Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3016 0 пікір 29 Қыркүйек, 2011 сағат 10:30

Меруерт ХУСАИНОВА. Шiрiген бидайдан рекордтық көрсеткiш немесе астық науқанындағы бос сөздер

Бүгiнге дейiн елiмiзде 20,1 миллион тонна астық жиналып, бастырылды. Бұл туралы ауылшаруашылық министрi арнайы хабарлады. Қазақстанның астық жинау науқанында рекордтық көрсеткiшке жетуi бұл бiр емес. Жыл сайын осылай. Пәленбай миллион тонна астық өнiмiн аламыз деп алақайлап, жарияға жар саламыз. Алайда мұның шаруалар пайдасынан гөрi зиянын тартып, келесi көктемге әупiрiммен әрең жетедi. Белшесiнен батқан қарызы титықтатып, тоқтап қалған техникасы мезi етедi. Бұл да жыл сайынғы жаттанды көрiнiс. Астық жинау науқаны тұсында шарықтайтын жанармай бағасы жығылғанға жұдырық болады.

Естерiңiзде болса, президент пен министр А.Мамытбеков жарыса жар салып едi. Астық мол шықты, экспорт­таудан алдымызға жан салмаймыз деп. Тiптi сөздерiне қарап, ел астығының бiтiк шығуы осы кiсiлердiң арқасында ма дерсiң. Таңданып үлгермедiк. Жылдағы күзгi науқанда болатын жағдай басталып кеттi. Н.Назарбаевтың солтүстiк аймаққа жасаған iссапарынан кейiн iле-шала жанармай, дизельдi отынның бағасына "жау тидi". Күн сайын өршелене өскен жанармай бағасы мен қолдан жасалған тапшылық шаруаның да тiрлiгiне тұсау салды. Шаруашылық техникасына отын iздеп сабылғандарда есеп жоқ. Жылдағы осы жағдайды реттеудiң орнына К.Мәсiмов "астықты алқапта қалдыруды" кеңес еттi. Аптап ыстық пен қақаған суықта, нөсерлi жауында тер төгiп еткен еңбегi еш болды-ау деп шаруаға қарайласар премьердiң сөзiнiң сиқы осы. Ал 25 миллион тонна астық жинап, әлемдi аузына "қарататын" Мамытбековтiң үнi әр-әр жерден, анда-санда ғана шығатын болды. Өйткенi рекордтық көрсеткiштегi өнiмдi сақтайтын қамба жоқ. Барының өзi жөндеуден өтпеген, жарамсыз.

Аграрлық салаға бөлiнетiн субсидия, жеңiлдетiлген несиелер жоғарыдан бөлiнедi. Тек межелi жерiне жетуi екiталай. Шаруашылық техникаларымен қамтамасыз ету былай тұрсын, әкiмқаралар бар тракторға дизельдi отынды тауып бере алмай дал болады. Осыған дейiн жемқорлықтың салдарынан шаруасы құрдымға кеткен диқанға Кедендiк одақтың кесiрi де оңай тимедi. Биылғы жанар, жағармай бағасының аспандап кету себебi ең алдымен әлгi одақпен тiкелей байланысты. Бақылаусыз жатқан шекарадан Ресейге жанар, жағармайын тасығандар Қазақстандағы ауылшаруашылығын қайтсiн. Қалтасының қамын күйттеп, бетiмен кеткен билiктiң бұнысына алғысын айтқан шығар, сiрә. Шаруашылық техникасына жанармай iздеп шаруа сабылып жүргенде, күн райы да құбыла бастады. Күрт суытқан ауа-райының соңы нөсерi жауын мен дауылдарға ұласты. Миллиондаған тонна болатын астық өнiмдерi алқапта "жайқалып" қалып қойды. Былтыр да, арғы жылы да мыңдаған тонна бидай ештеңеге жарамсыз болып, шiрiп кеттi. Биыл да сол жағдай қайталанғалы отыр. Бұл қалай? Бiр қателiктен сабақ алуға тиiс үкiмет пен министрлiк осы уақытқа дейiн айға бата жасап отырды ма? "Кейбiр проблемалар бар, бiрақ оларды шешу қиын емес",- деген К.Мәсiмов кеше президенттiң алдында басқаша сайрады. Мәсiмов айтқан "кейбiр" проблемалар осыған дейiн шешiлмедi. Ал айналасы бiр-екi айда қалай тарқатылып кетедi?

«Жас Алаш» газеті

0 пікір