Сенбі, 28 Наурыз 2020
Билік 585 0 пікір 27 Ақпан, 2020 сағат 12:43

Мемлекет басшысы Асхат Аймағамбетовті қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовті қабылдады.

Президентке білім және ғылым саласының қазіргі ахуалы жайында баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары білім берудің сапасын одан әрі арттыру, қала мен ауыл мектептеріндегі білім сапасының деңгейін сәйкестендіру қажеттігіне баса мән берді. Сонымен қатар балаларға қосымша білім беру шараларын көбейтудің, мектептерде тәрбие жұмыстарын белсенді жүргізудің маңыздылығын атап өтті.

Мемлекет басшысы облыс әкімдерімен бірлесіп апатты және үш ауысымдағы мектептердің проблемасын шешу, білім беру ошақтарында күрделі жөндеу жұмыстарын уақтылы жүргізу қажеттігін айтты.

Сондай-ақ Президент ғылым саласын қаржыландыру және басқару жүйесін жаңғырту шараларын қабылдауды, ғылымға бөлінетін қаржы көлемін көбейтуді, ғылыми кадрларды дайындаудың тиімділігін арттыруды тапсырды.

Abai.kz

0 пікір