Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3127 0 пікір 28 Қыркүйек, 2011 сағат 08:20

Интернет-конференция: Мәмбет Қойгелдиев (Басы)

Конференциямыздың кезекті қонағы Мәмбет Құлжайбайұлы оқырмандар тарапынан келіп түскен сауалдардың алғашы легіне жауап беріп отыр. Тарихшы оқырманмен сұхбаты барысында: «Ия, рас, бізге бүгін мемлекетшілдік, отаншылдық, халықшылдық ұстанымындағы билік қажет» дей келіп, Алаш зиялылары мен бүгінгі қазақ зиялыларын тарихи дерек арқылы салыстырып, ой түюді оқырманға қалдырады.

«Абай-ақпарат»

 

Ассалаумағалейкум, құрметті сұхбатқа шыққан бауырым!

Сенімен ана тіліміз - қазақ тілінде ұлт тарихы, оның Алаш қозғалысы сияқты тақырыбы бойынша пікір алысу мен үшін біріншіден, өте жоғары мәртебе, екіншіден, үлкен ләззат әкелетін іс. Маған жолдаған сауалдарыңыз үшін үлкен рахмет! Енді сұхбат тақырыбына көшейік.

Алаш идеясын қалай жүзеге асыруға болады? - дейді Асқарәлі бауырым.

Менің түсінігімше, Алаш идеясының іске асқанын қалайтын әрбір азамат оны өзінен бастағаны жөн.

Конференциямыздың кезекті қонағы Мәмбет Құлжайбайұлы оқырмандар тарапынан келіп түскен сауалдардың алғашы легіне жауап беріп отыр. Тарихшы оқырманмен сұхбаты барысында: «Ия, рас, бізге бүгін мемлекетшілдік, отаншылдық, халықшылдық ұстанымындағы билік қажет» дей келіп, Алаш зиялылары мен бүгінгі қазақ зиялыларын тарихи дерек арқылы салыстырып, ой түюді оқырманға қалдырады.

«Абай-ақпарат»

 

Ассалаумағалейкум, құрметті сұхбатқа шыққан бауырым!

Сенімен ана тіліміз - қазақ тілінде ұлт тарихы, оның Алаш қозғалысы сияқты тақырыбы бойынша пікір алысу мен үшін біріншіден, өте жоғары мәртебе, екіншіден, үлкен ләззат әкелетін іс. Маған жолдаған сауалдарыңыз үшін үлкен рахмет! Енді сұхбат тақырыбына көшейік.

Алаш идеясын қалай жүзеге асыруға болады? - дейді Асқарәлі бауырым.

Менің түсінігімше, Алаш идеясының іске асқанын қалайтын әрбір азамат оны өзінен бастағаны жөн.

Студент болсақ, жақсы да сапалы білім алуға, жұмысшы болсақ, сұранысқа лайық өнім өндіруге, қызметкер болсақ, жүктелген міндетті таза да уақтылы атқаруға ұмтылып, бәріміз де мемлекетіміздің іргетасын нығайта түсуге, оның халықшыл ұстанымда болуына өз үлесімізді қосқанымыз жөн. Бұл, әрине, біреулерге тым ескі де қияли түсінік болып көрінуі әбден мүмкін. Ал шындығында, бүгінгі дамыған елдердің бәрі де осы жолдан өткен.  Сырттай қарапайым болып көрінгенімен, бұл жолдан абыроймен өту жеңілге түспей тұр. Бұл - біріншіден.

Екіншіден, Алаш идеясы - ұлттық, қазақ идеясы, яғни, ұлтты жалпы адамзат көшінен қалдырмау, оның өмірін бүгінгі күрделі сұраныстарға бейімдеу. Бұрын біз империя құрамында едік. Түрлі қоғамдық мәселелеріміздің тізгінінің ұшы сонау алыста болатын. «Қап, әттеген-ай, енді қайттік» деп өкінетінбіз, іштей кіжінетінбіз. Енді билік тетігі өзіміздің қолымызда. Билік жүйесінің біз қалағандай бағыт және мазмұнда жұмыс жасауы қоғамның белсенділігіне, оның жалпы мәдени, интеллектуалдық денгейіне тәуелділігі байқалады.

Біреулер  айтуы мүмкін: «ертегіңді қоя қой, халыққа ондай белсенділік танытуға мүмкіндік берілген жоқ» деп. Ия, рас, бізге бүгін мемлекетшілдік, отаншылдық, халықшылдық ұстанымындағы билік қажет. Өйткені халқымыз кеңестік кезеңдегі жетекшілдік психологиядан арыла алмай келеді. Сондықтан да қазақтың осы күйіне жанашырлықпен қарап, оның жаңа сапаға өтуіне көмектесе алатын, кәсіби деңгейі жоғары басқару жүйесі қажет-ақ.

