Жұма, 19 Сәуір 2024
6632 36 пікір 25 Ақпан, 2020 сағат 12:58

Нұр-Сұлтанның тергеу изоляторында белсенді Дулат Ағеділ қайтыс болды

Бүгін Нұр-Сұлтанның тергеу изоляторында белсенді Дулат Ағеділ қайтыс болды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлаған. 

-Нұр-Сұлтанда тергеу изоляторында таяуда жеткізілген қоғам белсендісі 1977 жылғы Дулат Ағаділ қайтыс болды. Ол сотқа құрметсіздік танытып, судьяға балағат сөздер айтқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды, - дейді полицейлер.

Сот сараптамасының қорытындысы оның ұсталған кезде мас күйде болғанын көрсетті.

Полицейлердің мәліметінше, өлімнің алдын ала себебі - жүрек-қан тамыр жеткіліксіздігі. Денесінде ешқандай жарақат болмаған. Қазір сотқа дейінгі тергеу басталды.

Abai.kz

 

36 пікір