Сенбі, 20 Сәуір 2024
Дабыл 5676 14 пікір 26 Наурыз, 2020 сағат 13:53

«Этникалық ұлтшылдар» мен «қазақ тілділер» бірігетін сәт туды

Қордай оқиғасының алдын ала алмауға және елімізде күннен-күнге өте күрделеніп келе жатқан ұлтаралық қарым-қатынасқа, қазіргі қазақ қоғамның шынайы жағдайына жете ой жүгіртпей, шалағайлық жасаған осы салаға жауапты жоғарғы шенді шенеуініктер мен билікке жақын жүрген саясаттанушылар әм билік қаржыландарып отырған қоғамдық-саяси пікірді саралаушы зерттеу орталықтары мен ғылыми зерттеу институттары кінәлі.

Екі тарап та, не орыс тілінде, не қазақ тілінде жаңа дәуірдегі ұлтаралық қатынасты қайта қарауға шақырған нағыз «қазақ мемлектілігіне» жаны ашитын орыс тілді қандастарымыз мен отандастарымыздың замана төтесінен қойған «Есть ли в Казахстане национальная политика?» және «Что с ней делать?» деген сауалға қайтарған жауаптарына әлі күнге дейін еш мән берген емес. Түйенің танығаны жапырақ дегендейін, өздерінің «Қазақстан – көпұлтты мемлекет» деген догмалық аяр идеясынан жаңылмай келеді. Және барын салып, жалған «қазақ ұлтшылдығымен» күресуден жалықпауда. Елімізде әлем мемлекеттерінің бірде-бірінде жоқ мемлекттік тіл мен титулды ұлттың мәдениетін еш керек қылмайтын «этникалық азшылықтың ұлтшылдығы» феноменін орнатып алғандарын тас қаперден шығарып алады.

Соңғы санақ өткен 2009 жылдан бері нағыз «қазақ мемлекетілігіне» жаны ашитын орыс тілді қандастарымыз мен отандастарымызды «Есть ли в Казахстане национальная политика?» және «Что с ней делать?» деген сауал толғандырып келеді. Орыс тілді БАҚ беттерінде тарих ғылымның кандидаты, Қазақ-Орыс Халықаралық Университетінің доценті Керімсал Жұбатқановтың және бұдан бөлек Сауле Исабаева, Серік Малаеев,  Марлен Зиманов, Мирас Нұрмұханбетов т.б. тамаша талдау-сараптама мақалалары шығып жатыр. Бірақ билік пен оның сөзін сөйлеушілер оған ешқашан құлақ асқан емес. Қазақ тілді орта елеп ескерген емес. Міне, осындай нағыз «қазақ мемлекетілігіне» жаны ашитын орыс тілді қандастарымыз және отандастарымызбен қазақ тілді қоғам қайраткерінің бір үстелдің басында жиылып, моноұлтқа айнала бастаған еліміздің қазіргі және болшақтағы дамуы туралы бір ортақ пікір қалыптастыратын сәт туды. 

Бұл туралы белгілі журналист Сауле Исабаева біздің ұлт саясатымыз қайта қаралуы керек. 120-дан аса ұлт тұрады екен деп одан әлемде жоқ идеяны ойлап тауып, оны мемлекет тұрғындарына күштеп таңудан арылатын кез келді деген ойын ашық айтады.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Арман Төлегенұлы Шураев бұл жайында «Қос әлемді тұтастырудың жолын іздеуге» шақырады. 

Арман Төлегенұлының БАҚ бетіне берген сауалдарынан үзінді келтіретін болсақ, көп нәресеге қаныға аламыз. Осы орайда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Арман Төлегенұлы Шураев:

«Біз әлі КСРО кезіндегі Ұлт саясатын жүргізіп келеміз. Әнші-биші ҚХА құрғанымызбен негізгі пробеламаларды оның назарынан тыс қалдырдық. Өз басым осы ұйымның орнына этнос арасындағы қарым-қатынасты ретке келтіретін арнайы орган құрғанды ұсынар едім. Мысалға, АҚШ мен Канадада әлемнің түпкір-түпкірінен жиналған ұлт пен ұлыс өкілдері тіпті арнайы саладағы құрылым болмаса да бейбіт жағдайда ың-шыңсыз тұрып жатыр.

