Жұма, 29 Наурыз 2024
Бір сауал 17563 29 пікір 23 Наурыз, 2020 сағат 19:21

Елдегі қиын жағдайда ең дәулетті 50 бай не істеді?

Бүгінде COVID-19 пандемиясы әлемнің 192 еліне таралып үлгерді. Ал, бұл індеттің алғашқы дерегі елімізде 13-наурыз күні тіркелген болатын. Бүгінде Қазақстанда коронавирус анықталғандар саны 62-ге жетті.

Күн сайын ауқымы кеңейіп бара жатқан індетпен күресуге экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттің күш жігері жетпейтінін айтып, ел-халықтан көмек сұраған. Арнайы қор құрып, әркім өз мүмкіндігінше сол қорға қаржы аударуға болатынын айтқан.

Ал экс-президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай әлгінде қорға түскен қаржының сомасы 41 миллион долларды құрағанын хабарлаған.

Күні бүгінге дейін елдегі бірлі-жарым қалталы азаматтар мен қоғамдық ұйымдар қауіпті вируспен күреске деп қаржы бөлгендігі БАҚ-та жария болды. Сонымен, кім, қанша берді? 

«Нұр Отан» партиясы – 150 миллион теңге.

Картинки по запросу "нұр отан"

«Нұр Отан» партиясы - бұл биліктегі доминант партия. 2016 жылғы парламенттік сайлауда (Мәжіліс сайлауы) 82,15% дауыс алған. Үкіметтегі министрлердің дені осы партияның өкілдерінен таңдалады. Ал оның төрағасы - экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев.

«Елбасы» қоры - 200 миллион теңге.

Картинки по запросу "«Елбасы қоры»"

«Елбасы» қоры - Қазақстандағы президенттік қор. 2000 жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке бастамасымен құрылған.

Тимур Құлыбаев – 10 миллион доллар.

Картинки по запросу "Тимур Құлыбаев"

Құлыбаев Қазақстандағы легалды миллиардерлердің алдыңғы бестігіне кіреді. Ол экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы, миллиардер Динара Құлыбаеваның күйеуі. Байлығы - 3,1 млрд. доллар.

Динара Құлыбаева - 4,5 миллиард теңге.

Картинки по запросу "Динара Құлыбаева"

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың екінші қызы. «Forbes» тізіміне енген Қазақстандағы легалды миллиардер. Оның байлығы 3 млрд. 100 млн. долларды құрайды.

Айдын Рақымбаев – 2 миллион доллар.

Картинки по запросу "Айдын Рақымбаев"

Ол Астанадағы (Нұр-Сұлтан) «Hilton Astana» дейтін бес жұлдызды қонақ үйін коронавирус жұқтырған адамдарды жатқызу үшін аурухана ретінде пайдалануға берген. Оған дейін Рақымбаев қазақстандық дәрігерлерге көмек ретінде 100 миллион теңге бөлетінін хабарлаған болатын.

Кеңес Рақышев – 1 миллион доллар.

Картинки по запросу "Кеңес Рақышев"

Кеңес Рақышев – Қазақстанның сауда-өнеркәсіп палатасын 14 жылдан аса басқарған Хамит Рақышевтің ұлы. Иманғали Тасмағамбетовтің күйеубаласы. Оның үлкен қызы Әсел Тасмағамбетоваға үйленген. Қазақстандағы ең бай бизнесмендердің ішінде 7 орында тұрған адам. Оның дәулеті 610 миллион доллар (2019 жылғы дерек).

Ғалымжан Есенов – 2 миллион доллар.

Картинки по запросу "Галимжан Есенов"

Ғалымжан Есенов - Қазақстандағы ең ауқатты адамдардың ішінде 8 орында тұрған адам. Оның дәулеті 545 миллион доллар (2019 жылғы дерек).

Рашид Сәрсенов – 2 миллион доллар.

Картинки по запросу "Рашид Сәрсенов"

70 жастағы Рашит Сәрсенов - Қазақстандағы ең ауқатты адамдардың ішінде 6 орында тұрған адам. Оның дәулеті 780 миллион доллар (2019 жылғы дерек).

Александр Клебанов – 2 миллион доллар.