Ондай жүйе ғайыптан пайда болмайды. Революциялық әдіс-құралдар да бұл мәселені шеше алмайды. Мұндай мұратқа қоғаммен оны сыйлайтын биліктің өзара шыдамды көп жылдық мақсатты еңбегінің нәтижесінде қол жеткізуге болады. Әлемдік соның ішінде батыстық елдердің тәжірибесі осыны көрсетіп отыр.

Отандық білім жүйесі кейінге қалдырмай бүгіннен, дәл қазіргіден бастап қоғам мен билікті осындай ортақ мақсатқа бастайтын тұлғалы азаматтарды ондап, жүздеп, мыңдап даярлауға міндетті. Яғни, білім жүйесі таза технократтық сипатта емес, белгілі дәрежеде, рухани мазмұнда болғаны жөн. Рухани мазмұнсыз материалдық өндіріс қоғамды тұйыққа апарып тірейді. Оның кейбір белгі, көріністерін байқапта, көріпте жүрміз. Яғни, тұлғалы азамат дегеніміз ұлттық компонентті қоғамдық өсіп-өркендеудің құрамды бөлігі ретінде мойындайтын белгілі бір кәсіп иесі.

Ақорда мен Алашорданы салыстыра қарау жөнінде.

Бұл әркімнің өз шаруасы. Мен оларды тек қарсы қою тұрғысынан қарастыру дұрыс еместігін айттым.

Келесі сауал. Социализм-капитализм жөнінде.

«Изм» дегенде еріксіз революциялық өзгерістер еске түседі. Ешқандай да «измдерсіз» өсіп, өркендеп отырған қоғамдар аз емес.

Астанадан біреуге: өз бесігін сыйламаған апаларымызды «жалмауыз» десеңіз де, «мыстан» десеңіз де жарасады. Тегінде халқымыз ертегілерде мұндай кейіпкерлерді бекерден бекер сомдамаған-ау! Бұл ретте ұлттық кино өнеріміз кенже қалып қойғаны даусыз.

Орыс немесе татар қызына үйленген алаш зиялылары жөнінде.

Жапон халқының тамаша мақалы бар: «Бұрынғылардың жүрген ізімен жүрме, ал бірақ олардың іздегенін ізде» деген. М.Шоқай отанын жоғалтпау үшін шарасыздан батысқа барды. Осы жолда, күресте мерт болды. Оның осы күресінде сенімді серігі адал жары орыс қызы Мәрия Горина-Шоқай болғандығын қайтіп ұмытамыз.

Ол дағы бір қайталанбас заман ғой! Ал мындай жайбарақат заманда өз ұрпағына ие бола алмай отырған замандасымызға не айтуға болады?

Армысыз інім! Менің түсінігімше, рулық - жүздік  сана ұлттық, мемлекетшілдік санаға отын бола алмайды. Біз бүгін басымдылықты саналы түрде мемлекетшілдік санаға бергеніміз жөн. Жерімізді, елдігімізді сақтаудың басқа жолы жоқ.

1917 жылдың соңында Бүкіл ресейлік Құрылтайға қазақтан өкіл сайлау науқаны басталып кеткенде, Алаш атынан өкілдікке түскен Міржақып Дулатұлы кенеттен Құрылтайға депутат болып сайланудан бас тартатындығын мәлімдеді. Шамамен келтірген уәжі: «депутаттыққа түсіп жатқандардың басым бөлігі арғындар екен деген күңкіл сөз шықты. Мен арғын үшін ғана емес, қазақ елі үшін деп «қазақ» сияқты газет шығаруға, басқа да қам-қарекетке атсалысып жүрген жанмын. Мені тек арғынға телу қорлаумен тең. Сондықтан да, депутаттар бір арғынға кем болсын деп кандидатурамды кейін қайтарып аламын». Міне биік азаматтық ұстанымның үлгісі. Өкінішке қарай, бүгінгі зиялыларымыздың арасынан Сіз айтқандай көңіл-күйді байқағанда «Япыр-ай, бір ғасыр уақыт өтсе де сол алаштық буын алған рухани биіктікке жете алмағанымыз ба?!» деген өкініш көңілді тырнайды.

(Жалғасы бар)

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1559
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2249
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3499