Ата Заңымызда барлық Қазақстан азаматтары тең деп жазсақ та, бірыңғай ұлт құру үшін бұл жеткіліксіз. Бізге әлдебір барша этностарды ұйыстырушы берік тің керек. Керісінше біз оның орына ешкімге түсініксіз үштілділікті тықпалаймыз.  

Егер маған ерік берсе, мемлекеттің қолынан келетін барша мүмкіндіктерін пайдалана отырып, біздің азаматтардың барлығын мемлекеттік тілді оқып-үйренуге баурай алар едім. Қазақ емес отбасылардан шыққан сәбилер үшін тегін қазақ бала бақшасын ашып, алаш рухты тілдік ортада тәрбилейтін болсақ, бізге кім қой деп жатыр. Қазақ тілінде жоғарғы білім алғысы келген титулды емес ұлттан шыққан шәкірттерге арнап 10-15 пайыздық жеңілдетілген білім беру гранты неге ұсынылмайды? Қазақ тіліне судай жандарға меморгандарда істеу үшін квота берліп жатса оның несі ерсі. Осындай қадамдарға бару арқылы ана тіліміздің бүгінгі қауқарсыз қолданылысының керегесін кеңейтеміз. 

Ең өкінішісі біздің билік солтүстік көршімізге қатты жалтақтайды. Дегенмен біздің ұлт саясатына қатысты орекеңдерге шәкірт болып тәлім алып, үлгі-өнегесінен үйренеріміз көп. Мысалға, тілі бір, діні бір Татарстан Республикасында (РФ субъектісі) ендігі жерде бірде-бір татар мектебі жоқ. Өйткені Ресейде «великий и могучий»-ге зор мәртебе берілген. Ондағы ұлттардың тілдері факультатив аясында оқытылады. Орысты үлгі тұтуға дағыланған елміз, неге біз олардың осы тәжірибесін өзімізде қолданбаймыз? Бізге бұлай жасауымызға кім кедергі болады?

Көпшілік қауым өздерінше егер күшке салсақ, орыс тілінен айырылып қаламыз деген асанқайғылыққа басады. Бұл енді барып тұрған жындының сандырағы!!! Оның Қазақстанда өз күшіне мініп алғаны сондай өз бетімен дербес дами береді. Ана сүті аузынан кеппеген сәбилеріміз көшеге шықса болды орысша сайрап келеді. Ағайындар-ау, жан-жаққа көз салсаңыздаршы, қазақтар түркі халықтарының ішінде орысша тап-таза әм еш мүдірмей сөйлейді, әрі Ресейдің орталық жазығының тұрғындарына қарағанда тілді жетік біледі. Бұны бізден ешкім тартып ала алмайды.

Өз жеке басым жалпы білім беретін мектепте орыс тілін негізгі пән ретінде оқытудың мәнісі жоқ екенін ашып айта аламын. Ең дұрысы әм әділі оны қосымша оқу тілі мәртебесіне дейін төмендетіп, басты күші күніне екі сағаттық мемлекеттік тілді оқытуға бөлуге арнаса. Бұл арада тіл білуді талап етуді үйренуі аса қиынға соғатын ересек славянға қатысты емес.  Жастарға қатысты қолға алған ләзім.

Бүгін елімізде орыс және қазақ деп бөлінетін: екі қосар әлем бар. Олардың арасындағы шыңырау күн сайын тереңдеп келеді. Бұл әлбетте түптің түбінде ешбір жақсылыққа әкеп соқпайды. Ұлт саясатының басты мақсаты екі дай әлемді біріктірудің жолын іздеуге күш салудан тұруы керек. Ол жолдың бірі – қазақ тілінің қанат жайып дамуы болатындығына сенімдімін».

Енді елімізде орыс және қазақ тілінің пайдасына жүргізілген жеңіл және ауыр ассимиляцияға қатысты орыс ұлтының қоғамдық белсенділерінің пікірі қалай соған кезек берейік.

