Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 2872 0 пікір 26 Қазан, 2011 сағат 04:12

Қазақстан журналистер одағы журналистер күнін өздері тағайындауды ұсынып отыр

Алматы. 25 қазан. ҚазТАГ - Ирина Гумыркина. Қазақстан журналистер одағы журналистер күнін тағайындауды журналистердің өздеріне ұсынып отыр.

«Жарлықпен ешкім таласпайды, бірақ мен біздің 28-ші шілдедегі мерекемізге қатысты жарлықты дайындағандар тізімде қандай да министрліктер бар ма деп қарап, кейін өзгерте салды деп ойлаймын. «Бізде байланыс және ақпарат министрлігі сияқты салалық ведомство бар, демек, байланыс және ақпарат қызметкерлерінің меркесі деп өзгерте салайық деді». (Мәселеге) Өте қарапайым түрде келу», - деді сейсенбі күні баспасөз мәлихаттында Қазақстан журналистер одағының басқарма төрағасы Сейтқазы Матаев.

Оның ойынша, мәселеге осылайша қарау «биліктің баспасөзге деген көзқарасын» көрсетеді және 28-ші шілдеде мекерекені басылымдардың тек 10% ғана атап өтеді.

«Қазақстандағы журналистика - халық шаруашылығының бөлек саласы. Бізде 2500 басылым тіркелген, 90% мемлекеттік емес секторда жұмыс істейді. Мен сол мемлекеттік секторда жұмыс істейтін қалған 10% ғана 28-ші шілдеде мекерекені атап өтетін шығар деп ойлаймын», - деді ол.

С. Матаев сондай-ақ журналистердің өздеріне журналистер күнін тағайындауды ұсынды.

«Журналистер одағы барлдық ұсыныстарды қарауға дайын. Әрине, қоғамдық ұйым - мемлекеттік орган емес, бірақ, басқаша қарасақ, біз мемлекетке қарамай-ақ , өзіміз журналистер күнін тағайындай аламыз», - деп ұсынды С. Матаев.

Ол сондай-ақ, журналистер басқа да кәсіби мерекелерге - 3 мамырдағы сөз бостандығының дүниежүзілік күні және 8 қыркүйектегі журналистердің халықаралық ынтымақтастық күніне  қосыла алатынын атап көрсетті.

Бұрын хабарланғандай, ҚР президентінің 20 қазандағы жарлығымен дәстүрлі түрде 28-ші шілдеде аталып өтілетін журналистер (баспа, радио және теледидар) күні, енді байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні деп аталып өтілетін болады.

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1567
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2261
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3545