Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Саңлақ 4623 0 пікір 20 Ақпан, 2020 сағат 14:21

Азия чемпионаты: Грек-рим күресінен бес медаль бұйырды

Тамерлан Шадукаев

Нью-Делиде (Үндістан) күрес түрлерінен Азия чемпионаты өтіп жатыр. Алғаш болып бозкілемде грек-рим күрес шеберлері бақ сынады. 

Бақтияр Байсейітов жаттықтыратын Қазақстан командасы құрлық додасынан бес медаль жеңіп алып, жалпы есепте 136 ұпаймен үздік үштікке енді. Бұл бәсекеде 190 ұпай жинаған Иран құрамасы көш бастады. Ал екінші орынға  Өзбекстан балуандары (146 ұпай) жайғасты.

Қазақстандық балуандардың нәтижесі төмендегідей:

55 келі: Хорлан Жақанша - қола;
60 келі: Айдос Сұлтанғали - 5-ші орын;
63 келі: Ернұр Фидахметов - 5-ші орын;
67 келі: Әділхан Сатаев - 7-ші орын;
72 келі: Ибрагим Мамадов - күміс;
77 келі: Тамерлан Шадукаев - алтын;
82 келі: Евгений Поливадов - 5-ші орын;
87 келі: Азамат Күстібаев - қола;
97 келі: Әлімхан Сыздықов - 8-ші орын;
130 келі: Мансур Шадукаев - қола.

Айта кетейік, құрлық біріншілігі 23 ақпанға дейін жалғасады. Алда еркін күрестен және қыздар күресінен бәсекелер өтеді.

Азия чемпионатына қатысатын еркін күрес шеберлері:

57 келі: Нұрислам Санаев;
61 келі: Нұрболат Абдуалиев;
65 келі: Дәулет Ниязбеков;
70 келі: Мейіржан Әшіров;
74 келі: Данияр Қайсанов;
79 келі: Ғалымжан Өсербаев;
86 келі: Азамат Дәулетбеков;
92 келі: Илизхан Чилаев;
97 келі: Әлiшер Ерғали;
125 келі: Юсуп Батырмурзаев.

Құрлық біріншілігіне қатысатын бұрымды балуандар:

50 келі: Валентина Исламова – Брик;
53 келі: Татьяна Ахметова
55 келі: Марина Зуева;
57 келі: Алтынай Сатылған;
59 келі: Мәдина Бақбергенова;
62 келі: Аяулым Қасымова;
65 келі: Гаухар Мұқатай;
68 келі: Альбина Қайыргелдинова;
72 келі: Жамилә Бақбергенова;
76 келі: Эльмира Сыздықова.

Қуаныш Қаппас

Abai.kz

0 пікір