Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3204 0 пікір 29 Қыркүйек, 2011 сағат 10:33

Шиеттей жеті баламен қаңғырып жүрмін

Газетімізге келіп түскен хаттарды еш елеусіз қалдырмайтын дәстүр бойынша хат иесін іздеп жолға шықтық. Алматы облысының Кербұлақ ауданының қиян шетінде орналасқан ауылына  жетіп, әрең тапқан хат иесінің жағдайымен жақсылап тұрып танысып, әңгімеге тарттық.

Жалпы  өз  отбасы  жайлы  әңгімеден кейін отбасы тірлігін бақылап, барып қайтуды жөн көрдік. Әңгіме барысы мен отбасылық, әлеуметтік жағдайын көзбен көргенімізде, өтініштегі жазылғандардың тек бергі жағы ғана екенін аңғардық. Бар көргенімізді тәптіштеп жаза берсек, бір газетті толтыруға болары сөзсіз.

Газетімізге келіп түскен хаттарды еш елеусіз қалдырмайтын дәстүр бойынша хат иесін іздеп жолға шықтық. Алматы облысының Кербұлақ ауданының қиян шетінде орналасқан ауылына  жетіп, әрең тапқан хат иесінің жағдайымен жақсылап тұрып танысып, әңгімеге тарттық.

