Жұма, 29 Наурыз 2024
Ойдан-қырдан 6131 4 пікір 4 Сәуір, 2020 сағат 14:05

COVID-19. Көршілер қалай күресіп жатыр?

Worldometers.info сайтының мәліметінше, бүгінде COVID-19 пандемиясы әлем бойынша 1 миллион 1 жүз мыңнан аса адамнан анықталған. Салдарынан 60 мыңға жуық адам қайтыс болып, 229,157 адам жазылып шыққан. /соңғы мәлімет/

ҚАЗАҚСТАН

Ал, Қазақстанда соңғы мәлімет бойынша, 500 адамның індет жұқтырғаны анықталды. 29 адам жазылып шығып, 4 адам қайтыс болды.

Күн сайын үдеп бара жатқан қауіпті індетпен күресу үшін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан да төтенше жағдай жариялап, ТЖ кезіндегі қабылданған шаралар туралы мәлімдеме жасады.

ТЖ кезінде Президент қандай шаралар қабылдады?

- Пандемиямен күресте алдыңғы шепте жүрген дәрігерлер мен медицина қызметкерлеріне 3 ай бойы қосымша үстемақы төленеді. Сонымен қатар, олардың өмірін сақтандыру мәселесі де өз шешімін таппақ.

- Зейнетақы, мемлекеттік жәрдемақы мен атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтардың табысын арттыру үшін мемлекет тарапынан 200 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінеді.

- Табысынан айырылған азаматтарға елдегі ең төменгі жалақы 42 500 теңге мөлшерінде көмек көрсетіледі. Және оны өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен ресми тіркелмей жұмыс істеп жүрген азаматтар да алады. Тоқаевтың айтуынша, аталған қаражат еліміз бойынша 3 миллион адамға берілмек.

- Мүгедек және жұмыссыз ретінде тіркелген 800 мыңнан астам адамға тұрмысқа қажетті заттар мен азық-түлік тегін таратылады.

- МӘМС бойынша, сақтандырылмаған азаматтардың медициналық көмек алу уақыты 1 сәуірден 1 шілдеге дейін ұзарады.

- Шағын және орта бизнес өкілдері 1-қазанға дейін еңбекақы төлеу қорынан ұсталатын салықтан босатылады. Ал, ауылшаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлерге бюджеттен 70 млрд.теңге бөлінеді.

Одан бөлек, ҚР Үкіметіне жанармайдың бағасын 15%-ға арзандатып, 165 теңгеге дейін төмендету міндеті жүктелді.

Ал, аталған індетпен күрес көрші елдерде қалай жүріп жатыр?

Путин подписал указ о нерабочей неделе из-за коронавируса - РИА ...

РЕСЕЙ

Бүгінде РФ-да коронавирус жұқтырғандар саны 4,149 адам болған. Салдарынан 34 адам қайтыс болып, 281 адам жазылып шықты.

Ал, індеттің алдын алу үшін Ресей қаңтар айынан бастап Қытаймен және Моңғолиямен шекараларын жауып, әуе қатынасын шектеді, виза беруді тоқтатты. 20 ақпаннан бастап Қытай азаматтарына Ресей территориясына кіруге толығымен тыйым салды. Вирус анықталған елдерден келген азаматтар үшін карантиндік аймақтар құрылды.

Сондай-ақ, елде коронавирустың алдын алу бойынша жедел штаб құрылды. Оны вице-премьер Татьяна Голикова басқарды. 30 қаңтардан - 2 ақпанға дейін Қытай мен Ресей арасындағы автомобильдер мен жаяу жүргіншілер жолы жабылды. Ал, ақпан айында оның мерзімі 1 сәуірге дейін ұзартылатыны айтылды. Сондай-ақ, 31 қаңтардан бастап Мәскеу-Пекин пойызын қоспағанда, Қытаймен теміржол қатынасы да тоқтатылды.

Ал, таралған індетке байланысты 2 сәуір күні РФ Президенті Владимир Путин халыққа үндеу жолдады.

Число заболевших коронавирусом в России может быть выше ...

Онда Ресейдегі карантин уақыты 30 шы сәуірге дейін ұзартылатынын мәлімдеді. Алайда, азаматтардың жалақысы сақталады деді.

Сонымен қатар, Путиннің жарлығымен Федерация субъектілері мен құрылтайшыларының басшыларына қосымша өкілеттіктер беріледі. Олар елдегі денсаулық, адам қауіпсіздігі, экономика және негізгі инфрақұрылымның тұрақтылығын қамтамасыз ету шараларын қолға алмақ.

