Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
Билік 3568 3 пікір 15 Наурыз, 2020 сағат 19:27

Мемлекет басшысы телевизия арқылы үндеу жасайды

Ертең Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизия арқылы үндеу жасайды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты Мемлекет басшысы азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының барлық аумағында 2020 жылғы наурыздың 16-ы, сағат 08:00-ден 2020 жылғы 15 сәуір күнгі сағат 07:00-ге дейін төтенше жағдай енгізді.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы ертең, яғни, 16 наурыз күні телевизия арқылы үндеу жасайды».

Abai.kz

3 пікір