Еліміздің Оңтүстігі мен Шығысында әм Батысында 90-шы жылдары орын алған бұқаралық сипаттағы «қазақтандыру үрдісі» Билік тарапынан өте сақтықпен ауызға алынбайды. Мәселен, ШҚО бұрынғы Семейге қараған Үржар, Мақаншы, Жарма, Шар және Аякөз қаласындағы қазақтардың өзге ұлтқа «ауыр ассимиляция» жасауы тарихшыларымыз бен саясаттанушыларымыз тарапынан еш зерттелмей жабулы қазан күйінде қалуда. Иә, елімізде ауыр және жеңіл қазақтандыру процесі орын алды. Оған көнгендер де бар, көнбегендер де бар. Керісінше кейбір ірі қалалар мен аймақтарда бір жерде жеңіл, ал енді бір жерде ауыр орыстандырудың ассимиляциялау процесі де орын алды. Бұны білгендер де бар, білгісі келмегендер де бар.

Өз кезегінде қазақ жеріндегі ұлттық азшылық саналатын славян тектілердің проблемасын көтеріп жүрген Республикалық «Лад» славян қозғалысының төрағасы Максим Крамаренко «Адамдар өзінің этникалық бірегейлігіне қол сұққанды қаламайды» деген уәжін алға тартады. Әрі еліміздегі полиэтникалық дәуірдің артта қалып, моноэтникалық дәуірдің туғанын, бұл дәуірде ұлт құрушылық сан әм сана жағынан қатты өзгешелікке ұшырайтынын ашық мойындайды. 

Біздегі Заң мен заңнамалардағы «ұлттық азшылық» сөзінен қашушылық туралы өз пікірін былайша білдіреді:

«Но, с другой стороны, отечественное законодательство избегает использования такого международного термина, как «национальное меньшинство». Вместо него применяются термины «этносы Казахстана», «народ Казахстана» и «казахский народ», что формально дает право говорить об отсутствии каких-либо меньшинств. На этом основании декларируется существование единого неделимого народа, который состоит из представителей всех этносов, проживающих на территории РК и имеющих соответствующее гражданство (раздел 2 Концепции развития АНК до 2025 г.), но при этом выделяется особое место для казахского народа, вокруг которого должны консолидироваться другие этносы».

Әрі Максим Крамаренко мырза ҚР Ұлт саясаты жеңіл қазақтандырудан, ауыр қазақтандыруға ауыспаса деген мысық тілеулілік жасайды:

«Из этого можно сделать следующий вывод. Национальная политика РК в основном направлена не на обеспечение прав национальных меньшинств (согласно нашему законодательству, их как бы и нет), а на обеспечение общественного согласия и общенационального единства на основе казахстанского патриотизма, гражданской и духовно-культурной общности этносов Казахстана при консолидирующей роли казахского народа (ст. 3 закона об АНК). Иначе говоря, в основе формирования единой политической нации лежит принцип «мягкой ассимиляции» – раз уж мы признаем консолидирующую роль в государстве за преобладающей этнической группой, а не, допустим, за принципами народоправства или равной силой закона в отношении простого человека и власть имущего. Такой подход, на мой взгляд, и является причиной миграционных настроений среди ряда нетитульных этнических групп. Люди просто не хотят вмешательства в их этническую идентичность. А ассимиляция, даже «мягкая», как раз это и предполагает» деп өз қаупін алға тартады.

Осылайша ұлттық азшылықтың мұңын мұңдаушы, зарын зарлаушы қазақ тілді партия құруға өз қарсылығын былайша білдіреді: «К слову, создание партий по этническому признаку у нас запрещено, с чем я полностью согласен» дей келе, барша партияның этникалық емес тілдік нышанмен тек орыс тілінде ғана құрылып отырғандығын есінен шығарып алады. Екідайға бөлінген саяси кеңістігімізде қазақ тілді топтың өз мүддесін қорғайтын партия құруға еш мүмкіндігі жоқ. Қазақ жерінде «этникалық көпшілікпен» мүддесі еш үйлеспейтін «этникалық азшылықтан» тұратын орыс тілді, орыс ділді партия құруға ғана рұқсат етілген. Қазақ – жетім, қазақ – қор!

Бірақ Республикалық «Лад» славян қозғалысының төрағасы ҚР Гүржі тәжрибесін қолға алуды ұсынады. 