Ал, елде үздіксіз өндірісі бар кәсіпорындар, медициналық мекемелер мен дәріханалар, дүкендер жұмыс істей береді.

Мектептер қашықтан оқыту форматына ауысқан. Ұстаздар мен оқушылар iSpring Suite дизайнеріне тегін кіру арқылы электронды оқу әдісіне көшкен. Бұл 2020 жылдың 30 сәуірге дейін жалғаспақ.

ҚЫТАЙ

Си Цзиньпин заявил о желании избежать торговой войны с США ...

Коронавирустың ошағы болған Қытайда бүгінгі күні жағдай біраз тұрақталған. Елде вирус жұқтырғандар саны 81 639. Олардың 3,326 адам қайтыс болса, 76,755 адам жазылып шыққан.

2020 жылдың бірінші тоқсанында COVID-19 эпидемиясының салдарынан Қытай экономикасына шамамен 143 миллиард доллар шығын келуі мүмкін екені айтылды.

Ukranews.com сайтының мәліметінше, Қытайда коронавируспен күресу үшін бірқатар шаралар қабылданған.

Китай ввел общенациональные меры борьбы против коронавируса ...

Атап айтқанда, олар індеттің әрі қарай таралмауы үшін кеден бекеттеріндегі карантиндік бақылауды күшейткен. Яғни, кеден органдары елдің барлық шекараларында медициналық көмек көрсету бойынша жедел жоспарды жүзеге асыруды бастаған. Қалаларға кіру және шығу, сондай-ақ жолаушылар температурасын қатаң бақылау үшін медициналық декларациялау жүйесін қайта іске қосты.

Ауыр немесе орташа жағдайдағы науқастар үшін “Төрт концентрация” қағидасы іске қосылған. Оған: пациенттердің шоғырлануы, медициналық сарапшылар, қажетті ресурстар және арнайы орталықтардағы емдеу жұмыстары жатады.

Сондай-ақ, коронавирус алғаш тіркелген Ухандағы науқастарды емдеуге қолдау көрсету үшін бүкіл Қытайдың медициналық ресурстары жұмылдырылған.

Ал, Chinadaily.com сайтының мәліметінше, елде коронавирус жұқтырған науқастар үшін медициналық сақтандыру төлемі мемлекетке жүктеледі.  Сонымен қатар, медициналық материалдардың қол жетімділігін жақсарту, жеке қорғаныс құралдарымен, зардап шеккен адамдар үшін негізгі қажеттіліктермен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілген.

Одан бөлек, ел үкіметі өндірістерді қалпына келтіріп, қазіргі қолданыстағы өндірістерден бірнеше есе қуатты кәсіпорындарды ұйымдастырды. Импорт көлемін кеңейту үшін жергілікті кәсіпорындарға қолдау көрсетті. Медициналық заттарды импорттауға көмектесу және олардың тасымалдануына жағдай жасау үшін трансшекаралық электронды сауда платформалары мен кәсіпорындарын іске қосты.

Сондай-ақ, Қытайдың денсаулық сақтау комиссиясы күн сайын індет туралы хабарлап, туындаған мәселелерге жауап беру үшін әр күні баспасөз конференцияларын өткізеді.

Үкімет сонымен қатар арнайы мамандарды COVID-19 туралы ғылыми зерттеулерімен бөлісуге және қоғамдық мәселелерді шешуге жұмылдырады.

Ал, еріктілер оқшауланған тұрғындарды күнделікті қажеттіліктерімен қамтамасыз етуге көмектеседі.

ӨЗБЕКСТАН

Шавкат Мирзиёев дал понять, что Узбекистан вступит в ЕАЭС как ...

Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 227-ге жеткен. 2 адам өлімі тіркеліп, жұқтырған науқастардың 25-і жазылып шыққан.

16 наурыздан бастап Өзбекстан басқа елдермен әуе және автомобиль қатынасын жауып, Наурыз мерекесіндегі іс-шараларды тоқтатты.

Ал, 3 сәуір күні Өзбекстан Президенті Шавхат Мирзиёев карантин кезінде кәсіпкерлер мен халыққа қосымша қолдау көрсетілетінін мәлімдеді.

Сонымен, Мирзиёев қол қойған Жарлыққа сәйкес:

Біріншіден, туризм және қонақ үй қызметімен айналысатын кәсіпкерлер осы жылдың соңына дейін жер салығы мен мүлік салығын төлеуден босатылады. Олар үшін әлеуметтік салық ставкасы қазіргі 12 пайыздан 1 пайызға дейін төмендетілді. Бұл арқылы туристік қызмет көрсететін компаниялар 1 мыңнан астам субъектіні пайдалана алады.

