Сейсенбі, 16 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3199 0 пікір 29 Қыркүйек, 2011 сағат 10:52

Талғат Мұсабаев: «Бізге ұлттық мейрамның керегі жоқ!»

Жас қазақ: Сенатор Ғани Қасымов жуырда ғана мәлімдеме жасап, өзіміздің ұлттық ғарыш күні деген мерекеміз болсын деген ұсыныс айтты. Сіз бұған қалай қарайсыз?
Талғат Мұсабаев: Барша өркениетті әлем бір ғана атаулы күнді тойлайды. Ол - 12 сәуір - Ғарыш күні. Бұл мейрам сонау 1961 жылдан бері келе жатыр. Біз несіне өзгелерден ерекшеленуіміз керек?!. Ондай мереке ешкімде жоқ?!. Неге бізде болуы керек?!. Сонда не біз басқа жұрттан артық ұлтпыз ба?
Жас қазақ: Байқоңыр ғарыш айлағын пайдаланатын ресейліктерге жалға беру құнын өсіру жөнінде не айтасыз?
Талғат Мұсабаев: ...Бұл мәселе менің құзырымда емес. Ол анау Қаржы және басқа министрліктердің шаруасы. Жауабым - осы.
Жас қазақ: Міне, бірнеше жылдың жүзі болды Сарыарқаға аспаннан зымыран «жауып» жатыр. Соның әсерінен қаншама адам көз жұмды. Қарағанды облысына биылдың өзінде бірнеше рет қаңғыған зымыран бөлшектері ауылдарға 50-100 метр жерге құлап жатыр. Үкімет осы мәселеге қашан назар аударады? Зымыраннан зардап шеккен ауданның тұрғындарына әлеуметтік, материалдық көмек неге көрсетілмейді?
Талғат Мұсабаев: ...Адамдар неге қайтыс болған? (қатты таң қалды) Мұндай фактілерді өз басым естіген жоқпын. Егер де сондай апат орын алса, оның залалы қарапайым адамдарға тиетін болса, әрине, мемлекет өтемақы төлейді.

Төлен ТІЛЕУБАЙ,
Астана

«Жас қазақ» газеті

0 пікір