Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
2456 0 пікір 5 Сәуір, 2020 сағат 12:40

42 500 теңге алуға 351 мыңнан астам өтініш түскен

Қазақстанда 351 мыңнан астам адам 42 500 теңге алуға өтінім білдірді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Жедел штаб таратқан мәліметтерге қарағанда, 4 сәуірдегі таңғы сағат 9-дағы жағдай бойынша қазақстандықтардан төтенше жағдай кезеңінде табысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем тағайындауға 351 777 өтініш қабылданды.

Оның ішінде:

eGov порталы арқылы – 292 281;

42500.enbek.kz сайты арқылы – 59 496.

Abai.kz

0 пікір