Жұма, 29 Наурыз 2024
2655 1 пікір 27 Наурыз, 2020 сағат 12:23

Астанада қайтыс болған әйел Алматыға құдалыққа барған

Коронавирустан қайтыс болған 64 жастағы әйел Алматы мен Шуға барған. Бұл туралы Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев айтты,

"Ол Алматыға құдалыққа барған, сосын Шуға қонаққа барған. Барлық жаққа пойызбен барған. Жеке үйде тұрған", - деді облыс әкімі.

Кеше, 26 наурызда Ақмола облысы Қосшы ауылында тұратын әйелдің коронавирустан қайтыс болғаны хабарланған еді. Бұл - коронавирус пандемиясы бойынша Қазақстанда тіркелген алғашқы өлім.

"Нақты мәлімет әзірше жоқ. Ол туыстарынан келген. Алматы мен Шуда қонақта болған. Оны 25 наурызда таңғы уақытта жеткізді, 26 тамызда таңғы сағат 8-де қайтыс болды. 64 жаста еді", - деді әкім.

Мұның алдында Денсаулық сақтау министрлігі әйелдің интенсив терапияның жүргізілуіне қарамастан қайтыс болғанын айтқан еді.

«Денсаулық сақтау министрлігі туыстары мен достарына көңіл айтады. Мұның себебі екі жақты пневмония, тыныс жетіспеушілігі, қант диабеті, сепсис, гипертония және атеросклероз. Пневмонияның себебі - коронавирус болып табылады.

Бұл науқас Ақмола облысына тұрғылықты жеріне тіркелген, көп салалы аймақта болған. Аурухана Нұр Сұлтан қаласында орналасқан», - делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.

Сонымен қатар, ҚР Президенті Қ.Тоқаев қайтыс болған науқастың отбасы мен жақындарына көңіл айтты.

- 64 жастағы әйелдің коронавирустан қайтыс болуы бұл індеттің аса қауіпті әрі карантинді сақтау өте маңызды екенін көрсетеді. Туған-туыстарына көңіл айтамын. Елорда мен Алматыда карантин шараларын күшейтіп, Шымкентте шектеулер енгізу жөнінде шешім қабылданды,- деп жазылған Президенттің Twitter парақшасында.

Ал Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі қауіпті вирустен қайтыс болған әйелмен байланыста болған 5 адамның карантинге жатқызылғанын хабарлады.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1581
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2280
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3606