Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3162 0 пікір 30 Қыркүйек, 2011 сағат 06:35

Кәмшат ТАСБОЛАТ. «Ақпараттық соғыста» неге әлсiзбiз?

Қазіргі заман ойшылдарының сөзіне сенсек, Үшінші Дүниежүзілік соғыс бүгіннің өзінде жүріп жатыр. Бұл - ақпараттық-идеологиялық соғыс. Әлемдік ақпарат айдынында кімнің үні басым, соның жеңіске жететіні шүбәсіз. Бұл арада өркениеттер мен мәдениеттер, діндер мен жаңа заманғы ұстанымдар қақтығысында әрбір елдің ақпарат құралы бас біріктіріп, ортақ мемлекеттік мүддені қорғауға тырысады. Бір өкініштісі, Қазақстанда тілдік орта екіге қақ жарылған соң, отандық БАҚ-тар мемлекеттік мүддені ортақтаса көтерудің орнына, өзара дүрдараздыққа түсіп отыр. Бірақ «бөлінгенді бөрі жемей ме?»

Қазіргі заман ойшылдарының сөзіне сенсек, Үшінші Дүниежүзілік соғыс бүгіннің өзінде жүріп жатыр. Бұл - ақпараттық-идеологиялық соғыс. Әлемдік ақпарат айдынында кімнің үні басым, соның жеңіске жететіні шүбәсіз. Бұл арада өркениеттер мен мәдениеттер, діндер мен жаңа заманғы ұстанымдар қақтығысында әрбір елдің ақпарат құралы бас біріктіріп, ортақ мемлекеттік мүддені қорғауға тырысады. Бір өкініштісі, Қазақстанда тілдік орта екіге қақ жарылған соң, отандық БАҚ-тар мемлекеттік мүддені ортақтаса көтерудің орнына, өзара дүрдараздыққа түсіп отыр. Бірақ «бөлінгенді бөрі жемей ме?»

