Жұма, 29 Наурыз 2024
2446 0 пікір 17 Ақпан, 2020 сағат 12:22

Сотталғандар Абай өлеңдерін жатқа оқыды

Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ЛА-155/18 мекемесі еліміздегі стандартқа сай салынған тергеу абақтысы. Мұнда негізінен камералық режим болғанымен, шаруашылық қызметтегі сотталғандар  мекемедегі шаруашылыққа қатысты сантехник, электрик, ағаш шебері, аспаздың көмекшісі, кітапханашы сияқты жұмыстарды атқарады. Бүгінгі таңда мекемеде 60-қа жуық шаруашылық қызметтегі сотталғандар жазасын өтеуде.

Олар жуырда ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына арналған әдеби-сазды кеш өткізді. Сотталғандардың патриоттық сезімін арттыру және олардың бойындағы шығармашылық дарындарын айқындау үшін ұйымдастырылған кештің  жазалы жандарды қалыпты өмірге тәрбиелеудегі ролі зор болды. Данышпан ақын Абайдың «Көзімнің қарасы» әнімен ашылған кеш көрермендерді бірден Абай әлеміне жетелеп әкетті. Абайдың өмірін ақынның сыршыл да мағыналы өлеңдерімен өрнектей отырып  баяндаған сотталғандардың өнері көңілден шықты. Кешті қазақ тілінде жүргізген Антон атты сотталғанның ақын кешіне мұқият дайындалғанына көрермендер риза болысты.

Абайдың қара сөздерінен үзінді оқып, Абай өлеңдеріне жазылған әндерден концерт берген сотталғандар әсіресе ақынның төртінші қара сөзіндегі "Шығар есігін таба алмай, уайым-қайғының ішіне кіріп алып, қамалып қалмақ, ол өзі де - бір антұрғандық» деген өсиетінен қуат алатындықтарын жеткізді.  Өмірде жаза басып, алтын уақыттарын темір торда өткізіп жүргендердің Абайдың «Адам баласы жылап туады, кейіп өледі. Екі ортада, бұ дүниенің рахатының кайда екенін білмей, бірін-бірі аңдып, біріне-бірі мақтанып, есіл өмірді ескерусіз, босқа, жарамсыз қылықпен, қор етіп өткізеді де, таусылған күнде бір күндік өмірді бар малына сатып алуға таба алмайды» деген сөздерінен зор сабақ алатындары айқын.

 «Сотталғандар арасында  Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың     «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы қызу талқыланып, Мемлекет басшысының Абайдың 175 жылдығы  аясында ауқымды іс-шаралар ұйымдастыру туралы айта келіп, «Бірақ мұның бәрі той тойлау үшін емес, ой-өрісімізді кеңейтіп, рухани тұрғыдан дамуымыз үшін өткізілмек» деген сөзі бәрімізге үлкен ой салды. Содан бастап біз Абай өлеңдерін жаттап, әндерін шырқап үйрендік»-дейді кешті жүргізуші Антон Дворцов.   

Гүлнәр Мағзұмова

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1567
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2261
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3551