Картинки по запросу "Александр Клебанов"

Александр Клебанов - Қазақстандағы ең ауқатты адамдардың ішінде 17 орында тұрған адам. Оның дәулеті 390 миллион доллар (2019 жылғы дерек).

Александр Белович – 2 миллион доллар.

Картинки по запросу "Александр Белович"

Александр Белович - Қазақстандағы ең ауқатты адамдардың ішінде 12 орында тұрған адам. Оның дәулеті 480 миллион доллар (2019 жылғы дерек).

Тмур Құлыбаев пен Қайрат Боранбаев

Тимур Құлыбаев және Қайрат Боранбаев коронавирус эпидемиясы салдарымен күреске 1 млрд теңге бөлді

Тимур Құлыбаев және Қайрат Боранбаев коронавирус эпидемиясы салдарымен күреске 1 млрд теңге бөлді.

«KazMinerals» - 400 миллион теңге.

Картинки по запросу "KazMinerals"

Сонымен, «KazMinerals» 400 миллион теңге бөлді.

«Компания Нұрсұлтан Назарбаевтың қиын жағдайда қалған қандастарымызға көмек көрсету идеясын қолдайды және осы мақсатта 400 миллион теңге қаражат жинады», - деп мәлімдеді.

«AITAS KZ» АҚ - 200 миллион теңге.

«AITAS KZ» АҚ коронавируспен күресуге 200 миллион теңге бөледі. Қаражат COVID-19 инфекциясымен күресу үшін медициналық жабдықтар мен дәрі-дәрмектерді сатып алуға жұмсалады.

«Дегдар» гуманитарлық қоры - 100 миллион теңге.

Картинки по запросу "Дариға Назарбаева"

Қазақстан Республикасы Сенатының спикері Дариға Назарбаева басқаратын «Дегдар» гуманитарлық қоры 100 миллион теңге бөліп, Қазақстанда инфекциямен күрес шараларын жүзеге асыруды бастайды. Қор сонымен қатар 2 стационарлық механикалық желдеткіш қондырғысын сатып алды.

«Салиқалы Ұрпақ» қоры - 150 миллион теңге.

Болат Назарбаевтың «Салиқалы Ұрпақ» қоры COVID-19 коронавирусының зардаптарымен күресу үшін өз қаражатынан 150 миллион теңге бөледі. Қаражат коронавирустың зардаптарымен күресу үшін облыстық қорға бағытталады.

Өзгелер:

Патох Шодиев - 200 миллион доллар (Өзбекстанға).

Картинки по запросу "патох шодиев"

Айта кетейік, Патох Шодиев COVID-19 пандемиясымен күресу үшін Өзбекстанға 200 миллион доллар бөлген.

Джек Ма - 14,5 миллион доллар.

Картинки по запросу "Джек Ма"

Ал, Alibaba Group компаниясының негізін қалаушы Джек Ма коронавируспен күресуге 14,5 миллион доллар бөлуге уәде берді.

Билл және Мелинда Гейтс қоры - 100 миллион доллар.

Картинки по запросу "билл гейтс"

Сонымен бірге, бұл індетпен күреске Америкалық миллиардерлер Билл және Мелинда Гейтс қоры 100 миллион доллар бөлетінін мәлімдеген болатын. 

Картинки по запросу "Тим Кук"

Сондай-ақ, Apple компаниясының директоры Тим Кук АҚШ пен Еуропадағы дәрігерлерге «миллиондаған маскалар» сыйға беруге уәде берді. Бұл ақпаратты алғаш рет АҚШ вице-президенті Майк Пенс жариялады.

Картинки по запросу "Илон Маск"

Ал, Tesla and SpaceX компаниясының басшысы Илон Маск пневмониямен ауыратын науқастарға өкпенің жасанды желдетуін (IVL) шығаратын зауыттарын қайта жабдықтауға көмектесетінін айтты.  Маск осы аптада 1200-ден астам (желдеткіш машинаны) жіберетінін мәлімлеген еді.

Картинки по запросу "Марк Цукерберг"

Facebook компаниясының негізін қалаушы Марк Цукерберг қашықтан жұмыс істейтін  әр қызметкеріне мың доллар төлейтінін айтты. Сондай-ақ ол індет жұқтырған адамдарды анықтайтын Калифорния жабдықтарын қаржыландыратынын айтқан.

