Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3483 0 пікір 29 Қыркүйек, 2011 сағат 10:03

Шәріпхан Қайсар. Қазақстанның ақпарат кеңістігі – орыс ұлтшылдарының «өз үйі»

Электрондық поштама «арведи.кз» поштасынан үздіксіз хабар келе бастады. Бұл - ресейлік майл.ру порталының қызметі арқылы қазақстандық барлық поштаға хабарды тегін жіберіп отырғандығының куәсі. Ол порталдың атауы: http://arvedi.kz . Бұл сайт Қазақстандағы барлық шовинистік бағыттағы БАҚ-тармен (әсіресе облыс орталықтарын жаулаған орыс газеттерімен) байланыста. Хабар-ошар алмасып отырады. Олардың мақсаты, орыстар мен славянтектілерді ақпаратпен қамту ғана емес, ресейлік бауырмалдықты ояту екені ақпарат мазмұнынан көрініп тұр. Бір сөзбен айтқанда, Қазақстанның экономикалық кеңістігі Кедендік одақ арқылы алынып тасталса, еліміздің ақпарат кеңістігінің шекарасы қараусыз қалған. Мұндай жағдайда әупіріммен 20 жылдан соң ашылған кәбілдік «Мәдениет» арнасы мен қазақ тіліне көшкен ықпалсыз «Қазақстан» телеарнасының тиімділігі болмашы ғана. Себебі, күн сайын электронды поштамен тегін ақпаратты тықпалап отырған агенттіктерге тосқауыл да, бәсеке де жоқ!

Тіпті электрондық поштасын майл.рудан (қазақстандық домендер тартымсыз) ашатын қазақтар оның ресейлік ақпарат кеңістігінің құралы екенін де білмейді. Оның арғы жағында белгілі бір арнайы қызметтің сығалап отырғаны тағы рас.

«Абай-ақпарат»

0 пікір