Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3124 0 пікір 30 Қыркүйек, 2011 сағат 06:56

Интернет-конференция: Мәмбет Қойгелдиев (жалғасы)

Интернет-конференциямыздың құрметті қонағы, білгір тарихшы Мәмбет мырзамен Abai.kz ақпараттық порталының оқырмандары арасындағы сұхбат жалғасын тауып отыр. Оқырман қауымға интернет-конференцияның бастапқы жарияланымдарын мұрағаттар қорынан тауып алуға болатынын ескертеміз.

«Абай-ақпарат»

- Ассаламағалейкум, Мәмбет аға! Михаил Фриновский деген кім? 37 жылдардағы қанды террордың белді тұлғасы екені рас па?

Фриковский М.П. (1898-1940) 1936-1938 жж. КСРО ішкі істер халкомның орынбасары қызметін атқарған. Ал оның бастығы Н.И.Ежов. Бұл, әрине, қанды қырғын-саяси репрессия жылдары. М.П.Фриковскидің Қазақстанда жүргізілген репрессияға байланысты көптеген құжаттарға қойған қолдары бар. Өзінің қатыгез істерімен көзге түскен қызметкер.

Түрік тілдес халықтардың бірлігі жөнінде жоғарыда аз да болса айтылды.

Интернет-конференциямыздың құрметті қонағы, білгір тарихшы Мәмбет мырзамен Abai.kz ақпараттық порталының оқырмандары арасындағы сұхбат жалғасын тауып отыр. Оқырман қауымға интернет-конференцияның бастапқы жарияланымдарын мұрағаттар қорынан тауып алуға болатынын ескертеміз.

«Абай-ақпарат»

- Ассаламағалейкум, Мәмбет аға! Михаил Фриновский деген кім? 37 жылдардағы қанды террордың белді тұлғасы екені рас па?

Фриковский М.П. (1898-1940) 1936-1938 жж. КСРО ішкі істер халкомның орынбасары қызметін атқарған. Ал оның бастығы Н.И.Ежов. Бұл, әрине, қанды қырғын-саяси репрессия жылдары. М.П.Фриковскидің Қазақстанда жүргізілген репрессияға байланысты көптеген құжаттарға қойған қолдары бар. Өзінің қатыгез істерімен көзге түскен қызметкер.

Түрік тілдес халықтардың бірлігі жөнінде жоғарыда аз да болса айтылды.

Аян бауырым! Қытай дерек көздеріндегі қазақ тарихына қатысты материалдарды кезінде келісім шарт бойынша Жақып Мырзаханұлы бастаған мамандар сұрыптап қазақ тіліне аударып даярлаған. Олардың алғашқы екі томы «Өнер» баспасынан 2006 жылы жарық көрді. Бұл жарық көрген еңбектердің аударма сапасы жоғары. Ұлттық тарихымыздың көне кезеңіне қатысты мәселелерді зерттеу ісінде бұл еңбектердің мәні зор. Абай атындағы ұлттық педагогикалық университетінің магистратура және докторантура институтында отан тарихынан өткізілетін практикалық сабақтарда бұл кітаптар кең қолданысқа түсті, сондай-ақ магистранттар үшін өте пайдалы болды.

Сіз атаған бес-алты томдық аударма кітаптармен таныса алған жоқпын. Аз тиражбен шыққан сияқты, қолыма түспеді, сондықтан да салыстыра қарауға мүмкіндігім болған жоқ. Ол үшін кешірім өтінемін.

P.S. Шыңжаң қоғамдық ғылымдар академиясы, мүмкін, аталған дерек аудару жұмысына одан ары жалғастырып, кітап түрінде шығарар, сонда балама еңбек есебінде өз бағасын алатындығы күмән тудырмаса керек.

Құрметті Маңғыстаулық Марат бауырым! Бұл екеуін қарсы қоюға қарсымын. Тарихтың жалқы қайталанбайтын беттері. Амангелді мен Алаш қозғалысы ұлттың, елдің болашағы үшін күрестің түрлі деңгейлері мен жолдары «Болмайтын елдің ұлдары  бітпейтін дауды қуады» деген мақал тура айтылған.

Т.Рысқұлов пен Алаш зиялыларының ара қатынасына байланысты да осы ойды айтқан болар едім. Өткен уақыт, ауысқан замандармен бірге бізде есейіп, кемелденуге ұмтылайық.

Аласапыран кезеңдегі тарихи оқиғалар мен тарихи тұлғаларды, олардың қызметін уақыт биігінен әділ бағалуға ұмтылыс жасау бұл да кемелдіктің нышаны.