Жалпы  өз  отбасы  жайлы  әңгімеден кейін отбасы тірлігін бақылап, барып қайтуды жөн көрдік. Әңгіме барысы мен отбасылық, әлеуметтік жағдайын көзбен көргенімізде, өтініштегі жазылғандардың тек бергі жағы ғана екенін аңғардық. Бар көргенімізді тәптіштеп жаза берсек, бір газетті толтыруға болары сөзсіз.
«Біздің  тәрбиемізде мемлекетке сенім  арту, Отан сүю, ар-ождан, адал болу деген бар. Бала-шағаға да сол тәрбиені жалғастырсақ дейміз. Өкінішке қарай, тұрғын үй департаменті мен жергілікті басшылар айтқандай, 20-30 жылда үй кезегі келетін болса, расында да 20 жыл тентіретіп, дұрыс білім де берілмеген, салауатты өмір де көрмеген балаларымнан бұл тәрбиенің исін де сезе алмай қалам ба деп қорқамын»,- деп әңгімесін аяқтаған отағасы Дархан Бәдаудың отбасы жайлы тек түйгеніміз, Қазақстандай іргелі мемлекетте мұндай көп балалы, тәрбиелі, үлгілі, әлеуметтік жағдайы өте төмен отбасыларға қол ұшы берілмей отырғаны, әрине, өкінішті жағдай. Отбасылық жағдайы төмен деп айту былай тұрсын, қалай тірлік етіп отырғанына таң қалғанымызды жасыра алмаймын. Неге газет арқылы өтініш жеткізуге мәжбүр болғанын сұрағанымызда: «Сіздер арқылы хат жолдаған себебім, әр айқайымыз тиісті мекеме басшылары мен тиісті адамдарға жете бермейді, шолақ шенеуніктер «жоқ» деген жауаппен, тіпті басқарма бетін көру былай тұрсын, арызымызды қабылдамай қайтарады», - деді отағасы. Расымен де ұран тастап тудыра алмай жүрген балаларымызды Құдайдың бергені деп сүйреп жүрген бұл отбасының мемлекет тарапынан сұраған осы бір өтінішінің өте орынды екеніне көз жеткіздік. Ендігі үміт, құрметті Елбасы, тек өзіңізден күтілуде.
Төменде өтініш иесінің хатын өзгертпей беріп отырмыз.
«Қазақстан-Zaman» газетінің бас редакторы  Ертай Айғалиұлы мырзаға Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Брусиловский, 30, 21-пәтер тұрғыны Хавдан Захчиннан
ӨТІНІШ
Құрметті Ертай Айғалиұлы, мен, Хавдан Захчин, Алматы қаласының тұрғынымын. Жасым 37-де,  он құрсақ көтеріп, жетеуін аман-есен өсіріп, тәрбиелеп отырған анамын.  Елбасының тікелей бастамасымен шетелдегі қазақтардың елге оралуы жөнінде ыстық ықыласының саясында, 2007 жылы тарихи Отанымыз Қазақстанға көшіп келдік. Келген жерім - Алматы қаласы.
Алғаш келгенде бір жолғы қолдау көмегімізді үкімет тарапынан алдық. Күйеуім екеуміз де денсаулығымыз, отбасы жағдайына байланысты жұмыссызбыз. Бала-шағаны интернат сияқты қоғамдық мекемелерге беріп, өзіміз неде болса жұмысқа шығайық десек, олар ат басын ала қашады. Балаларымның біразы қалада, біразы ауылда бөлініп-жарылып жүрміз. Басымызда үй болмауына байланысты, қалада бала оқытып, тұрақтап жұмыс жасау мүмкіндігіміз де жоқ. Әлі күнге дейін қаладан алыс елді мекендерді жағалап жүріп жатқан жайымыз бар. Бұған да шүкір, балаларымыздың ай сайынғы үкіметтен төленетін 8-9 мың теңге және алтын алқа ақшасымен күн көріп келеміз. Екі балам Алматыда мектеп-интернатта оқуда, қалған екеуі Талдықорған қаласы, Кербұлақ ауданы, Көксу ауылында оқуда, үшеуі оқу жасына толмаған. Балаларымның алтауы ер, бірі қыз бала. Балаларымның үлкені 15, кішісі 2,5 жаста.
Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Брусиловский көшесі, 30 үй, 21-пәтерде әпкемнің үйінде тіркеудеміз. Алматы қаласы тұрғын үй мекемесінде 2008 жылдан бері кезекте тұрамыз. Олар «ел қатарлы 20-30 жылда бір пәтер кезегіне жетіп қаласындар» деп, одан ары есігінен қаратпайды. Кезектен тыс пәтер берілетін «аса мұқтаждар үшін» деген жоспарлар жыл сайын болып жатса да, біздің аса мұқтаждық халіміз не аудан әкімін, не қала әкімін еш алаңдатып отырған жоқ. Ал менің отбасым үшін қазіргі балаларымның жағдайы мен білім алу жай-күйі маңызды. 20-30 жыл тентіретіп өсірген ұрпақтан ел не үміт күтеді? Осы отбасылық әлеуметтік жағдайға байланысты балаларымыздың тұрақты, сапалы білім алу мүмкіндігі де төмендеп, әрі ел қатарлы салауатты өмір салтына ілесе алмай отырмыз. Шындығында, менің жасымда 7 бала тәрбиелеп отырған жағдайы төмен отбасы республика көлемінде саусақпен санарлық. Қалада тұрақтайтын орнымыз болғанда, балаларды тиісті оқу орнына орналастырып, ақырындап жұмысымызды жасап, тірлік етіп кетер едік. Жылы орнын  суытып,  тарихи  Отанымызға  оралтқан балаларымыздың елін-жерін сүйетін, патриот азаматтар болуын ата-анасы біз қалай қаласақ, үкіметіміз де назардан тыс қалдырмас деген үміттеміз.
Құрметті редакция, осы өтінішімізді газеттеріңіз арқылы Елбасымызға жолдап, еліміздің егемендігінің 20 жылдық мерейтойы қарсаңында жасалатын әлеуметтік шаралар негізінде, бала-шағамызды оқытып, отбасымызбен ел қатарлы өмір сүруге мүмкіндік жасалуына, болмағанда отбасымыз пәтерлі болып қаламыз ба деген үмітіміздің жалғасын табуына арқау болсаңыздар екен.
Құрметпен, Хавдан Захчин.
«Қазақстан Заман» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2254
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3522