Өз тәуелсіздігін алғаннан кейін Гүржістанда «4+1» жобасы қолға алынды. Ол бойынша ұлттық азшылық өкілдері арнайы түзілген кесте бойынша мемлекеттік тілде жоғарғы білім ала алады: бірінші жылы гүржі тілі қарқынды оқытылып, қалған төрт жылда білім беру келешек алатын мамандығы бойынша жалғасады. Біз осындай жобаны мемлекеттік басқару жүйесіне қатысты неге ұйымдастырмаймыз? Облыстық ҚХА арқылы жас қазақстандықтарды (орыс, татар, украин, шешен және т.б.) іріктеуден өткізіп, мамандығына сай оқытсақ, ұлтаралық қарым-қатнасқа еш қылау түспес еді,- дейді Республикалық «Лад» славян қозғалысының төрағасы.

Қазақстандық саясаттанушы Ислам Кураев та ұлтаралық қатынас мәселесіне қатысты басты қателік «Шындық өмір келбетін көре білмеушіліктің көрсоқырлығы проблемасы» деген ой айтады. 

Саясаттанушы 90-шы жылдардың басында қалыптасқан ұлт саясаты этникалық және діни конфликтілердің алдын алуды ғана күйіттеп, мемлекеттілік тіл мен ұлттық құндылықтарды қадірлеуді назардан шығарып алуынан елімізде тұратын диаспоралар қазақтардан ажырап кетті дейді. Бұл бөліне-жарылушылық идеологиялық жақтан ғана емес, экономикалық, әлеуметтік және басқада нышан белгілер арқылы танылып отыр. 

Бір елді дін біріктіреді, бір елді тіл біріктіреді. Дін біріктіретін жерде ұлтшылдық орын алмайды. Қазіргідей қазақ және орыс болып екі тілдік топқа бөлінген жағдайда  белгілі бір орыс тілін тұтнушы этникалық ортада мемлекттік тілді және титулды ұлттың ғасырлар бойығы құндылығын мойындамайтын ұлтшылдық дерті қазақстандықтардың бойын жайлайды.

Қазақ ұлтшылдығы дегеніміз – өз жерінде өзін сыйлату. Ал, «этникалық ұлтшылдық» дегеніміз – өзгенің жерінде өзін жергілікті ұлттан астам сезіну. 30 жылғы Ұлт саясаты қазақты әлем алдында жер қылып, өзге ұлтты қазақ алдында зор етті. Бұған бүгінгі қазақ тілді орта енді өлсе көнбейді. Ұлт саясатында «этникалық азшылық» емес, жер иесі «этникалық көпшілік» басты орында тұрып, оның діни, экономикалық, рухани-мәдени және әлеуметтік мәселелері ескерілуі керек. 

Ендігі жерде Қазақ Үкіметі КСРО кезіндегідей қазақ ұлтшылдығымен емес, ұлттық азшылық арасындағы Қазақ Елін жайлаған «этникалық ұлтшылдықпен» күресуі қажет. «Этникалық ұлтшылдар» мен «қазақ тілділер» арасында жарасымды диалог қашан орнайды сол кезде ғана Қазақстанда тыныштық орнайды. 

Тек мемлекеттік тілімізге қазіргідей жетім баланың күйін кешірмей, Ата Заңмен жалпыға міндетті әм ортақ етіп қана, елімізді жайлаған «этникалық ұлтшылдыққа» берік тосқауыл қоя аламыз. Қазақ мемлекетінің болшағы «этникалық азшылықтың ұлтшылдығы» феноменінің дертін жеңе алуында. Бұл күреске барша қазақ азаматы өз үлесін қосуы керек. Билік ендігі жерде бұрынғыдай тіл мен ділімізді қадірлемейтін «этникалық азықшылықтың» емес, қазақтың сөзін сөйлеп, жыртысын бірлесе жыртуға қадам басуы керек. Бұл қадамды қазақ ұлты өз мемлектінен көптен бері күтті. Шыдамының да шегі бар... қазақ даласын ауыр қазақтандырудың елесі кезіп жүр...

Әбіл-Серік Әліакбар

Abai.kz

14 пікір