Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 6674 0 пікір 28 Қыркүйек, 2011 сағат 11:35

Думан АНАШ. Мұхтар Әуезовтің 50 томдығы жарыққа шықты

Сүйінші!

СЕНСАЦИЯ!

Ұлы Мұхаңды, Мұхтар Әуезовті көзі тірісінде есімі шартарапқа кеткен ғұлама ретінде бақытты ғұмыр сүрді дегісі келетіндер бар. Десе де, тұлғаның ішкі арпалысы мен қоғамдағы сыртқы күштер арасындағы тайталас жазушы жанына беймаза күй кештіргені рас. Абайды тануға кеткен өмірді былай қойғанда, тектіліктің көзіндей Алаш арыстарының тәлімін алған кездер, ұлы зиялылардан айрылу, рухани әкелердің аманатын арқалау, оған адалдықпен қарау һәм кеңестік қоғамда майдан қыл суырғандай кейінгі буынға соның негізгі өзегін классикалық үлгіде қалдыру - Мұхаңа ғана тән жауапкершілік, қилы да қастерлі тағдыр.

Ұлылықты тану да адамды өсіретін тылсым ілім.

Ертең елімізде ұлылық салтанат құрады.

Нақты айтқанда, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының құрылғанына 50 жыл толуына орай өтіп жатқан халықаралық ғылыми-теориялық конференция шеңберінде ұлы жазушы Мұхтар Әуезов шығармаларының 50 томдық академиялық ғылыми толық жинағының тұсаукесері өтеді.

Сүйінші!

СЕНСАЦИЯ!

Ұлы Мұхаңды, Мұхтар Әуезовті көзі тірісінде есімі шартарапқа кеткен ғұлама ретінде бақытты ғұмыр сүрді дегісі келетіндер бар. Десе де, тұлғаның ішкі арпалысы мен қоғамдағы сыртқы күштер арасындағы тайталас жазушы жанына беймаза күй кештіргені рас. Абайды тануға кеткен өмірді былай қойғанда, тектіліктің көзіндей Алаш арыстарының тәлімін алған кездер, ұлы зиялылардан айрылу, рухани әкелердің аманатын арқалау, оған адалдықпен қарау һәм кеңестік қоғамда майдан қыл суырғандай кейінгі буынға соның негізгі өзегін классикалық үлгіде қалдыру - Мұхаңа ғана тән жауапкершілік, қилы да қастерлі тағдыр.

Ұлылықты тану да адамды өсіретін тылсым ілім.

Ертең елімізде ұлылық салтанат құрады.

Нақты айтқанда, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының құрылғанына 50 жыл толуына орай өтіп жатқан халықаралық ғылыми-теориялық конференция шеңберінде ұлы жазушы Мұхтар Әуезов шығармаларының 50 томдық академиялық ғылыми толық жинағының тұсаукесері өтеді.

Шынын айтайық, қазақ жұртында ешқандай шығармашылық өкілінің дәл мұншалықты көлемді еңбегі бұған дейін жарияланбаған екен. М.Әуезовтің қазақ мәдени өмірінде әрқашан салтанат құратынына шүбә жоқ. Сонымен бірге, ТМД аумағында да осындай ауқымды еңбегі шыққан ақын-жазушы жоқтың қасы. Бұл - қазақ руханиятының Тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген сүбелі жеңісі деуге боларлық үлкен оқиға. 15 жыл бойы дайындалған 50 томдық академиялық басылымда есімі елге белгілі айтулы ғалымдарымыз еңбек етті. Олардың маңдай тері мен көз майына мың алғыс. Сонау сұрапыл жылдарда И.Сталиннің өзі Толстойдың тоқсан томдығын шығаруға пәрмен беріп, «Толстойсыз - орыс халқы жоқ» деген деседі. Әуезовсіз - қазақтың да әдебиеті кемел емес. Осы ретте, ұлы жазушының мұрағатында күн демей, түн демей отырған ғалымдардың, М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты мен «М.Әуезовтің» мұражай-үйінің ғылыми қызметкерлеріне қандай марапат айтса да, қалай марапаттаса да орынды.

Бір қынжыларлығы, Мұхаңның асыл сөзі толық жинақталған көптомдықтың таралымы өте аз. Тіпті, еліміздегі кітапханаларға да толық жетпейді. Осы жағын тиісті орындар ескерсе, құба-құп.

