Сенбі, 28 Наурыз 2020
1489 3 пікір 27 Ақпан, 2020 сағат 14:07

Өзбек-қазақ шекарасында ақша бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Түркістан облыстық полиция департаменті ҰҚҚ-ның Түркістан облыстық департаменті қызметкерлерімен бірге "Сарыағаш" ұйымдасқан қылмыстық тобын ұстады. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Сайт мәліметі бойынша, қылмыстық топ өзбек-қазақ шекарасындағы "Қабланбек" бекетінде ақша бопсалаумен айналысқан. Олар ұзақ уақыттан бері жүк көліктерінің жүргізушілерінен бекеттен өткені үшін 15000-50000 теңге (шамамен 40-133 доллар) алып отырған.

Ақша төлеуді бас тартқандарды қорқытып, ұрып-соққан, көліктің терезесін шаққан, дөңгелегін жарған.

Барлығы 13 күдікті қолға түсті. Олардың барлығы Түркістан облысының тұрғындары.

Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдіктілер қамауда отыр.

Abai.kz

3 пікір