Сенбі, 28 Наурыз 2020
46 - сөз 1322 0 пікір 14 Ақпан, 2020 сағат 11:30

«Ерекең шыншыл адам болатын»

Тарихшы, ғалым Ермұқан Бекмахановтың шәкірті Садыбай Исаевтың естелігінен:

1955 жылдан бастап Ерекең (Е.Бекмаханов) КазГУ-дің тарих факультетінде қазақ тарихынан дәріс бере бастады. Басқа ұстаздар сияқты лекциясын қағаздан оқып бермейтін. Аспай-саспай тақта алдында әрлі-берлі жүріп ауызша айта беретін. Ой жүйелері тізбектеліп кете беретін. Кейде үзіліс аралығында біздерге, қазақтарға: "Қашан өзіміздің ана тілімізде сөйлер екенбіз", — деп әзілдесіп қоятын.

Ерекең турашыл, шыншыл адам болатын; жағымпаздықты, мақтауды, өтірікті жек көретін. Әрбір студенттен саналы білімді қатаң талап ететін. Бір емтихан кезінде дайындығы нашар Ульман Алексей Ильич деген студент (ұлты еврей болатын, кейін ол 1982 жылы КазГУ-де істеді, тарих ғылымдарының кандидаты болды) өзінің дайынсыздығын бүркемелеп, емтиханнан құламау мақсатымен билеттегі сұраулардан ауытқып, Ерекеңнің өзін мақтай жөнелді. Ерекең оның дайын еместігін бірден сезіп: "Әй, Ульман, сен мені мақтауыңды қой, қойылған сұрақтарға нақтылы жауап бер, егер дайын болмасаң, соныңды айт, бірақ сенің еврейлік қылығыңның маған керегі жоқ", — деп емтиханды қабылдамай қойды.

28 қаңтар, 1992 ж.

Әсет Ақмолданың әлеуметтік желідегі жазбасынан

Abai.kz

0 пікір