Сейіт ҚАСҚАБАСОВ, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры:

Мұхаңның шығармашылығын зерттейтін ғалымдарға бұдан артық олжа жоқ

- 1997 жылы Мұхтар Әуезовтың 100 жылдық мерейтойы қарсаңында ҚР Үкіметі ұлы жазушының академиялық толық жинағын жарыққа шығару жөнінде қаулы қабылдаған болатын. Аталған қаулының негізінде 1997 жылы басталған үлкен жұмыс оңайлықпен жүрген жоқ. Біраз қиындықтарға ұшыраса да бітті. Алғашқы 12 томдығының өзі өте қиындықпен шыққан болатын. Тіпті, шықпай қалатындай қауіп болды. Шығаратын баспа жауапкершіліксіз қарағандықтан, амал жоқ, «Жібек жолы» баспасына ұсыныс жасадық. Бақытжан Қанапиянов басқаратын «Жібек жолы» баспасы біздің ұсынысымызды қабыл алып, 12 томдықты өз қаржыларына тегін шығарды. Осылайша, қалған томдардың барлығын мемлекеттік тапсырыс бойынша «Жібек жолы» баспасы шығарды.

Мұндай 50 томдық қазақ тарихында бұрын-соңды шыққан емес, қазақ жазушысының маңдайына бұйырмаған бақыт. Бұл 50 томдыққа Мұхаңның жазған дүниелеріңнің барлығы толық енді. Мұхаңның көзі тірісінде шығармаларының 6 томдығы шыққан болатын. Кейін 12 томдығы, сонан соң 20 томдығы шықты. Бірақ, онда да көптеген дүниелері қамтылмай қалған болатын. Өйткені, советтік идеологияға, коммунистік партияның саясатына сәйкес келмеді. Әсіресе, «Қилы заман», «Хан Кене», т.б. шығармалары цензураға ілініп, шықпай жүрген-ді. Мұның қатарында жазған хаттары да бар болатын. Сондай-ақ, көптеген шығармалары кезінде күзелген, түзелген болатын. Осы шығармалар қалпына келтіріліп, жарыққа шығарылып отыр.

Бұл 50 томдықта хронологиялық шарт сақталған. Алғашқы кездегі мақалалары да, жазған көркем шығармалары да хронологиялық тәртіп бойынша орналасқан. Бұл - таза ғылыми академиялық басылым. Әр шығармаға үлкен түсініктемелер жазылған. Олардың кейбірінің бір-бірімен өзара байланыстары да қамтылады. Мәселен, шығарма қай уақытта жарияланды, қандай тағдырды бастан кешірді, шығарманың түпнұсқасы қандай еді, жарыққа шыққан кездегі нұсқасы қандай болды? Осыған орай, барлық тарихи, әдеби түсініктер бар. Сонымен қатар, хаттары, мақалалары, сөйлеген сөздері, шетелге барғандағы сөздері, жазған очерктері түгел қамтылды. Сондықтан, бұл біздің мәдени өміріміздегі үлкен оқиға деуге болады. Мұхаңның 50 томдығы қайта шыға ма, кім білсін, бірақ, осы шығуы қазақ мәдени өміріне қосылған үлкен үлес болса, екіншіден, еліміздің де өркендегенінің бір белгісі деп ойлаймын. Өйткені, басқа елдерде, әсіресе, кеңес өкіметі құлағаннан кейінгі уақытта ТМД елдерінде бірде-бір жазушының 50 томдығы жарияланды дегенді естіген жоқпын. Бұл үлкен мұрамызға, ұлы қайраткерімізге деген ілтипатымызды, құрметімізді көрсетеді.

Мұхаңның шығармашылығын зерттейтін адамдарға бұдан артық олжа жоқ. Ғалымдар бұрынғыдай Мұхаңның мұражай үйіне барып, әуре болмайды. Барлығы осы 50 томдықта айтылған, қамтылған, түсінік берілген. Шығармаларын эстетикалық, көркемдік тұрғыдан зерттеуге толық мүмкіндік бар. Сондықтан, бұл мақтануға, сүйінші сұрауға тұрарлық басылым. Біздің институтымыз ұлы Әуезовтің атындағы институт болғандықтан, 50 томдықты шығару бізге үлкен абырой болды.

Әрине, тоқсаныншы жылдары баспалардың жауапсыздығынан көптомдықтың таралымы дұрыс болмады. Бұл мәселе жолға қойылғаннан кейін 2000 данамен шыға бастады. Тоқсаныншы жылдары көптомдыққа жазылуды бастағанымызбен, кейін аяқсыз қалды да, сол кездегі жазылым бойынша 3 мың данамен шектеліп қалды. Қазір 3000 данамен шығуда.

50 томдықты шығару жолында көптеген ғалымдар, институт, соның ішінде Әуезовтің мұражай үйінде істейтін ғалымдар еңбек етті. Редколлегия құрамында көптеген елге белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері бар.

«Алматы Ақшамы», 113, 27-қыркүйек, 2011

0 пікір