Жұма, 29 Наурыз 2024
Білгенге маржан 5284 12 пікір 11 Ақпан, 2020 сағат 14:30

Ш дыбысына қандай таңба алған тиімді?

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың латын графикасына негізделген жаңа қазақ тілі әліпбиін жетілдіру тапсырмасына орай ғалымдар арасында жұмыс жүргізілуде. Орал қаласының №40 ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Айнұр Сабырға тілшіміз жолығып жаңа әліпбиге байланысты Ш таңбасы туралы ойын білген болатын.

Ш дыбысын қалай таңбалаған тиімді . Ғалым емес қарапайым ұстаз ретінде көзқарасыңызды білдірсеңіз?

-Латыннегізді жаңа әліпбидің соңғы үшінші нұсқасы қабылданғалы жаппай жазуды бастап та кеткенбіз. Жалпыхалықтық диктанттан бастап, көше мен елді-мекен атаулары, жарнама, «Мектепалды даярлық» тобына арналған оқу құралдары латынмен жазылып, тіпті алдымыз курстарды да тәмамдап алдық. Асығыстау болса да, осы жазып-сызғанымыздың арқасында осы нұсқаның «піспеген», толықтыруды қажет ететін тұстарын да көріп, естіп жатырмыз. Жазып келе жатып, кейбір дыбыстардың үстіне ноқат салып отыру біріншіден - уақытты алса, екіншіден қайта-қайта тоқтап, «ақсақтың» күнін кешіп отырғандай боламыз. Мен сол кедергілердің ішінде ш дыбысына тоқталдым. Ш дыбысы ағылшынға еліктеп, Sh қосарлы таңбамен берілді. Ал ол кейбір сөздерімізді оқуда қиындық келтіріп отыр. Ол туралы жазушы Тұрдақын Жексенбай: «Ал енді жаңа редакцияда екі дыбыстың «sh» [ш] және «ch» [ч] диграфтарымен таңбалануы әлі де ойлануды керек ететін сияқты. Олай дейтініміз, біріншіден, [ш] дыбысы мен әрпі тілімізде жиі қолданылады. 2013 жылы Тіл білімі институты шығарған «Қазақ сөздігінде» «ш» әрпінен басталатын 7000-дай сөз бар. Оның үстіне бұл әріп сөздің ішінде де, соңында да келе береді. Сондықтан «sh» диграфының мәтіннің көлемін ұлғайтып, жазу уақытын да ұзартып жіберетін қолайсыздығы бар. Мысалы, «Шашу шаш» деп 7 әріппен жазып жүрген сөйлемді «sh» диграфы бойынша «Shashý shash» деп 11 әріппен жазады екенбіз. Екіншіден, «sh» диграфының құрамындағы «s», «h» таңбаларының кей сөздерде дәл осындай түрде тоқайласатыны және бар. Бұл жағдай ол сөздерді бұзып оқуға әкеп соғады. Мысалы, Шыңғысхан есімі мен дәрісхана, асхана сөздерін бұл диграфпен Shyńǵyshan, dárishana, ashana деп жазамыз. Оларды жұрт Шыңғышан, дәрішана, ашана деп оқуы мүмкін ғой. Жеңісхан, Досхан, Әуесхан, Күмісхан, Күлісхан сияқты адам аттары да осы күйге ұшырайды. 

Диагаф қиын, оқылуда қиындық тудырды. Ол дәлелденді. Енді аукт па, әлде? Сіздің ойыңыз? 

-Сондықтан [ш] дыбысын «sh» диграфымен емес, жоғарыдағыдай, төбесіне акутка қойған «Śś» әрпімен таңбалаған дұрыс болар» - деп акут таңбасын мақұлдайды. Ал  Шерубай Құрманбайұлы: «Sh sh, Сh ch қос таңбаларымен берілген дыбыстарды Шш – Ş ş, Чч – Сс (Ç,ç /Č č ) түрінде өрнектеуге болды. Біз төл дыбыстарымызды бейнелейтін осы айналдырған бес-алты таңбаның тағдырын тәлкекке салудың негізі бар деп санамаймыз. Тек келісіп-кеңесіп, ортақ шешімге келу арқылы көп таңбаның арасынан бізге тиімдісін таңдап алу керек,» – дей келе, ең дұрысы  деп – диакритикалық және орфографиялық, фонетикалық таңбаларды әріптердің асты-үстіне қойып үтір-нүкте, тәж-доғалар мен сызықша-имектерді көбейтпей, әліпбиміздегі кірме дыбыстарды таңбалайтын әріптерден арылып, оны 28 таңбаға дейін ықшамдап, бос қалған латын таңбаларын немесе Ƞ ŋ, яки түріктің Ş ş әрпі сияқты диакритикасыз тұтас таңбаларды пайдалануды меңзеген. Ғалымның бұл пікірімен келісуге болады, өйткені жазуға да оқуға да, түрлі ІТ құралдарында қолдануға да қолайлы. Жыпырлап көзге қолайсыз көрінетін қосымша таңбалар мүлде болмаса немесе неғұрлым аз болса, соғұрлым әліпби оқып-жазуға икемделіп, оның қолданбалылық сипаты, практикалық құндылығы арта түсетінін ескертеді.

Дұрыс делік.  Қандай технологиялық ұстанымдарға тоқталуға негіз бар?

-Сонымен қатар, Бижомарт Қапалбек те ІТ құралдарында қолдануға қолайлығы жөнінде «Қазақтың жаңа әліпбиіне негіз болатын сипырлы төрт нұсқаның (Қазақ – 28, Ағылшын – 26, Кириллица – 42, Түркі – 34) ішінен төл 28-ді таңдап, оны пернетақтадағы 26-ға қалай сыйдыру бүгінгі күннің басты мәселесі екені анық. 28 төл дыбысты бейнелеуге лайық латынның 19 таңбасын жоба ұсынғандардың барлығы қолдайды.

Мына 9 дыбысқа келгенде ұстаным әртүрлі Ә, Ө, Ұ, Ү, І, Ғ, Ш, Ң, У. Мәселен, «Ә» дыбысын А, Ä, Аһ, A', Ә – деп бес түрлі белгілейді. Ал «Ң» дыбысын Ń, Hh, Ň, Ņ ŋ – деп төрт түрлі белгілейді. «Ш» дыбысын С, Ş, W, Ś, Sh – деп бес түрлі белгілейді жәнет.б. Тоғызының да төрт – бестен таңбасы бар» - деп, ш дыбысының Ş диакретикалық таңба нұсқасын да көрсетеді.

Ғалымдардың зерттеулерін зерделей отырып, қолданыста да ыңғайлы болатын нұсқасы деп ш дыбысының Ş ноқаты төменге қойылған нұсқасын ұсынамын. Осыған дейін кирилде қолданып жүргеніміздей, үстіне таңба қойылатын і, й дыбыстарын жазғаннан төменге «құйрық» жалғап жүрген ң, щ таңбаларын жазу анағұрлым жеңілдеу. Сондықтан ш дыбысын осы таңбамен (Ş) белгілегеніміз жөн болар.  

-Рахмет. 

Ізденістен туындайтын жаңалықтар ғана латыннегізді жаңа қазақ әліпби  таңбаларына дұрыс таңба таңдауға жол ашады. Ғалым мен ұстаз және пайдаланушы бір шешімге тоқтағанда жазудың ыдырамайтын негізі қаланады. Олай болса, іске сәт.

Abai.kz

12 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1576
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2272
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3590