Біле жүріңіз:

2019 жылдың есебі бойынша Қазақстандағы 50 бай мына кісілер:

1. Владимир Ким - 4 500 000 000 доллар,

2. Болат Өтемұратов - 3 400 000 000 доллар,

3. Тимур Құлыбаев - 3 100 000 000 доллар,

4. Динара Құлыбаева - 3 100 000 000 доллар,

5. Алиджан Ибрагимов - 2 300 000 000 доллар,

6. Рашит Сәрсенов - 780 000 000 доллар,

7. Кеңес Ракишев - 610 000 000 доллар,

8. Ғалымжан Есенов - 545 000 000 доллар,

9. Бақытбек Байсейітов - 540 000 000 доллар,

10. Нұрлан Смағұлов - 525 000 000 доллар,

11. Айдын Рахимбаев - 485 000 000 доллар,

12. Александр Белович - 480 000 000 доллар,

13. Қайрат Боранбаев - 445 000 000 доллар,

14. Данияр Абулғазин - 430 000 000 доллар,

15. Вячеслав Ким -  415 000 000 доллар,

16. Еркін Тәтішев - 412 000 000 доллар,

17. Александр Клебанов - 390 000 000 доллар,

18. Сейітжановтар отбасы - 360 000 000 доллар,

19. Айгүл Нұриева - 350 000 000 доллар,

20. Серік Түлбасов - 340 000 000 доллар,

21. Сергей Кан - 330 000 000 доллар,

22. Айдан Кәрібжанов - 313 000 000 доллар,

23. Владислав Ким - 297 000 000 доллар,

24. Мұқашевтар отбасы - 269 000 000 доллар,

25. Эдуард Ким - 261 000 000 доллар,

26. Дінмұхамет Ыдырысов - 250 000 000 доллар,

27. Олег Новачук - 249 000 000 доллар,

28. Нұрәлі Әлиев - 219 000 000 доллар,

29. Сержан Жұмашов - 210 000 000 доллар,

30. Қанат Көпбаев - 201 000 000 доллар,

31. Дәулет Нұржанов - 199 000 000 доллар,

32. Александр Гарбер - 188 000 000 доллар,

33. Анатолий Балушкин - 185 000 000 доллар,

34. Павел Белович - 150 000 000  доллар,

35. Ерболат Апсалямов - 150 000 000 доллар,

36. Бауыржан Исабаев - 149 000 000 доллар,

37. Берік Қаниев - 146 000 000 доллар,

38. Қасановтар отбасы - 140 000 000 доллар,

39. Алмас Сұлтанғазин - 130 000 000 доллар,

40. Марат Сәрсенов - 121 000 000 доллар,

41. Қаныбековтар отбасы - 120 000 000 доллар,

42. Қаппаровтар отбасы -    114 000 000 доллар,

43. Асхат Омаров - 112 000 000 доллар,

44. Юрий Пак - 110 000 000 доллар,

45. Бахаридин Аблазимов  - 107 000 000 доллар,

46. Сайдулла Қожабаев - 105 000 000 доллар,

47. Алмас Мыңбаев - 96 000 000 доллар,

48. Қайрат Мажибаев - 92 000 000 доллар,

49. Арманжан Байтасов - 91 000 000 доллар,

50. Яков Клебанов - 90 000 000 доллар.

Түйін.

Өзбекте туып, қазаққа кеп байыған миллиардер Патох Шодиевтің бір өзі Өзбекстанға жүз миллион долларлаған қаражатты аударғанын кеше көрдік.

Рас, біздікілердің кейбіреулері Шодиев, Усмановтармен қалта теңестіре алмайтын да шығар. Десе де, жоғарыдағы ерекше ауқаттылардың тізімінен түспейтін біздің елу байдың табыс көзін қарап отырсаңыз, қазақтың қазба байлығы халықтан бұрын осы аз ғана топтың игілігіне жұмсалыпты ғой деген ойға қаласыз. Шындығында солай екені өтірік емес. Хош!

Енді бұл азаматтар, экс-президент айтқандай, мемлекеттің әлі келмей жатқан қауіпті вируспен күресу үшін көмекке келуі керек-ақ! Дәу қалталы дөкейлердің қалтасы осыдан ортайып қалмас еді-ау... Әй, бірақ...

Abai.kz

29 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2277
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3594