Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3282 0 пікір 30 Қыркүйек, 2011 сағат 06:12

Ғалым ҚАЙЫРЖАН. Имекең Маңғыстауға барады екен-міс...

Ақордада болып жататын әртүрлі әңгімені сырғалы құлақтарымен естігендей сыпылдап жеткізетін ханымдардың айтуларына қарағанда, «Көп ұзамай Иманғали ТАСМАҒАНБЕТОВ (суретте) Маңғыстау облысына әкім болып кетеді» екен-міс.

Иә, «Имекең анда кетеді екен, мында барады екен» деген әңгімені бұрындары да талай естігенбіз. Тіпті, Алматыда әкім болып тұрған шағында қасына 6 бірдей министрді ертіп келген вице-Премьер ШҮКЕЕВтің доңайбатынан кейін туындаған гу-гу әңгіменің кезінде Ақ Үйге емін-еркін кіріп-шығатын бір редактор жолдасым  «Президент шақырып алып, әңгімені алыстан қозғанынан-ақ желдің қалай соғарын байқаған Иманғали «НҰРЕКЕ, Сіз берген тапсырманы әлдекімдер сияқты жарым-жартылай орындап, жерге қаратқан күнім жоқ еді. Сіз де мені жерге қаратпаңыз. Елші қылып елден қуатындай айкәпір мінезім жоқ. Рұқсат етсеңіз, елде қалып, бизнеспен шүғылданайын» дегенде Ана кісі «Бар. Жүре бер. Жұмысыңа бекем бол» деген көрінеді» де-е-еп көсілген еді.

Шынында да   Президент Назарбаев Иманғалидың қажыр қайраты мен іскерлігіне бек сенгендіктен оны  қайда салмады. Қирап жатқан жердің бәріне апарды. Ол соның бәрінен абыроймен шыға білді. Былтырғы бір жыл бойы биліктің тілінің тиегіне айналған САММИТТІ қалай өткізді. Шашау шығарған жоқ. Осы тұрғыдан қарасақ, маңғыстаулық мұнайшылардың ереуілі мазасын май ішкендей еткен Президенттің Иманғалиды сол облысқа әкім етіп жіберіп, ушығып тұрған өзекті мәселені соның қолымен шешпегі логикаға әбден сиятын дүние.

Иманғали Нұрғалиұлы барған жер саяси және қызметтік орталыққа айналып, ол отырған тақтың салмағы артып шыға келетіні рас. Оралбай ағам ӘБДІКӘРІМОВ отырған кезде жұрт бар-жоғын ұмытып қалған, тек шет елден келген елшілерден грамота ғана қабылдайтын канцелярияға айналған Мемлекеттік хатшының рөлі Иманғали барғаннан соң ертегідегі батырларша қарыштап өскенін көз көрген еді.

Егер, Президен оны шынымененде түбекті жайлаған жұртқа жіберер болса, онда... екінің бірі! Мойындауымыз керек, Тасмағамбетов - қаржының көзін таба алатын жігіт Һәм ешкімге есесін жібермейтін, есебі түгел азамат. Дегенде, меніңше, Маңғыстауға бара қалса, Тимур ҚҰЛЫБАЕВ басқарып отырған құрылымды жұмысшылардың талап-тілектерін орындауға мәжбүр етеді. Әрине, «өгіз де өлмейтін, арба  да сынбайтын»  шешім негізінде. Сөйтіп, ол жерден де әбүйірмен шығады. Ал, егер, билік ақша бермей қойып, тынысын тарылтар болса, ол жұртқа шындықты жайып салады. Сөйтіп, кімнің кім екенін әшкерелейді. Ол мұртынан майы тамып, мықшиып отыра беретін МӘСІМОВ емес. Мінезді жігіт. Бүгінге дейін жинаған абыройынан айдың-күннің аманында айырылып, айкәпір атануға ол көне қоймас.

Қалай болғанда да, билікті  өздерімен санасуға мәжбүр еткен маңғыстаулық мұнайшылардың ереуілі Ақорданы әбден ойлантып,   Президенттің  МУСИН мен Мәсімовтердің мұндай шетін мәселені шеше алмасын түсінгені, сондықтан ақшасының көптігіне емес, ақылы мен парасатына сенген азаматтарға назар аудара бастағаны   үлкен жетстік деп білеміз.

Дегенменде, келешек күндерімізге барып  келген адам жоқ, болса, ертеңгі таңымыз қалай атырын содан сұрар едік.

«Қазақстан» қоғамдық-саяси апталығы

№ 34 (376)  29 қыркүйек 2011 жыл

Ескерту: Түпнұсқадағы тақырып - «Жоларайырық»

0 пікір