Екіншіден, карантин кезінде қызметін тоқтата тұруға мәжбүр болған жеке кәсіпкерлер үшін жеке табыс салығы мен әлеуметтік салықтың белгіленген мөлшерін есептеу тоқтатылады. Бұл шамамен 150 мың жеке кәсіпкерге көмектеседі.

Үшіншіден, кірісі алдыңғы аймен салыстырғанда 50 пайызға төмендеген шағын бизнес субъектілеріне салық, жер салығы, мүлік салығы, әлеуметтік және су салығы бойынша салық төлеуді осы жылдың 1 қазанына дейін кейінге қалдыру құқығы берілді. Кәсіпкерлер бұл туралы үйден шықпай-ақ салық органына хабарлай алады.

Төртіншіден, 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап заңды тұлғаларға газ бен электр қуаты үшін алдын-ала төлем жасау бойынша міндетті талап қазіргі 100 пайыздан 30 пайызға дейін төмендетілді.

Бесіншіден, кәсіпкерлікті дамыту қорынан кәсіпкерлерге көрсетілетін көмек ауқымы кеңейеді. Қазіргі уақытта аталған қор кәсіпкерлерге берілген несиелер бойынша шығындардың 8 пайызын өтейді, олардың пайыздық мөлшерлемесі 24 пайыздан аспайды.

Алтыншыдан, қиын жағдайға тап болған халықтың, жеке кәсіпкерлердің және кәсіпорындардың 12 триллион сум несиелерін төлеу мерзімі ұзартылады.

Жетіншіден, халықты, әсіресе әлеуметтік аз қамтылғандарды қолдау бойынша бірқатар шаралар қабылданған.

Атап айтқанда, осы жылдың соңына дейін ұн, өсімдік майы, ет және сүт өнімдері, қант, гигиена өнімдері сияқты негізгі тұтынушылық тауарлардың импортынан кедендік баж салығы мен акциз салығы алынбайды.

Сонымен бірге, балалы отбасыларға жәрдемақы төлеу, бала күтімі және материалдық көмек ағымдағы жылдың наурыз-маусым айларында аяқталады. Одан әрі,жәржемақы төлеу құжаттарды тапсыру қажеттілігінсіз автоматты түрде 6 айдан 1 жылға дейін ұзартылады. Бұл жәрдемақы басқа мұқтаж отбасыларға да төленбек.

Карантин кезеңінде жалғыз басты қарт адамдар мен мүгедектерге 18 түрлі негізгі тамақ өнімдері мен гигиена құралдары тегін беріледі.

Сегізіншіден, үйде өткізілетін іс-шараларды қолдау кеңейтіледі.

Миризиёев Өзбекстандағы өндіріс көлемі мен жұмыс орындарын сақтау, кәсіпорындардың жұмысын жалғастыру аса қажет екенін баса айтты.

Сондай-ақ, Өзбекстан министрлер кабинетінің баспасөз қызметі ақшасы төленбеген жағдайда да екі ай интернет пен мобильді байланыс өшірілмейтінін айтты.

ҚЫРҒЫЗСТАН

Жээнбеков сделал обращение к кыргызстанцам в связи с ...

Соңғы мәлімет бойынша елде вирус жұқтырғандар саны 144-ке жетті. 6 адам жазылып, 1 адам қайтыс болған.

Қырғызстанда коронавируспен күрес дәрігерлер мен дәріханаларды медициналық маска, қолғаптармен қамтамасыз етуден басталды. Әрі қарай бұл әрекет қорғаныс костюмдері, механикалық вентиляторлар, сынақ жүйелерімен толықтырылды.

Бүгінде Қырғызстанға онға жуық мемлекеттен көмек көрсетілген. Олар: Швейцария, БАӘ, Германия, Қытай, Ресей, АҚШ, Жапония, Кувейт, Өзбекстан, Түркия. Сонымен қатар, мемлекетке халықаралық ұйымдар қолдау көрсетуде.

24KG сайтының мәліметінше, USAID (АҚШ-тың Халықаралық Даму Агенттігі) Қырғызстандағы коронавируспен күресу үшін 66 миллион сом бөлді. Кувейттің «Ас Сафа» қайырымдылық қоры 200 мың доллар жұмсады, оның 2 миллион сомы Қырғыз Республикасы Қаржы министрлігінің арнайы шотына аударылды. Германия үкіметі коронавируспен күреске 500 мың евро бөлді. “Сорос Қырғызстан” 100 мың долларлық қор құрды.

