Жұма, 29 Наурыз 2024
Саңлақ 5169 1 пікір 4 Сәуір, 2020 сағат 14:30

«Футболшылар бір жыл жалақы алмаса да өмір сүре алады»

«Манчестер Юнайтед», «Манчестер Сити», «Ювентус» сынды атақты клубтардың және Аргентина құрамасының бұрынғы ойыншысы Карлос Тевес карантин кезінде қиыншылығы барларға көмектесу керек екенін айтты.

- Біз сөзсіз өзге адамдарға көмектесіп, үлгі көрсетуіміз керек. Футболшылар, әртістер кедей өңірлерге барып көмек қолын созғаны жөн.

Футболшылар жарты жыл немесе бір жыл жалақы алмаса да өмір сүре алады. Біз күндегісін күнде тауып жүрген жандарға ұқсамаймыз. Олар әр күні таңғы алтыда кетіп, кешгі жетіде үйге оралады. Соның бәрі тек отбасын асырау үшін ғана.

Біздің балалар тамақтан тарықпайды. Ал қиыншылығы бар адамдар үйден шықса ұсталады. Шықпаса балалары ашығады. Бұл адамды алаңдатады. Біз үшін үйде отырып алып видео түсіріп, челлендж ұйымдастыру өте оңай. Бірақ біз сыртқа шығып адамдарға нақты көмек беріп, үлгі көрсетуіміз керек. Мен солай істеуге дайынмын, - дейді Тевес.

Елдегі жағдайға біздің «миллионер» футболшылардың реакциясы қандай?

Қуаныш Қаппас

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1565
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2260
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3541