Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3163 0 пікір 26 Қазан, 2011 сағат 07:36

Өміржан Әбдіхалықұлы. Бердионгаровтың беті, Балғин және депутаттық қызмет

Шілденің шіліңгір ыстық күндерінің бірі еді. Алматыда, Д.Қонаев пен Жібек жолы көшелерінің қиылысында депутат пен сайлаушы кезігіп қалады. Депутат - Танирберген Бердионгаров, сайлаушы (электорат) - Рафаэль Балғин. Әлгі жерде күнде кездесе бермейтін, іздесең таптырмайтын, кез келген адамға көріне бермейтін (Бердионгаровтың бетін көрген адам бақытты болады-мыс деген аңыз да бар көрінеді) депутат пен сайлаушы көп сөзге келмеген. Сайлаушы жиырма жыл бедерінде  бойын кернеп келген қоғамдық-саяси ашу-ызасын түкірікке «түйіп», әуелетіп кеп жібереді. «Түкең» әуелеп барып, Бердионгаровтың бетіне түлкіге түскен бүркіттей қона кетеді. Осымен, бұлқан-талқан болып депутат, қайнаған кектің басын қайтарып сайлаушы - екеуі жөніне кете барады.

Бұл оқиға тарихтағы 2011 жылдың 7-нші шілдесі күні болған.

Біздің демократиялық елде сөз бостандығы мен ақпарат алу еркіндігі заңмен бекітілсе де журналистер жоғары жақтың жаңалығынан қашан да жұтап жүреді ғой. Тәубе, оған да жиырма болды. Міне, сол жұтаған журналистер сайлаушы мен сайланушының арасындағы көбікті судың хикаясын жұртқа жайды.

Сөйтіп, жүргенде жазы өтіп, күз келді.

Жуықта Депутат сайлаушыны сотқа беріпті. Сот: «Депутаттық қызмет барысында депутаттың ар-намысына тиді» деп, сайлаушыға айыптау үкімін шығарыпты. Алда сот ісі күтіп тұр.

Айтпақшы, сайлаушы Балғинмен сөйлестік. Ол соттың айыптау үкімімен келіспейтінін  айтты.

Шілденің бірінен бастап Парламент жазғы демалысқа кеткен кезде демалыстағы депутат Жібек жолы мен Қонаев көшелерінің қиылысында қандай  қызмет бабымен жүргеніне қатардағы сайлаушы біздің басымыз жетпей қойды. Сөйтсек, Балғин: «Бердионгаров сол кезде депутаттық қызметпен жүргені туралы анықтама алып үлгеріпті» дейді.

Бәсе, өйтпесе, Бердионгаров депутат бола ма? Демалыстағы депутатына қызметте жүр деп анықтама жазып бермесе, Мәжіліс заң шығаратын, халықтың қамын ойлап қабырғасы қайысқан орын бола ма.

Қазір күз. Күн салқын. Кедендік одақтың кесірінен дүние қымбат. Ашқұрсақ адам көп. Қарны тоймаған адамның түкірігі көп болады дейді білетіндер. Бұл Бердионгаровтың бағы ма, соры ма кім білсін...

«Абай-ақпарат»

0 пікір