Сонымен қатар, Alibaba компаниясының негізін қалаушы миллиардер Джек Ма қаражаты коронавирустық пандемиямен күресте жеті елге көмек береді. Бұл тізімге Өзбекстан, Бутан, Үндістан, Қазақстан, Қырғызстан, Әзірбайжан және Вьетнам кіреді.

Бүгінде Қырғызстанда аталған індеттің салдарынан туындаған мәселе өте өткір. Ел билігі бюджет тапшылығын жабу үшін бар мүмкіндікті қарастыруда. Олардың айтуынша, ел қазынасы 27-28 млрд. шығынға батуы мүмкін.

Сондықтан Қырғыз билігі бұл тығырықтан шығудың жалғыз жолы – қаржылық ұйымдардың “донорлығына” жүгіну деп біледі.

Әзірге Қырғызстанға Халықаралық валюта қоры 120,9 миллион доллар несие бөлді.

Сондай-ақ, Қырғыз билігі коронавируспен күресуге арнайы шот ашқан. Оған саясаткерлер, ірі бизнес өкілдері, шенеуніктер, мемлекеттік компаниялар, жеке тұлғалар мүмкіндігінше ақша аударады. Үкімет бұл қордағы ақшаның қалай жұмсалатыны туралы мәліметтер ашық болатынын айтқан. Бүгінде шотқа 50 миллион 969 мың сом ақша аударылды. Бірақ осы уақытқа дейін есепшоттан бір тиын жұмсалмаған екен.

Ал, қарапайым қырғыз азаматтарына мемлекет емес, жекелеген тұлғалар мен ірі компаниялардың қайырымдылық қорлары көмектесуде. Және дәрігерлер мен полиция өкілдеріне, азық-түлік аса қажет болған адамдарға да солар көмектеседі. Ал, мемлекет әзірге тек осал топтарға көмектесуге уәде беріп, 10 мың тонна ұн бөлген.

ТҮРКІМЕНСТАН

Коронавирус заставил президента Туркмении вспомнить про онлайн-СМИ

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілі Галина Перфильева Түрікменстанда ешқандай коронавирус жоқ екенін айтты.

Ал, Түркіменстан билігі елде “коронавирус” сөзін айтуға тыйым салды. Елдегі ешбір телеарна, басылымдар бұл сөзді қолданбайды. Мектеп пен емханаларда таратылып жатқан брошюраларда да коронавирус деген сөз мүлде жоқ.

Алайда, Азаттықтың Түркімен қызметінің дереккөздері елде коронавирус жұқтырғандар саны күннен күнге артып бара жатқанын, алайда, билік жасырып отырғанын жазған.

Бүгінде бұл елде 1 сәуірден бастап қызмет көрсету орталықтары мен сауда орындары, наубайханалар жабылған.

ИРАН

В Иране продлили ограничения из-за коронавируса

Соңғы мәлімет бойынша, Иранда коронавирус жұқтырғандар саны 53,183-ке жетті. 3 300-ге жуық адам қайтыс болып, 17,900-ден астам адам жазылып шыққан.

Иран билігі бұған дейін халықаралық қауымдастықты Тегеранның санкцияларын тоқтата тұру үшін АҚШ-қа ықпал етуге шақырды деп жазады eadaily.com сайты. Сондай-ақ олар Халықаралық валюта қорынан 5 миллиард доллар қарыз алуға шешім қаылдаған.

Сайт мәліметінше, мұнай бағасының күрт төмендеуі - Таяу Шығыста коронавирустың таралу ошағы болған Иран экономикасына үлкен соққы болды. Ал, оған дейін Иран үкіметі мемлекеттік қазынаны толтыруда үлкен қиындықтарға тап болған.

Коронавирус в Иране напугал весь мир: «Никакой защиты» - МК

28 наурызда ел президенті Хасан Рухани елдің жылдық бюджетінің 20% -ы коронавируспен күреске бөлінгенін айтып, Иранның денсаулық сақтау жүйесі "шетелдік санкцияларға қарамастан мықты және жақсы жабдықталған" деді.

Ал, 29 наурыз, жексенбі күні ол Ислам республикасының қазіргі үкіметін коронавирустың жаңа түрінің таралуына қарсы қажетті шараларды кешіктірді деп айыптап, өзінің саяси қарсыластарын сынға алды.

Әзірлеген Нұрбике Бексұлтанқызы

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1575
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2272
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3586