Қазақстанда тіл мәселесі көтерілсе, «бұл өзі айта-айта жауыр болды» деуге болмайды. Тіл мәселесі шешілмейінше, оның өзектілігі мен қоғамдық маңызы да күн тәртібінен түспейді. Бір айта кетер­лігі, қоғамның тамырын басып отырған соң, елдегі көңіл-күйді бұрмаламай бе­рудің орнына, қоғамдағы «ауа райын» өздері жасағысы келетін өзге тілді ақ­парат құралдары да баршылық. Олардың тарататын ақпаратына сенсек, «тіл мә­селесі көтерілген сайын Ресейге көше­тін­дер саны артады», «шабадандарды буып кетіп жатқандар елге қажетті бі­лікті мамандар боп шығады», тағысын тағылары... Әрине, Астана, не Өске­меннен Сыктывкарға немесе Кали­нин­градқа көшуге бел буған азаматтар мұндай шешімді өздері қабылдаған. Бұл өз еріктеріндегі мәселе. Шынын айтсақ, «Время» газеті, «Закон.кз», «Зона.кз.нет» сияқты сайттарда жиі шығатын «ойбай, қазақ тілінің кесірінен...» деген сипаттағы дабыра мақалалардан гөрі, сабырлы комменттерді жазатын азамат­тардың пікірлері маңызды емес пе деп ойлайсың. Тіл мәселесі көтерілгеннен бері тақырыбы «зарлап» тұратын қанша орысша мақала шықты?! Кейде сол мақалаларды бір ғана оқырман пікірі жоққа шығара алмай ма?! Мәселен, таяу­да «Закон.кз» сайтында «Количество русских, желающих переехать из Ка­захстана в Россию, удвоилось» деген ақпарат шықты. Сөйтсек, Ресейдің отан­дас­тарды қайтару бағдарламасы бо­йын­ша бұрындары айына 120 адам өтініш білдірсе, қазір бұл сан 240-қа жетіпті. «Бәріне де қазақ тілі кінәлі» де­ген астар жатыр. Бұл мақаланың астына бір аза­мат: «Кім бұларды қудалап жа­тыр? Онда барып, шалқып жүреміз деп ойлай ма? Кәрістер мен беларусьтар неге жаппай көшіп жатқан жоқ, қазақ тілі олар үшін де ана тілі емес қой?! Яғни бар мәселе тілде емес» деген пікірін біл­діріпті. Әри­не, Ресейді көріп шошып, Қазақстанға қайтып келіп, тіл туралы тіс жармай отыр­ғандар туралы да талай қызық пі­кірлер жазылған онда. Бірақ бар мәселе мынада: бірқатар шенеу­ніктер, лауазым­ды тұлғалар қоғамдағы «көңіл-күйді» қазақша емес, орысша сайттар, ақпа­рат құралдары арқылы біліп, жеке ойла­рын да солардың ықпа­лымен қалыптасты­рып отыратын сияқ­ты. Содан болар, бірен-саран орысша сайтты оқып, мұның ар­ты шуға ұласады деп қорқып, мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған бастама­ларынан бас тарта­тын шенеуніктер де кездеседі. Олар «Маса.кз», «Абай.кз» не­месе «Жақсы.кз» сайттарындағы пі­кірлермен әлі де санаса алмай келеді. Бірақ ескі көз­қа­растағы азаматтар­дың өздері орысша сайттар арқылы бір­жақ­ты пікір қалып­тастырудың кесірінен қоғамның шы­найы көңіл-күйін біліп, «қызуын» өл­шеуден қағылып отыр. Ал сайлаушыға не қажеттігін білмеу, қоғам­нан жоғары өмір сүру ешбір шенеунікті жақсылыққа апармасы анық.
Бірақ бұдан да қорқыныштысы, әри­не, Құдай сақтасын, бірақ елімізге шет­елден пиғылы теріс ақпараттық-идео­логиялық соғыс төнсе, қазақтілді және орыс­тілді БАҚ-тар тілдік бөлініске қа­рамастан, мемлекеттік мүддені біріге көтере ала ма, бір-бірін қолдап, қуаттай ма?! Шыны керек, күмән басым. Біздегі орысша ақпарат құралдары әлі де Ре­сейде өмір сүріп жатқандай, ресейлік әнші, артистерді, саясаткерлерді дәріп­теумен келеді. Олардың кейбірі қазақтың шоу-бизнес өкілдері түгілі, кейде жер­гілікті депутат, әкімдерін де біле бер­мей­ді. Қазақ жастарына, жергілікті оқыр_мандар мен көрермендерге отандық шоу-бизнес өкілдері емес, өздеріне ғана ұнайтын ресейлік ортанқол әншілер мен артистер жақын деп ойлап, соларды ақ­па­раттық тұрғыдан насихаттаумен ке­леді. Бірақ заман өзгеріп жатыр. Қазақ халқының саны өз елінде 67 пайызға жетті, түркітілдес халықтармен бірге са­насақ, 80 пайыз мұсылманбыз. Содан болар, көрермен, тыңдарман мен оқыр­ман сұранысы да ұлттық бағытқа ойысып жатыр. Ресейлік емес, отандық шоу-биз­нес жастарға қызығырақ боп барады. Ресейлік емес, жергілікті саяси қайрат­керлер өмірі де қазақ аудиториясына қы­зық. Яғни қандай БАҚ-тардың бола­шақта сұранысқа ие болатыны осыған байланысты.
Түптің түбінде, көп ұзамай қазақ БАҚ-тарымен біріккен, мемлекеттік, ұлттық мүддені қолдаған орыстілді ақпа­рат құралдарының ғана бұл елде бола­шағы боларына сенім арта аламыз. Қай тілде ақпарат таратпасын, мемлекеттік мүдде бәрінен де жоғары тұруы керек. Бұл арада Қазақстанның мемлекеттік тілі - қазақ тіліне қарсы шығу мем­ле­кеттілік негіздеріне жасалған шабуылмен бірдей. Яғни бір елде бір ғана мүдде болуы тиіс. Әлемдік ұстаным сондай.

Кәмшат ТАСБОЛАТ

http://www.aikyn.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=10127&Itemid=2

0 пікір