Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2613 0 пікір 24 Қазан, 2011 сағат 12:50

«Ортеке» ІІ Халықаралық қуыршақ театрларының фестивалі

Тәуелсіздіктің 20 жылдығы аясында Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі 2011 жылдың 25-27 қазан аралығында Алматы қаласында «Ортеке» ІІ Халықаралық қуыршақ театрларының фестивалін өткізеді.

Фестивальдің мақсаты кәсіптік қуыршақ өнерін көпшілікке тарату болып табылады. Кәсіптік қуыршақ өнері саласындағы халықаралық байланыстарды дамыту, актерлердің кәсіби және орындаушылық шеберлік деңгейін арттыру, сонымен қатар отандық қуыршақ өнерін дамытуға ықпал ету фестивальдің міндеттері болып табылады.

Фестивальға Түркия, Тәжікстан, Татарстан, Өзбекстан, Қырғыстан, сондай-ақ Қазақстанның үздік қуыршақ театрлары қатысады. Фестиваль спектальдері Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының сахнасында көрсетіледі. Қойылымдар балалар аудиториясына арналған. Фестивальдің барлық іс-шараларына және спектакльдерге кіру тегін.

БАҚ өкілдері үшін баспасөз конференциясы, сонымен қатар фестивальдің ашылу салтанаты 25 қазанда өтеді (сәйкесінше 10.00 және 11.00).

Фестиваль аясында төмендегідей спектакльдер көрермендер назарына ұсынылады:

«Гульранг пен Хушранг» - Чкаловск қ. мемлекеттік қуыршақ театры (Тәжікстан);

«Томого» - М. Жанғазиев атындағы Қырғыз мемлекеттік қуыршақ театры (Қырғызстан);

«Қамыр батыр» - «Экият» Татар мемлекеттік қуыршақ театры (Ресей Федерациясы, Татарстан);

«Ұлы Жібек жолына қарай шыққан керуен» - Өзбекстан республикалық қуыршақ театры (Өзбекстан);

«Теңіз қызы» - Измир қ. театры (Түркия);

«Тізгініңді босат та, құстай самға!» - «Алақай» Ақтөбе облыстық қуыршақ театры (Қазақстан);

«Адамдар-құстар» - Маңғыстау облыстық қуыршақ театры (Қазақстан);

«Міржан мен Ахмет» - Оңтүстік Қазақстан облыстық қуыршақ театры (Қазақстан).

Фестивальдің жабылу салтанаты және жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 27 қазан күні сағат 18.00-де өтеді.

Құрамында шетелдік кәсіби мамандар бар қазылар алқасы төмендегі номинациялар бойынша жүлдегерлерді анықтайды:

«Ең үздік спектакль»;

«Ең үздік режиссерлік жұмыс»;

«Ең үздік актерлік жұмыс»;

«Ең үздік суретші жұмысы»;

«Ұлттық драматургияны табысты меңгергені үшін»;

«Спектакльдің ең үздік музыкалық көркемделуі»;

«Фестиваль жаңалығы».

Қосымша мәліметтер алу үшін: 8 (7172) 54-64-55, 54-64-77.

0 пікір