Сенбі, 20 Сәуір 2024
4260 0 пікір 4 Сәуір, 2020 сағат 17:08

Алматы облысында коронавирус жұқтырған тағы бір адам анықталды

Бүгін Алматы облысында коронавирус жұқтырған тағы бір адам анықталды.

Сырқат адам 1950 жылы туған, зейнеткер. Ол жақын арада шетелде болмаған. 3 сәуірде дене қызуы көтеріліп, басы ауырып, Қарасай ауданы Мерей ауылдық дәрігерлік амбулаториясына медициналық көмекке жүгінген.

Науқас қазір Қарасай аудандық орталық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімінде ем алуда. Науқаспен байланыста болған 10 адам ауруханаға жатқызылды.

Еске салсақ, Алматы облысында індет жұқтырғандар саны 10-ға жетті.

Abai.kz

0 пікір