынан атып кеткен. Әрі журналистің сөмкесіндегі ноутбугін алып кеткен. Тілшімен біз skype тез хат алмасу желісімен хабарласып отыратынбыз.

Қазір тілші мен оператор облыстық ауруханада. Алайда, Өркен жаңа ғана бізбен хабарласып, дәрігерлер қарамай жатқанын айтты. Ауыр соққының салдарынан оператордың басынан қан кетіп жатыр деді.

Ал, журналисттен тартып алып кеткен ноутбук жұмыс істеп тұрғанын білдік. Өйткені, skype тез хат алмасу желісі қосылып тұр. Демек, ноутбукты әкеткен адамдар оны ашып, ішіндегі барлық ақпараттарды алып жатқан болуы керек.

Тілшіміз жергілікті құқық қорғау орындарына шағым түсіріпті. Дәл қазір полицейлер келіп, істің қалай болғанын сұрап жатқан көрінеді.

«Абай-ақпарат»

Aktau_zhurnalist by Omirzhan Abdihalyh

0 пікір