Құлжа баласына. Алаш тақырыбында жүрген зерттеуші ретінде айтарым: халық алаш қозғалысының мақсат-мүддесін жалпы алғанда түсінді, басқаша айтсақ, халық алаш идеясымен тағы бір қауышты, оны өзінің төл мүлкі, болмысы есебінде қабыл алды. Бұл тұжырым бәрі бітті деген сөз емес. Әлі атқаратын іс шаш-етектен. Маған жұмыс енді басталғандай көрінеді.

Жанашырға! Сәкен Сейфуллин баяндаған тарихи мезгілде халқымыздың, оның жақсыларының әрекетінен алыс пен жақынды, өткінші және мәңгі құндылықтарды ажырата алмай абыржу байқалады. Мұны мойындауымыз қажет. Ол халқымыздың саяси күрес ісінде кенже қалғандығының көрінісі еді. Біз ұлт ретінде болашақ үшін, оның түрлі варианттың жолдары үшін ішкі күрес кезеңдерінен өтпеген елміз. Ондай күрделі процестермен енді ғана бетпе-бет келіп отырмыз.

Қыр баласының немересі. Қазақстан тарихы бойынша оқулықтарда «Ақтабан-шұбырынды, алқакөл сұлама», «алаш қозғалысы», «1986 жылғы Желтоқсан» сияқты тақырыптар өз дәрежесінде ашылмай келеді. Мұндай сынды ең алдымен жоғары білім бағдарламаларына байланысты да айтқан жөн. Бұл мәселе білім министірлігінің ұйымдастырумен өтеттін оқулық авторларының арнайы шақырылған отырыстарында қаралғаны жөн болар еді.

Жалпы Қазақстан тарихынан оқулықтардың сапасы мәселесін біз (Қазақстан тарихшыларының қауымдастығы) тарихшылар конгресінде арнайы сөз етуді жоспарлап, бірнеше баяндамаларды тыңдап белгілі бір тұжырымдарға келуді қарастырған едік. Өкінішке орай, ондай мазмұндағы жиынға қол жеткізе алмадық!

Ал сіз айтқан, Алаш қозғалысы туралы танымдық оқу құралдарын шығару, алаштануға байланысты арнайы бағдарлама (білім жүйесі үшін) даярлау таяу арада атқарылуға тиіс істер. Сондай-ақ бұл кешенді жұмысты санаулы ғана алаштанушылардың мойнына арта салу дұрыс болмайды. Мұндай ұсынысты Білім министрлігінің алдына да қойған жөн.

Құлжа баласының сұрауына. КГБ-ның мұрағаттық құжаттары түгелдей біздің елде емес. Қазақстанға қатысты оның біраз құжаттық материалдары Ресейдің ведомствалық мұрағаттарында. Ол құжаттық материалдардың бізге, яғни зерттеушілердің қолдарына түсер-түспесі белгісіз. Үміт аз, тіптен жоқтың қасында десе де болады. Ал біздің ҰҚК-нің мұрағат қорларында сақтаулы тұрған құжаттық материалдардың өзі-ақ біраз нәрсені ашып көрсетуге жарап қалар еді. Әзірге ол материалдармен мүмкін болғанша тереңірек танысып шығуға мүмкіндік жоқ.

Осы мұрағаттағы материалдармен біраз жылдан бері жұмыс жасаған зерттеуші ретінде айтарым: өткен ғасырдағы саяси репрессия материалдарын айналымға тартпай еліміздің 20 ғасырдағы саяси тарихын жазу мүмкін емес. Сондықтан тарихшылар қауымдастығы болып осы мақсатта біраз жұмыс істеуіміз қажет-ақ.

«ов» жалғауы жөнінде. Кезінде Түркияда «Сақал реформасы», «Киім реформасы», «Фамилия реформасы» т.б. о. с. Реформалар жүргізілген. Кемал Ататүрктің билігі тұсында. Бұл реформалар ортағасырлық османдық Түркиядан жаңа сұраныстарға жауап бере алатын республикалық Түркия жасау әрекетінің көрінісі ғой. Бізге осы сияқты басқа елдердегі өзгерістерді сол күйінде көшіріп алудың қажеті бола қоймас.

Заман басқа. Қоғам да басқа. Осы жағдайды ескере отырып қажет деген шараларды сауатты түрде іске асыру, менімше артық болмас еді. Сіз айтқан Латвияға қатысты мысал сондай шараның көрінісі.

Қазақстан тарихшыларының қауымдастығы. Қауымдастық 2004 жылы тіркелген. 2007 жылы Пекин қаласында өткен Тарих ғылымының халықаралық комитетінің Бас Ассамблеясында осы ұғымға

(Жалғасы бар).

0 пікір