Сенбі, 20 Сәуір 2024
Коронавирус 2723 5 пікір 26 Наурыз, 2020 сағат 20:37

Қазақстанда коронавирустен бір әйел көз жұмды

Қазақстанда коронавирус инфекциясынан бір әйел қайтыс болды. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлім еттідеп хабарлайды coronavirus2020.kz сайты.

«Құрметті отандастар, бұл шұғыл брифинг. Өкінішке қарай бүгін коронавируспен науқас бір әйел қайтыс болды. Марқұмның туыстарына көңіл айтамыз. Бұл орны толмас ауыр қаза. Ертең Нұр-Сұлтан қаласының Денсаулық сақтау басқармасы марқұмның медициналық көрсеткіштері туралы егжей-тегжейлі ақпарат береді. Бұл жағдай коронавирустың қауіптілігін тағы да дәлелдеп отыр. Қазір болып жатқанның барлығы біз үшін сынақ», - деді Дәурен Абаев «Хабар 24» арнасында онлайн режімде өткен баспаөсз мәслихатында.

Abai.kz

5 пікір