Жұма, 29 Наурыз 2024
Қазақтың тілі 5270 13 пікір 13 Ақпан, 2020 сағат 13:26

Тілдік реформаға қарсылар мен жақтаушылар

Посткеңестік елдерде Орта Азия елдерінен басқасында «тілдік реформа» кең көлемді жүріп жатыр. Оның басты принципі орыс боданындағынан құтылған елдер өз тілдеріндегі русизм және интернационализм (жалған халықаралық термин аясындағы мәдени-гуманитарлық құлдануы сөзжасамынан тұратын) сөздерден құтылудың принциптерін қалыптастыра алды. Өзге тілдерден тікелей сөз қабылдауды жолға қоя білді. Қазекең болса, «тіліміз бай бәрін аударып аламыз» дегеннен жаңылмай келеді.

Ал, қазіргі қазақ тілінде орыс тілінен енген кәсіби-техникалық «варваризмдер» өте көп. Оларды, яғни, «русизмдерді» қазақша бейімдеп қолдануға шақырушылар көбіне күлкіге қалып жатады. Орысша жазып, орысша айтуды не болмаса, онсызда тілі бүлінген қазақ мүлдем ұқпайтын аударма жасау арқылы алмастыруды қалайтындардың қарасы да жетіп артылады. «Русизмнің» тағы бір тілдік зомбылығы орыс тілі арқылы қазақ тілінің табиғатына жат «интернационализм сөздер» туралы ешкім бас ауыртып жатқан жоқ. Өйткені қазақ тілі «Терминологиялық» азаттыққа, өзге тілдің сөзін өзіндік сан ғасырлық табиғи дыбысталуына бейімдеуге құлық танытпай отыр. 

Қазақ тілінде осы мәселеге қатысты қаңтардағы Ұлттық Кеңес отырсында Ел Президентінің аузынан «Қазақ тілін реформалап жатқандығымды тағы қайталап айтамын. Ұлт тағдыры үшін мұндай шешуші мәселеде атүстілікке, тисе терекке, тимесе бұтаққа деген секілді үстірттікке мүлде жол берілмейді» деген тезис шығысымен тілшілер қауымы қазақ тілді «қарсылар» мен орыс тілді «жақтаушылар» болып шыға келді. Осы мәселеге қатысты Н.Нұртазинаның «Реформа казахского языка. Какие принципы должны быть положены при оценке русизмов и интернационализмов?» атты мақаласын Абай кз оқырмандарына ұсынып отырмыз. Бұл орыс тілді қандасымыздың туған тілінің дамуына қатысты өзіндік жеке пікірі. 

«Таяу күндерде коронавирустың алдын алу шарасына қатысты теледидардан жергілікті жорналшылардың кейбірі медіитсіинәлық мәскені (қазіргі қолданыстағы: «медициналық масканы») қазақша «бетперде» деп атады. Бұл енді сөзбе-сөз «бет» – лицо, ал, «перде» – занавес, вуаль дегенді білдіреді.  Шындығында тілімізде «бетперде» деген сөз бар. Бұл сөздің шығу тегі өте бұлыңғыр, меніңше, кейінгі тілшілердің қиялына қанат бітіп сөздік қорға енгізгеніндей көрінеді (өйткені, адамның беті бізше – «жүз», қалған түркі тілдерінде – «йуз»).

Дәл осы жағдайда алдымызды мына бір сауал кес-кестейді: жер жүзі жаппай қолданатын латын негізді «mascus», ағылшыншасы  «mask» сөзін елден еректеніп неге аударып шәт-шәлекей боламыз? Шығыс мұсылман елдері де (әзербайжан, түрік, парсы және т.б.) «мәске» деген сөзді еуропа тілдерінен енген сөз ретінде өз сөздік қорларына қабылдап отыр. Оның үстіне бұл сөздің арғы тегі арабтың «maskarah» («масқарампаз») шыққан деген болжам да бар.

Ең бастысы қазақтың баласына дейін бұл сөзді «мәскі» немесе «мәскілер» деп айта алады. Әрі өзге жұрттың бәріне де ұғынықты.

Айтыңыздарды атауынан ат үркетін қолдан жасалған  «бет перде» сөзін кім қолданады? Әлбетте, бұндай сөз тілімізге кірігіп кете алмайды. «Перде» (парда) – бәріміз білеміз шымылдық дегенді білдіретін парсы сөзі. Дегенмен мәскі өзінің формасына қарай адам мен аң сипатында, ауыз, көз бен мұрынды тесіп те кәдеге жаратылады ғой? Мәскілер косметикалық, діни-ғұрыптық, жаңа жылдық (карнавалдық), сондай-ақ, тұмшалық (респираторлық) және басқада болып келеді емес пе?

Ең түсініктісі аталған термин өте сәтсіз «мәске» сөзінің кең ауқымды мағынасын еш бере алмайды. Дауым жоқ, «бетперде» сөзі «бетпердесін ашты» деген қолданысында «біреуді әшкере қылды» дегенді ұқтырады.  Бірақ басқа мағанада қолданған шақта, яғни, медіитсіинәлық мәскені білдірген кезде орынсыздықпен жұмасалады. Қайталап айтамын заманалық мәске сөзі бір ғана медіитсіинәлық мәскемен шектелмейді: бетке қорғаныш қана болмайды, әр де салады; түрлі формадағы материалдардан жасалады (оның ішінде гипстен жасалынатыны да бар).

