Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
2942 13 пікір 21 Ақпан, 2020 сағат 11:30

Өзбекстан Қазақстанға киім-кешек экспорттайтын алғашқы үштікке кірді

Өзбекстан 2019 жылы Қазақстанға 10 мың тонна киім экспорттаған. Бұл жөнінде жергілікті БАҚ хабарлайды.

Былтыр Қазақстанға 670 600 000 АҚШ долларға (62 000 тонна) жеңіл өнеркәсіп тауары импортталған.

Бұл тауардың тең жартысы (31 тонна) Қытайдан келеді. Атап айқтанда, қытайлықтар Қазақстанға 181 800 000 долларға киім-кешек сатқан.

Екінші орында Ресей тұр. Ресейден 195 млн долларға 10,5 мың тонна киім әкелінген.

Қазақстанға сонымен бірге Түркия, Бангладеш, Беларусь және басқа елдерден тауар импортталады.

Abai.kz

13 пікір