Осыған байланысты ана тілімізге реформа жасау процесі кезінде белгілі бір русизм мен интернационализмдерді сол күйі сәл-пәл айтылымдық өзгерістермен сақтау мен мүлдем алмастыру кезінде айтылу мен қолайлылық факторын ескеруде, оның құлаққа жағымдылығы тіліміздің сөйлеу дағдысын бұзбауы керек.

Ашығын айтамын, отаршылар тілімізге зорлықпен енгізген жалған халықаралық терминдер мен русизмдер – ана тіліміз үшін ең даулы әрі өте зор тақырып. Осы сияқты «шақырылмаған қонақтарға» шынында да өзін ауыстыратын (мәселен, туысқан түркі, не болмаса, тұрпаты ала бөтен славян және  роман-герман тілдеріне қарағанда табиғаты ана тілімізге біртабан жақын араб-парсы тілдерінен) сәтті балама тыбылар. Сонымен бірге өзіміздің тілдік мүмкіндігіміз арқылы және түркілік лексикалық негізде сөз түзудің басқаша амал-тәсілдері мен тетіктері тамаша кәдеге жаратылауы да мүмкін.  

Бірақ бұл жағдайға бағынбайтын жайттар да бар екенін естен шығармайық. Сондықтан бұл мәселеге әр терминнің өздік ерекшелігін ескере отырып, екі шоқып, бір қараған абзал. Мәселен, ремонт, балкон, магазин, футбол, салон, кабинет, кабель сынды сөздер қазақтардың күнделікті өміріне сіңісіп кеткендіктен, фонтикалық айытылымы жағынан өзгеріске ұшыратаудың еш керегі жоқ, қайта қалай айтылып жазылса, сол күйінде қалғаны дұрыс. 

Шынайтауытында түрік пен араб тілдеріндегі ағылшын мен француз сөздері олардың дыбысталу ережесіне бейімделіп, өз сөздеріне айналып шыға келгендігін аңғара аламыз. Бізде өте дөкір неологизмдер мен интернационализмдер жетіп артылады, біз құлдық психологиядан арыла алмағандықтан оларды қазақтандыру мен түркілендіруден басымызды ала қашып қорқамыз. Сондықтан олар энциклопедия («инсиклапедиа» болуы керек, салыстыра қарасақ: ағылшынша айтылуы «инсайклапидиа»), экскаватор («икскауатар»), цирк («сирк») және т.б. бүгінгі күні құлаққа жат естіліп, ала бөтен бөгделік танытады. 

Сонымен бірге кірме терминдер, неологизмдерді бекітудің принциптері мен әдістемесі қайта қаралғаны ләзім. Егер бұрын жаңа сөздердің барлығы тек орыс тілі арқылы қабылданып келсе, ендігі жерде латындық түбір текке не болмаса, ағылшындық-француздық прототипке тікелей жүгінуіміз керек. Атап айтар болсақ, «интеллектуальный» күні бүгінге дейін «интеллектуалдық» деп аударып (орыстың «ный» қосымшасын «дық» деп тәржімалап) бөркімізді аспанға атамыз. Дегенмен бұл сөз ағылшын тілінде еш қосымшасыз сын есім ретінде intellectual деп дыбысталады емес пе?

Орыс сөзі мен дыбысы бізді құлданған шақта «ция» қосымшалы неологизмдерді тілімізде бітім-болмысы жат «Ц» дыбысталымы болмаса да өте көп қабылдадық. Шындығында атың өшкір «ция»-дан басы бүтін қашып құтылу үшін, ана тілімізде  «революция» деп сөзімізді сақалауландырмау үшін «револушн» немесе «риволусион» (түрік ағайындар осы терминді француз тілінен өзіне осылайша қабыдап отыр) деп айтатын кез келді. Бұл арада ешбір саясат та жоқ, белгілі бір тілге артықшылық та беріліп отырған жоқ, тек туған тіліміздің заңдылығы мен ережесіне құрмет білдірушілік пен сөз саптам ыңғайлығы таңдалынып алынып тұр. Ана тіліне сусындап өскен қазақ «Ц» жыбысын айта алмай жаны қиналады, бір қызарып, бір бозарады».

Түйін. «Тілдік реформа қазаққа керек пе, керек емес пе?» деген сауалға жауапты бірінші болып орыс тілді қандастарымыз «Әлбетте өте керек!» деп бере білді. Қазақи орта үнсіз. Неге???

«Русизм» мен қазақ тілінің табиғатына жат «интернационализм сөздер» ата-бабамыздан қалған мәдени-рухани мұра ма??? Одан біржола құтылудың жолы қалай???

Осы сауалдар – латынға көшудің алдында шешіп алуға тиіс басты ұлттық проблемамыз. Бұл мәселе шешімін табуы үшін қазақ кирил жазуы да 28 әріпке ықшамдалуы керек. Біз бұны шешпей латынға табысты көше алмаймыз.

Әбіл-Серік Әліакбар

Abai.kz

13 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2277
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3594